ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Сайлау Байболсынның туғанына 60 жас толуына орай Бозтал орта мектебінің кітапханашысы әдеби кеш өткізді.

Биыл аудан орталығында мерейтойы кең көлемде аталып өткен автордың өмірбаянына, шығармаларына, әсіресе «Ерейментау» атты тарихи- танымдық кітабына көп көңіл бөлінді, жүлделері туралы мағлұмат берілді. Ереймен жері айтқыштарының табанда тауып айтқан ұтқыр әзілі, айшықты сөзі топтастырылған «… деген екен Ерейменде» кітабынан үзінді тыңдалды. 8 сынып оқушылары шаршы топта ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты. Автордың сөзіне жазылған «Ереймен аруы» әнің Мәукішев Бейімбет тиісті нақышымен орындап берді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарының қабылданғанына бір жыл толуымен орайласқан бұл жолғы шараның тәлімдік-тәрбиелік мәні де терең, өнегелілік құндылығы да жоғары.

Ақпарат электронды поштамен алынды.