АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫНАН

Аудан әкімдігінің жиналыс залында депутат Қанат Масұғұттың төрағалығымен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың, аудандық мәслихат депутаттарының, бөлім, кәсіпорын, мекеме, үкіметтік емес ұйым, баспасөз басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың ХХІІІ кезектен тыс сессия отырысы өтті.

Күн тәртібінде қарауға, шешуге келесідей мәселелер ұсынылды: Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылдың 22 желтоқсанындағы «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы; Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмысқа, қоныстануға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға арнаоған комиссияның дербес құрамын бекіту туралы; Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылдың 17 вақпанындағы «Ерейментау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Экономика және қаржы бөлімінің бастығы Амантай Хасенов алғашқы екі мәселе бойынша ақпарат ұсынды. Осы мәселе негезінде депутаттардың ұсыныс-ескертуі ойға алынған тиісті шешім қабылданды. Соңғы мәселенің қаралымы депутаттардың ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың келесі сессия отырысына қалдырылды.

«Ерейменнің» өз ақпараты.