ПАРТИЯ ТҰРМЫСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
СҰРАҢЫЗ – ЖАУАП БЕРЕМІЗ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Заңгер кеңес береді» республикалық акциясы өтті. Ақмола облысы әділет департаментінің Ерейментау аудандық әділет басқармасының бастығы Данагүл Мұқышева, нотариус Эльмира Өмірбай азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша қабылдады.

Атылмыш акцияның негізгі мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсетуге, азаматтық сана-сезімі мен жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған.

Aры қарай оқу

ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ ЖҮРУДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың төрағалығымен өткен жиынға қала әкімі, мектеп директорлары қатысты.

Көктем мезгілі басталысымен қаланы көркейтуге ерекше мән беріледі. Әрбір тұрғын ауланы таза ұстау және оны күл-қоқыстан тазарту арқылы айналаға ерекше сән берілетінін жақсы біледі. Бүгінде аудан бойынша абаттандыру, көгалдандыру негізінде көктемгі тазалық айлығы науқаны жүруде. Aры қарай оқу

ЖАСТАР ЖӘНЕ САЯСАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
ЖАЙДАРМАН – ӘЗІЛ МЕН КҮЛКІ ОРТАСЫ

Көктем басталысымен аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сәйкес ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көңілділер мен тапқырлар клубының ойындары өтеді. Баршамызға мәлім, аталмыш сайыста Малтабар ОМ «ЭКСПОстан», Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ «БМБ», №2 орта мектеп-лицейінің «Чемпиондар», №4 ОМ «Шалақазақтар», Новомарковка ОМ «Жасstar», Торғай ОМ «Торғайstar» командалары өзара бақ сынасты.

Аталмыш ойындар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар – болашаққа жолдама» жалпыға ортақ тақырыпқа байланысты өтеді. Мақсаты – жастарды біріктіру, патриотизмге тәрбиелеу, түрлі ұжымдармен қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу.

Aры қарай оқу

БАСШЫНЫҢ БІР АЙТАРЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

ОЛАР ДА ОҚУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аудан орталығында жұмыс істеп жатқан жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі, мектептен тыс мекемелерден бөлек, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті де қызмет атқаруда. Негізгі жұмыс бағыты денсаулығы сыр берген, ерекше санаттағы балаларды өмірге бейімдеуге, жеке оқытуға, жетілдіруге арналған. Орталық меңгерушісінің міндетін атқарушысы әрі  жоғары білімді педагог-психолог Арай Шахатова жалпы іс-тірлік жайында бізді қызықтырған тақырып аясында ақпар ұсынды.

Мекемеңіздің қызмет бағдары қандай? Бүгінде тәрбиеге қабылданған жалпы бала саны қанша?

– Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 «Білім беруді аса қажет ететін балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы» Заңына сәйкес, Ақмола облысының аудандарында 2004 жылы 6 коррекциялық кабинет ашылды. Ол кезде логопед, дефектолог  мамандардың кім және не екенін көбі білмейтін және аудан бойынша бұл мамандықтар жоқ болатын. Балалардың көбі біздің мекемеге келуі қажет еді, ал қазір, бұл кәсіп иелері жайында  кез келген тұлға хабардар, бүгінгі күні салалас 16 мекеме іске қосылған.

Aры қарай оқу

СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

(Қызыкен Қабдыуәлиқызына)

Аспаннан күн күлімдеп нұрын шашқан,

Бүгін той сегіз онның белін басқан.

Балалар аса үлкен той жасады,

Құттықтап туыс- туған шашу шашқан.

Көзіне кешегідей елестейді,

Сексен жас қилы ғажап белестері.

Балалық , бойжеткеннен, әже болған,

Жастарға үлгі болар кеңестері.

Шапайда туып өскен түлегісіз,

Aры қарай оқу

АУЫЛДА ДА ДҮБІРЛІ МЕРЕКЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
ДОСТЫҚТЫҢ ІРГЕСІ НЫҚ, УЫҒЫ БЕКЕМ

Алдағы айдың алғашқы онкүндігі мемлекеттік мерекеге, айтулы даталарға өте бай. Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні тұтас елмен бірге тойланбақ.

Бұл күні аудан орталығында мерекелік шеру, ынтымақ-бірлігін жарастырған ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тағам көрінісі жоспарланған. Ауыл халқы да тиісті жоспарына сәйкес көтеріңкі көңіл-күймен, ізгі ниетпен әрбір мейрамды бірлесе атап өтеді. Заманауи байланыс желісі арқылы бізге алдын-ала жеткен ақпарға үңілсек – бәрінің даярлығы өз деңгейінде. Енді оған бір сәт зер салып көрейік:

Ақсуат ауылдық округінің әкімдігі өңір әкімінің міндетін атқарушы Жібек Ыдырысованың басшылығымен үстел теннисі мен волейболдан жарыс өткізеді. Епті де білекті ауылдастар бұқаралық спортты, саламатты өмір салтын насихаттамақ. Ұйымдық мәселені спорт әдіскері Қазбек Кучкарев өз міндетіне алады. Сонымен мерекелік демалысқа, әуесқой спортшыларды ойын алаңына біріктіруге негізделген шара ұйымдастырылады.! Aры қарай оқу

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯДАН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Осы аптада қаламыздың «Жігер» стадионы аймағында «Ағаш тарту ет» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға бүкіл еңбек ұжымдарына қоса, зейнеткерлер де үн қосты.

Жұртшылық өкілдері бір күннің ішінде келешек ұрпаққа құнды мұра – жасыл желек қалдырды. Атап айтқанда жалпы 1200 түп бөз бен шие көшеті отырғызылды. Оны «Зеленстрой» мекемесінен жеке кәсіпкер Юрий Адайкин жеткізіп берді.
Aры қарай оқу

АҒА БУЫННЫҢ ЛЕБІЗІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
Расында да солай. Бұл қағиданың ақиқаттығына өз басым мектеп қабырғасынан бастап бүкіл ғұмырымда көзімді анық жеткіздім. Бала күнімде Благодат мектеп-интернатында жергілікті ұлт өкілдеріне қоса орыс, украин, неміс ұлтының оқушыларымен сабақты қатар оқыдым. Ер балалар тынығатын бөлмеде бірге қонған, бертін мәртебелі лауазымға – Қазақ КСР-ының байланыс министрі дәрежесіне көтерілген Сәбит Байжанов әлі күнге дейін есімде қалды. Мен ол уақытта бесінші, Сәбит оныншы сыныпта оқыған болатын. Жас айырмашылығымыз айтарлықтай болса да, жақын аға-інідей сыйластық.
Aры қарай оқу

ЖАҢА НАУҚАН ҚАРСАҢЫНДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жылда көктемде алқапқа көз салған сәтте бусанған жер исін сезінген, бозторғай үніне құлақ түрген «Глория» шаруа қожалығының басшысы Сергей Рыбалко егістік алаңының үлестірілім ретіне, түсім молшылығы үшін қандай техника мен технологияны қолдануға болатынына жіті мән береді. Ауылдасымыз қыстың ұзақ түнінде де осы мәселені ойластырумен жүреді.

Сергей Васильевичпен әңгімеміз жер баптаудың пысықталған тәсіліне, көкөніс шаруашылығының қалыптасуына, материалдық-техникалық әлеует болашағына, ауа райы болжамы мен әрі қарай өркендеу жоспарына арналды. Aры қарай оқу

ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Сайлау Байболсынның туғанына 60 жас толуына орай Бозтал орта мектебінің кітапханашысы әдеби кеш өткізді.

Биыл аудан орталығында мерейтойы кең көлемде аталып өткен автордың өмірбаянына, шығармаларына, әсіресе «Ерейментау» атты тарихи- танымдық кітабына көп көңіл бөлінді, жүлделері туралы мағлұмат берілді. Aры қарай оқу