ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІ

2019 жылдың 8-9 қаңтарында Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша қазақ күресінен чемпионат өтті.

Шаршы алаңға мол тәжірибелі, ең күштілер жиналды. Біздің ереймендік палуандар да өз білігі мен күшін сынап көрді. Жарыс қорытындысы бойынша, Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Нұрхан Бейбітов пен Владимир Засыпкин 38 келілік салмақта 3 орынға, 55 келілік салмақта Әрсен Тілеубаев 1 орынға ие болды. Бапкердің үміті ақталғаның жүлделі орынға ие болған палуандар арқылы көре аламыз. Жаңа жылды сәтімен бастаған спортшыларымызға алдағы жарыстарда жүлделі орынға ие болуын тілейміз.

«Ерейменнің» өз ақпараты

Отправить ответ

avatar
  Подписаться  
Уведомление о