ТАҢДАУ ЕРКІ ӨЗІҢІЗДЕ, ТҰТЫНУШЫ!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Редакциямыз апта сайын, әлеуметтік мәнді тауарлардың, азық-түлік тағамдарының баға мониторингін алып отырады. Оны бізге кәсіпкерлік бөлімі ұсынады. Қазіргі таңда 7 ірі сауда орталығы: «Аю», «Норма», «Думан», «Асылсат», «Модуль», «Сласть», «Рахат» дүкені зерттеуге ілікті.

Біз екі апта ішіндегі бағаны талдадық. Олар: ағымдағы жылдың 27 наурызы және 9 сәуірі.

Бидай нанының бағасы барлық дүкендерде өзгеріссіз -70 теңге қалпында қалып отыр. Бірінші сұрыпты ең арзан ұнның бір келісі «Модульде» – 82 теңге, «Нормада» ол қымбат -145 теңге. Ақталған күріш бүкіл дүкенде бар. Тағам бағасы «Асылсатта» 70 теңгеге түсіп қалған, бүгінгі құны -170 теңге. Ұнтақ жарманың құны өзгермеген. Ең қымбат қарақұмық жармасы «Модульде» – 210 теңге. «Асылсат» кеспе нанды ең қолайлы бағамен -135 теңгеден ұсынып отыр. Құстың сан еті мен тауық етінің бағасы өткен айдың деңгейінен айныған жоқ. Сүт өнімінің бағасына келсек, сүт сәл-пәл -10-20 теңгеге, айран 20-дан 90 теңгеге дейін арзандады. Тұздалмаған сары майдың құны, «Норма» мен «Рахатта» едәуір төмендеген. «Крестьянское» атауынан өзгесі, бір деңгейде. Тауық жұмыртқасының сатылымында маусымдық өсім байқалды. Көкөніс өнімінің, қанттың бағасы барлық дүкендерде 5-10 теңгеге дейін өсті. Соңғысы, шайдың құны бұрынғы деңгейде қалды. Сиырдың еті «Гастрономда» 1400 теңгеден, «Ольгада» 1200 теңгеден сатылуда.

Көпшілікке айтарымыз: жергілікті өндіріс иесі Сергей Рыбалко апта сайын сенбі күні орталық базарда нарықтағыдан арзан бағамен тағамдық, тұқымдық картоп сататын болады. «Хамзе» шаруа қожалығының фермасында сауылған жұғымды сиыр сүтінің бір литрін 180 теңгеден «Асылсат», «Думан», «Береке» дүкендерінен ала аласыздар.

Раушан БАРЖАҚСЫ.