КЕЛЕШЕКТІҢ НЕГІЗІ БҮГІННЕН ҚАЛАНАДЫ

Республикамыздың жастары – 14-29 жас аралығындағы тұрғындар. Ауданымызда олардың жалпы саны -4831 адам, бұл бүкіл халықтың 17 пайызы. 1838-і қалада, 2993-і ауылда қоныстанған.

Жастар халық пен тұтас елдің болашағы үшін толыққанды жауапты екенін сезінуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыз-жігіттерге келелі міндет жүктеп отыр. Жастардың ресурстық орталығы да тікелей оның бастамасымен құрылған.

2013 жылдың 18 қарашасында ішкі саясат бөлімінің жанынан «Ерейментау ауданының жастардың ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі ашылды. Негізгі кәсіп мақсаты жастарды қолдауды, жастар ұйымын дамытуға лайықты қызмет көрсетуді көздейді.

Жаңадан іске кіріскен үкіметтік емес ұйым жастар саясатына қатысты шаралар жоспарына сәйкес жылда ауданымызда түрлі бағытта жұмыс жүргізіп отырады. Қолға алған бағытымызды баянды етудің маңызды алғышарты бүкіл мемлекеттік билік буындарының өңірлік жастар ұйымдарымен, бастама иелерімен және түрлі шара мен жобаны іске асырушылармен өзара әріптес болуды негіздейді. Межелі жоспарды іспен пысықтауда Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға, мемлекеттік жастар саясатының мәнісін түсіндіруге, діни экстремизмнің алдын алуға, саламатты өмір салтын үгіттеуге, рухани-өнегелілік тәрбиеге арналған шаралар елеулі рөл атқарады. Көңіл толарлық жайт, белгілі бір шараға даярлануға, оны өткізуге жастардың ынтасы мен белсенділігі нығайып келеді. Жастардың денсаулығын сақтауға қамқорлық, замандастардың саламатты өмір салына бейімділігін қалыптастыру, зиянды әдеттерден ада болу- басты бағытымыз. Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне, Халықаралық СПИД дертімен күрес күніне арналған айлық шеңберінде жастар арасында спорттық шара, «Жастар есірткіге қарсы» лекциясы, акциясы, кездесу, концерт ұйымдастырылады. Ақпараттық буклет, брошюра таратылады, әлеуметтік сауалнама жүргізіледі.

Байсалды өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында білім мекемелерімен, дене тәрбиесі және спорт бөлімімен бірлескен түрлі жарыс, спартакиада қалыпты өткізіліп тұрады. Ауданымыздың намысын қорғайтын спорт командаларының 70 пайызы жастар. Олардың арқасында өңіріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орынды иеленеді. Қыз-жігіттердің белсенділігі жекпе-жекте, жеңіл атлетикада, ұлттық спорт ойындарында спорттық дәстүрді сақтауға септесуде. Әрине, оқытушы-бапкерінің де еңбегі мен үлесі өлшеусіз.

Өңір жастарының жыл сайынғы форумы аудандық деңгейдегі жұмысымыздың тиімді үлгісіне жатады. Ол баршаны біріктіреді, көшбасшылық қабілетті дамытады. Жүздесу барысында жергілікті атқару органдарымен арада ауызекі әңгіме жүреді, әріптестік нығаяды. Мемлекеттік бағдарламалар жайында маңызды ақпарат алмастырылады.

Аудан әкімі Ермек Бекенұлы Нұғыманов та бізді назардан тыс қалдырмайды. Мемлекеттік бағдарлама жаңалықтарынан жастарды хабардар ету, оны бірлікпен жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірге ауылға, ауылдық округтерге сапарға шығады. Ауылдық жерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың түйінді мәселелері, оның шешімі аясында әңгіме жүргізеді. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалымен бірлескен түсіндірме жұмысының арқасында бүгінгі күні ауыл жастарының шағын тобы «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуда.

Мектептің жоғарғы сынып оқушыларына, №8 АТК студенттеріне заңгерлік және психологиялық көмек көрсету бағытында аурухана психологтарының, әділет органдары мен АІІБ мамандарының қатысуымен кеңесшілік сағаты өткізіледі. №8 АТК оқытушылары ұжымының құптарлық жұмысына тоқталғымыз келеді. Бұл мекемеде жастар ісі жөніндегі комитет, «Жасыл ел» экологиялық отряды жұмыс істеп жатыр. Колледж шәкірттері аудандық, облыстық деңгейдегі мәдени, әскери-спорттық, патриоттық шараларға белсене қатысады.

Қос жастар ұйымы: «Нұр Отан» партиясының Мадияр Смағұлов төрағалық ететін «Жас Отан» жастар қанаты, көшбасшылыққа Қазбек Әлібек ұсынылған «E TOWN» (Е ТАУН) жастар қоғамдық бірлестігі назарымызды аудартып отыр. КТК қозғалысының белсенділерімен де ынтымақтастық. Демеушілердің (қала кәсіпкерлері мен аудандық мәслихаттың депутатары) қолдауымен ауданымыздың КТК құрамасы облыстық ойындарға қатысып жүр. Қалада «STREET WORKOUT» (СТРИТ ВОРКАУТ) аула спорты дамыған. Негізін қалаған – Владимир Энгель. Жас жігіттерге спорттың осы түрімен айналысуға дәл осы жерлесіміз себепкер болды. Қаланың саябақ аймағында спорт алаңы жасақталды. Ауданымыздағы осы қозғалыс көшбасшыларының бірі Максим Квитко «Вar Вars Pro» (Бар Барс Про) қазақстандық команданың мүшелігіне енген.

Дәстүрлі шаралар: әскерге алынушыларды ҚР Қарулы Күштері қатарына шығарып салу салтанаты, интернационалист-жауынгерлермен кездесу, 9 Мамырдағы «Мәңгілік батальон» шеруі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіру күні, еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттық акциялар Жастардың патриотизмін қалыптастыруға, өз Отанының тағдырына қатыстылығын сезінуіне молынан септеседі.

Қаламыздың №1 орта мектебінде алғашқы әскери дайындық сабағының маманы Сарқыт Сетаев бес жылдан бері әскери-патриоттық тәрбие бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Тайбай орта мектебінде Жамбыл Жаншуақов басқаратын «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы ашылды. №2 орта мектеп-лицейдің оқушысы Дана Чубаева республикалық «Балдәурен» орталығындағы оқу-сауықтыру базасының Қазақстанның жас патриоттар академиясына мүшелікке қабылданды.

Жастардың арасында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, діни сауаттылықты арттыруға, діни экстремизм мен лаңкестіктен сақтануға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы – біздің кәсібіміздің келесі бағыты. Тақырыптық-ақпараттық түсіндірме тобы іске кірісті. Ішкі саясат, білім бөлімінің, біздің орталықтың, «E TOWN» бірлестігінің өкілдері осы топқа енгізілді. Мектептерде, ауыл жастарының арасында отбасындағы рухани тәрбиеге, Қазақстанның дәстүрлі діндеріне, ұлтаралық бірлік пен толеранттылықты нығайтуға негізделген әңгіме өткізіледі. Экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға, жастарды деструктивтік ағымдардың ықпалынан сақтандыруға, діни сауаттылығын көтеруге лайықталған жұмысымыз Ақмола облысының орталық аппаратымен бірлесе жүргізіледі. Жасөспірімдерді қылмыс пен құқық бұзушылықтан сақтандыруға, қоғамға жат пиғылды көздейтін, оқудан жалтаратын, арақ-шарап, есірткі тұтынатын, оларды қоғамға жат амалдарға итермелейтін жандарды әшкерелеуге негізделген ауқымды іс атқарылады. Бұл орайда жергілікті полиция қызметімен бірлескен «Жасөспірім», «Каникул», «Түнгі қаладағы балалар» жедел сақтық шаралары қолға алынады.

Жұмысымыздың келесі бір маңызды бағыты замандастарымыздың рухани-өнегелілік, мәдени дамуына ден қоюды, мәдени мұраға ықыласын аударуды көздейді. Қала мен Елорданың музейіне, облыс аумағындағы мемориалды кешендерге саяхат, қазақ әдебиеті классиктерінің әдеби оқуына үн қосу ісі жаңағы мақсатқа арналған. Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде, Балалар шығармашылық үйінде, орталықтандырылған кітапхана жүйесінде дарынды жастарды шыңдайтын үйірме іске кіріскен. Конкурс, көрме, фестиваль, байқау, концерт, оқу, конференция, семинар өткізіледі.

Жастар саясатын жүзеге асыруға арналған шаралар жоспарына сәйкес «Толағай», «Суперкеліншек», «Ереймен аруы», «Әке-жауапты тұлға» жарысы ұйымдастырылады. Осының бәрі отбасы мен отбасылық құндылықты дәріптеуді, жас отбасын сүйемелдеуді, саламаттылық салтына бейімдеуді, ата-ананың дені сау ұрпақ тәрбиелеуге арналған жауапкершілігін күшейтуді бағытқа алады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы бос орынға, әлеуметтік жұмыс орнына, жастар практикасына орналастыруды, ақы төленетін уақытша қоғамдық жұмысқа алғызуды, жұмыссыздардың, кәсіпорындағы жалдамалы жұмыскерлердің кәсіби дайындығы мен қайта даярлығын, өз кәсібін кеңейтуге әлде дамытуға лайықталған шағын несие бергізуді басымдық ретінде назарға аламыз. Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, білім ордалары түлектерінің бастапқы тәжірибесі мен жұмыс өтілін алу негізінде оқу бітірген қыз-жігіттер игерген мамандығы бойынша тәжірибеден өту үшін арнайы жұмысқа жіберіледі. Тәжірибе мерзімі біткенде, әдеттегідей, жаңағы мекеме оларды жалақы төленетін жұмысқа қабылдайды. Жұмыс орнының өтінімі бойынша ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыс жұмыссыздарлы уақытша жұмысқа алады.

Аудандық газеттегі арнаулы бетте жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, аудан жастарының өмірі, ұйымдардың іс-кәсібі жайында ақпар беріледі. Біздің орталық интернет желісінде жұмыс жүргізеді. Өйткені әлеуметтік желі қазіргі заман жастары өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналған. Ұйымның ақпараттық жұмысы «ВКонтакте», «Фейсбук», «Инстаграмм» әлеуметтік желілерінде көрсетілген. Өз тобына жастар саясатын іске асыруға қатысты бүкіл ақпар орналастырылады. Ауданда өткізілетін барлық шараларға қоса аудан әкімінің сайтындағы «Жастар саясаты» сілтемесінде жастар өмірінің жаңалығы, түрлі конкурс ережелері баршылық.

Әрине, толғақты мәселе де жоқ емес. Бос уақыттағы демалыс түйіні шешімді керек етеді. Қалада дәл осындай орын жоқтың қасы. Рас, үйірме, секция баршылық. Ал кешкілікте немен айналыспақ? Жақын уақытта спорттық-сауықтыру кешенінің салынатынына көңіліміз толады. Ол көптеген жастарды өз ортасына топтастырар еді. Дүкен, тойхана ашылғанымен, неге жастардың демалыс орнын ашпасқа?

Мәселе орын алса да, ауданда мемлекеттік жастар саясаты жүзеге асырылуда. Өйткені қоғамда негізі бүгіннен қаланып жатқан ел болашағы қазақстандық жастардың даму деңгейімен, олардың қоғамға кірігуімен тығыз байланысты деген түсінік қалыптасып отыр.

Зарина ХАБИБУЛЛИНА,

Жастардың ресурстық орталығының директоры.