КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САРБАЗ

Ауғанстанда интернационалдық парызын адал өткерген тағы бір жауынгеріміз – кешегі кеңес армиясының запастағы сержанты Болатхан Смаханұлы Рамазанов.

Жаратылысынан әңгімеге сараң жанның сауалнама дерегі де қарапайым, жауабы да қысқа болып шықты. Ауыл еңбеккерінің отбасында дүниеге келген. Усанбай сегізжылдық мектебін бітірген. Онжылдықты Ерейментауда №3 орта мектепте тәмамдаған. Туған жерінде қысқа уақыт еңбекке араласқан. Өздігінен мамандық алуға ықылас танытқан. 1980 жылы автомектеп қабырғасында қысқамерзімдік курсты аяқтаған. Көлік жүргізушісі куәлігін алып шыққан.

Күзгі шақырылыммен әскер қатарына алынғанда Ерейменнен өзімен бірге жеті жігіт жолға шығыпты. Иә, тепсе темір үзетін, комиссия тексерісінен әскери қызметке жарамдылық анықтамасын қолына алған өрімдей азаматтарға алда не күтіп тұрғаны беймәлім еді. Алыс шет елден де маза кеткен уақыт. Түркмен КСР-ының астанасы Ашхабадқа жеткізілген, іле 2 желтоқсанда әскери ант қабылдаған болашақ сарбаздарды жан-жаққа тарата бастаған сәт. Бұл жерде жаңадан келгендерді қызметке бөлгенде азаматтық мамандығы ескерілетіні заңдылық. Бірыңғай жүргізушілер енген топ екі ротаны толықтырыпты. Желтоқсанның соңында бәрі Термез арқылы Ауғанстанға жол тартқан. Мұрат Салықовқа Файзабад өңірі, Болатханға целиноградтық отандастарымен бірге Саманген провинциясы бұйырыпты. Aры қарай оқу

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ

Күншалған орта мектебіндегі шағын орталық 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңағы уақыт аралығында елді мекендегі талай бүлдіршін осы білім-тәрбие ордасынан бастауыш буынға жолдама алды.

Қазіргі таңда 2-3 жастағы сәбилер тобы мен 4-5 жастағы орташа топқа жалпы 25 өрен тіркелген.

Ұлттық нақышта көркем безендірілген, баланың жас шамасына лайықты жиһазбен жабдықталған жылы да жайлы бөлмеде ұл-мен қыз асыр салып ойнап жүр. Ойыншығы да, баланың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтетін көрнекіліктер де, аудандық оқу бөлімі арқылы жеткілікті алдырылған. Арнаулы орта білімді тәрбиеші апайлар Нұрбану Долдақызы, Шынар Таханова, көмекшілері Бота Жақина, Гүлбақ Мырзабек ауысыммен жарты күннен жұмыс жүргізеді.

Белгілі уақыт аралығында тиісті әдістемеге негізделген күнделікті сабақ оқытылады. Ана тілін дамытуға, айналаны танытуға ден қойылған оқу жүйесі тиісті жолға қойылған.. Табиғат мүйісі, көрнекі стенд баланың туған жерге сүйіспеншілік сезіміне, білімге ұмтылыс пен қызығушылық ниетін шыңдай түседі. Ойға алынған істің бәрі «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында баланың бастапқы қабілет-бейімін, ұстамын қалыптастыруды, мектепке даярлауды негізге алатын қадам.

Мекеменің жұмысына, әсіресе кішкентайының бал тілін, өнерге бейімін бірлесе қызықтауға ата-аналардың да ықылас-ризашылығы шексіз. Ауылдастар мерекелік шара өткізіліміне ұдайы жомарт пейілмен демеушілік көмек қолын созады. «Ынтымақты елге бақ қонар» дегендей, көпшіліктің бірлігі жарасқан ортаның ұрпақ тәрбиесіне берері де мол, келешегіне қалайтын негізі де мықты болмақ.

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

 

«ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

Апта бойы мәдени-ағарту мекемелерінде әскери-патриоттық, танымдық-тағылымдық сипаттағы шара ұйымдастырылды. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан сарбаздарымызды шаршы топта құрметтедік, естелік-әңгімесіне құлақ түрдік, қиындық пен қауіп-қатерге толы онжылдық жорық жолына үңілдік.

Күншалған орта мектебі де жаңағы игі істі сәтімен жалғастырды. Түпкі бағыты көзбе-көз әңгіме-конференция үлгісіне негізделді. Бастама иесі – білім ордасының жетекшісі, білікті ұстаз Ораз Сетаев. Шараның ұйымдастырылуына септескен тәрбие жұмысы бойынша орынбасар Гүлмира Сағымбаева.

Кешіміздің құрметті қонағы Қамит Өмірзақовтың әсерлі де маңызды естелігі мен өнегелі ғұмырнамасынан, қаруластар жайындағы әңгімесінен мол тағылым алдық, терең ой құшағына берілдік. 1978 жылдың күзінде әскерге алынған, келесі жылдың 25 желтоқсанында алыс елге табан тіреген сарбаз туған үйінің босағасын аман аттағаны үшін өзін бақытты сезінеді, әрбір таңда мың мәрте шүкірлік етеді. Әсіресе ауған халқының өмірі, жігіттердің ерен ерлігі, «За отвагу» медалінің берілген себебі, түрлі эпизодтар бәрімізді қызықтырды. Кездейсоқ мина жарылысы, қиян-кескі айқас, ішкі сыры беймәлім жота-шатқал – бәрі-бәрі адам өміріне қатер төндіретін сындарлы сәт. Жауынгер жерлесіміздің де басқа түскен қиындықты жеңе білгеніне, кешегі майдангердің ұрпағы ретінде әкенің ерлік дәстүріне, әскери антқа адалдық танытқанына таңдандық. Жат елде қапыда мерт болған қарулас боздақтарды метроном үнімен бір минөт үнсіз еске түсірдік. Aры қарай оқу

ҰМЫТЫЛМАЙ

Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің әдет-ғұрып бөлмесінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған айлық пердесі салтанатты жағдайда ашылды.
Бүгінгі жүздесуіміз – мерзімі жағынан екінші жаһан соғысынан екі есе асып түскен осы бір шежірелі де қаралы кезеңге қатысы бар жандарды әспеттеудің нышаны. Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов жиынды құттықтау лебізімен ашты. Интернационалдық парызын өтей жүріп, жат елде жанын қиған боздақтар үнсіздік минөтімен еске түсірілді.
Бұл соғыс жайында ұзақ уақыт сыр айтылмады, Батырлар мен қаһармандарға қатысты ақиқат құпия ұсталды. Ізінше бәрі қаралы, жарқын да айбынды өлең-ән шумағына негіз болып жатты. Тыл және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин біздің сарбаздарымызды мақтаныш сезімімен атап өтті.
Интернационалист-жауынгер жерлестеріміз Мұрат Салықов, Ғабидолла Әубәкіров, Жамбыл Ахметов, Владимир Андреас, Қадыр Баймұқанов, Александр Житин, Борис Измаилов, Андрей Карасов, Олег Коваленко, Юрий Лыков, Аманғали Мұстафин, Рамазан Смағұлов, Серік Өмірзақов, Юрий Парфенов, Яков Семеняк, Юрий Семченко, Александр Сидоренко, Қамит Өмірзақов, Юрий Ушаков, Николай Шестаков, Юрий Янков жастармен кездесуге шақырылды.
Қонақтар жастарға өткен кезең естелігін баяндап берді.
Бұл ұмытылмайтын тарих. Уақыт алға жылжыса да, оқиғасы адамзат санасында мәңгі сақтала береді. Өйткені әрбір парағы боздақтың қанымен, ананың көз жасымен көмкерілген. Әкесіз қалған баланың, айқас алаңында болған сарбаздың санасында сақтала бермек.
Жастардың ресурстық орталығының директоры Зарина Хабибулина жарияланған айлық шеңберіндегі шаралар жоспарына тоқталды.
Кездесуді аудандық мәдениет үйінің қолдауымен аудандық білім бөлімі, жастардың ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Людмила МАРКОВА.

«ҚАЙСАРЛЫҚ ПЕН ҚАСІРЕТ ТЕҢ ҰШТАСҚАН»

«Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?»
(Қазақстан Республикасының Президенті Нұсұлтан НАЗАРБАЕВ).
1979-1989 жылғы кезең тарихы дәл осындай ақтаңдағымен ел есінде қалды. Ол – кеңес әскерінің шектеулі тобының Ауғанстан жеріне алғаш енгізілген және біржола шығарылған замана нәубеті.
Уақыт өлшемімен «ыстық нүкте» атанған, мызғымас Одақтың айбынды армиясы бейбіт тыныштығын сақтауға мақсат қойған, он бес республиканың солдаттары мен офицерлері жұдырықтай жұмыла туысқандық көмегін ұсынған алыс шет ел өмірі, құрбандар жайындағы нақты ақиқаты толық сипаттала қоймайтын. Иә, біздің қазақстандық жігіттердің де ата-баба ерлігіне, әскери антқа адалдық танытқаны әмбеге аян. Оны мақтан тұтуға толық хақымыз баршылық.
Осы айтулы оқиғаның 30 жылдығына орай Перуаш Кәрімұлы атындағы Малтабар орта мектебіне, әскери-патриоттық тәрбие сағатына жиылдық.
Білім ордасының ұжымы құрметті қонақтарды: интернационалист-жауынгерлер Есен Хасеновты, Аманғали Мұстафинді, Мұрат Салықовты, Қайыркен Елешовты, Марат Көпеновты ыстық ықыласпен қарсы алды. Омырауын Үкімет марапаты, мерейтойлық медаль көмкерген запастағы қайсар да батыл әрбір сарбаз қай жылы әскерге алынғаны, қанша уақыт қызметте болғаны жайында әңгімеледі. Айқас эпизодтары қамтылған, соғыс әуендерімен көмкерілген бейнекөрініс баршаның жүрегін елжіретті, уақыт оқиғасын көзге анық елестетті. Aры қарай оқу

«НҰРШУАҚТЫҢ» КЕЛЕШЕГІ БАЯНДЫ

Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінде «НҰРШУАҚ» отбасы клубы өз пердесін айқара ашты. Бастама иесі – аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қатима Әубәкірова мен білім ордасының әкімшілігі
«Отбасы – өмір аясы» ұранын ту еткен, құрамына 8-11 сынып оқушылары топтастырылған жаңа ұйымның жұмысы жалпы жеті бағытты қамтиды. Ежелден жеті санын қасиеттеген қазекемнің игі дәстүр сабақтастығы ғасырлар бойы өз жалғасын тауып келеді. Заманауи технология қарыштап дамыған кезеңде, өзіміз жаһандану атандырған бүгінгі таңда ұлттық дәстүрімізге, тұрмыс салтымызға, төл кәсібімізге, деніміздің саулығына бір сәт көңіл қоюдың мәні зор. Күншалған орта мектебінде құрылған «Ғибрат» әжелер клубын өнеге ретінде атауымыздың жөні баршылық.
Құрметті қонақтарымыз: аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов, көпті көрген ана Сәуле Сәденова лента қию рәсімін жүргізді, көшбасшылар мен ұйымдастырушыларға ізгі лебізін арнады. Осы ұйымның аясында өсіп-өнетін, үлкендерден тәлім көретін ұл-қызға баянды бақ, елі мақтан тұтатын білімді, зерделі, ізетті, кішіпейіл тұлға болуын тіледі. Aры қарай оқу

«МЕКТЕП ҮНІ» – ТӨЛ ТУЫНДЫ

Ажы мектебінің ұстаздар ұжымының бастамасымен, атауы латын графикасымен кескінделген «Мектеп үні» басылымының алғашқы саны биылғы жылдың 21 қаңтарында оқырманына жол тартты.
Компьютерлік әдіспен беттелген, түрлі-түсті принтермен шығарылған А4 көлемді шағын газеттің алғашқы беті «Рухани жаңғыру» эмблемасымен көмкерілген. Елбасының «Болашақ – білімді жастар қолында» деген қағидасы эпиграф ретінде алынған.
Бірінші бетінде Нью-Йорк қаласынан келген Оксана Антонюкпен кездесу сәті сипатталған. Қонағымыздың әкесі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Михаил Антонюк кезінде қазақ ауылдарының тұрмыс тіршілігін қылқаламға арқау еткен. Ажы ауылында да болған деседі. Әсіресе «Апа» бейнесі кескінделген, Оксананың қолында сақталып келген суреттің кейіпкері ажылық Бәткен апа екені бертін белгілі болды.
«Ер қанаты- ат» дегендей, келесі беті қасиетті жылқы түлігін баптап-үйрету тәсіліне арналған, жылқы малының жас шамасына қарай аталу реті жайлы анықтама берілген. Жалпы атбегіліктің денсаулыққа берер пайдасы жайында кеңесшілік сипатта қызғылықты баяндалған. Жергілікті ақын ініміз Тухан Нұрболдың туған жерге арнаған төл шығармасы, жас шабандоздарымыздың жабағы-тай үйреткен сәті, түрлі-түсті суреттері көркімен көз тартады. «ОЙЛАН, ТАП» атауын иеленген соңғы беті баланың тапқырлығын сынайтын, ойлау қабілетін шыңдайтын сканворд, ребуспен көмкерілген.
Балапан басылымның әлі де буыны бекіп, қанаты қатаятынына, ұстаздардың жетекшілігімен шәкірттердің қаламының ұшталатынына, бірлескен еңбегінің нәтиже беретініне үміттіміз, тілектестік ниетіміз осындай. Кеше осы өңірде жасап өткен айтулы қаламгерлеріміз Зейін Шашкиннің, Аллажар Теміржановтың, көпке белгілі «Ажы вальсінің» авторы Зекебай Солтанбаевтың, бүгінгі айтыс ақындарының лайықты ізбасарлары шығармашылық қадамын осы шағын газет арқылы шыңдай түсетініне көзіміз анық жетеді. Ендеше сәт сапар тілейік!
«Мектеп үні» жергілікті жерде айына екі мәрте жарық көретін болады.

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

МУЗЕЙДЕГІ КЕЗДЕСУ

Аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері Бөгенбай атындағы тарихи-өлкетану музейіне шақырылды. Бастама иелері – тыл және еңбек ардагерлерінің аудандық, қалалық кеңесінің жетекшілері Төлеген Әбдин, Қарашаш Қалқаманова.
Мекеме директоры Ләззат Түгелбаева қонақтарға ыстық ықылас танытты, әрбір бөлмені аралатып көрсетті. Құнды көне жәдігерлерге баршасы қызығушылықпен назар аударды. Ғылыми қызметкер Манап Әдірешев XVIII ғасырда туған жерді жоңғар шапқыншылығынан қорғаған батырларды таныстырды. Әйгілі қолбасшы, стратег, дипломат, аты аңызға айналған Ақша батыр ұлы Бөгенбай батырдың өмір тарихына, үзеңгілестеріне, ұрпақтарына жеке-жеке тоқталды. Олжабай батыр жайындағы деректер де тартымдылығымен ерекшеленеді. Халықты имандылыққа жетелеген көрнекі дін қайраткерлері, Ерейменнің киелі орындары толық сипатталды. Ұлы Отан соғысында ел қорғаған майдангерлерді, қазық қағып, жаңа орынға қала салған алғашқы құрылысшыларды, көрнекі тұлғаларды, қаламгерлерді таныстырды. Әрбір әңгіме тарих дерегінен мол сыр шертетін карта-сызба, фотосурет, ежелгі қару, көне бұйым көрсетілімімен пысықталды. Жиналған қонақтар Ереймен тарихы қайнарынан мол сусындады, тарихи оқиғаларды бір сәт үнсіз ой елегінен өткізді. Aры қарай оқу

ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕНІМІ – БАСТЫ ҚАҒИДА

Өткен аптаның соңында Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінің концерт залында мәдениет қызметкерлері өзара кеңесуге жиналды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайлау Жылқыбаев төрағалық жүргізген, сала жетекшісі Абай Әлжанов шақырылған басқосу Елбасының Рухани жаңғыру, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжатына негізделді. Шаршы топқа сала қызметкерлері, қоғамдық бірлестік өкілдері, еңбек ардагерлері келді.
Салтанатты бөлім басталар алдында фойеде тақырып негізіндегі көрме безендірілді.

dav

Аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов көпшілікке жылы лебізін арнады. Ізінше Мемлекет басшысының бағдарламалық құжатында межеленген тапсырманы орындауды көздеген барлық саланың құптарлық жұмысын атап өтті. Қала, аудан, облыс көлеміндегі шаралардың бәріне белсене үн қосқандары үшін алғыс айтты. Aры қарай оқу

АНТҚА АДАЛ, САЛТҚА БЕРІК САРБАЗЫМ

Интернационалист-жауынгер Рамазан Смағұлов – Еңбек ауылының тумасы. Павловка орта мектебінің түлегі. Білімін келешекте еліне арнауды көздеген талапкер жас жігіт 1977 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының механизация факультетіне оқуға түсті.
Келесі жылдың мамырында қалалық әскери комиссариаттан шақыру қағазы келді. Бұл көршілес Ауғанстан елінде апрель революциясы жаңа-жаңа бас көтере бастаған аласапыран, беймаза кезең еді Сарбаз 1979 жылдың желтоқсанында Алматы полкінің құрамында Түркістан әскери округіне ауыстырылды. Іле Н. әскери бригадасының танк батальонына жіберілді. Сонымен әскери-әуе десанты, барлаушы, сапер, артилллерия дивизионы біріктірілген 66-десант штурм бригадасы құрылды. Осылайша екінші танк батальонына қарасты танк взводының сержант шеніндегі командирі ретінде Отаннан шет жерде әскери қызметін атқарды.
Таулы-қыратты өңірмен Мазари-Шариф төңірегінен Пәкстан шекарасына дейін қанша шақырым жолды еңсергені айтуға ғана оңай. Танк өте алмайтын таулы асудан доңғалақты көлікпен өтуге тура келеді. Бір-бірін өзара алмастырған, Кундуз, Файзабад, Кандагар, Нахрин, Кабул, Жалалабад, Агадабад аймағы арқылы сапар шеккен топтың керуен жолы ешқашан тақтайдай тегіс, сапары сәтті, жан баласы үшін қауіп-қатерсіз болып көрген емес. Жол торыған қарсылас топтың қапылыста оқ жұмсайтыны, әлде жан-жақтан қоршауға алатыны, әлде тосыннан мина жарылатыны заңды құбылыс. Шатқал-өткелдерде жылжыған колоннаның әуелі алдыңғы, ізінше соңғы көлік иесі бірінші оққа ұшатыны, ізінше ортасындағы сапарластар ажал құшатыны -дұшпандардың алдын-ала ойластырған тактика-жоспары, айла-тәсілі деседі. Рамазанға да бірде өз тобымен Асадабад провинциясының тұсындағы Кунар шатқалында пуштундармен бетпе-бет айқасудың орайы келген. Бес қаруласы қапыда көз жұмды. Ал белден тиген оқ кейіпкеріміздің бүйрегін зақымдаған. Дереу тікұшақпен Жалалабад арқылы Витебск десант дивизиясының дала госпиталіне емге жеткізілген. Aры қарай оқу