ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Зейнеп Жүсіпованың жетекшілігімен, аудан әкімі Ермек Нұғымановтың қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің соңғы жиынында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды. Кездесуге бірқатар бөлім, басақарма, коммуналдық мекеме басшылары шақырылды.

Әуелгі бетте шаруашылық жүргізу құқығындағы «Эко жәрдем» КМК-ның директоры Николай Кравченконың ақпары тыңдалды. Баяндамашы қоқыс-қалдық алаңының жұмысы, тасылатын қоқыс есебі жайында әңгімеледі. Николай Алексеевич қалалық алаң аумағына әкелінетін тұрмыстық қалдық, қоршаған орта эмиссиясына аударылатын төлем жайын сипаттады. Мәселе жан-жақты талқыланғаннан кейін шлагбаум орнатуға, апарылған қоқысқа чек бергізуге, қызмет бағасын баспасөзде жариялауға ұсыныс енгізілді.

Аудандық газеттің редакторы Раушан Нұрғазинованың Ұлы отан соғысы ардагерлерінің құрметіне саябақ жабдықтауды, әрбір отбасынан атаулы ағаш еккізуді негіздеген ұсынысы қызу талқыға салынды. Қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов, аудандық мәслихаттың депутаты Юрий Адайкин, Николай Кравченко, сәулетші Нұрлан Бәтенов, тыл және еңбек ардагерлерінің аудандық кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин осы мәселе бойынша өз пікірін білдірді. Қазіргі таңда қу ағашы шабылып жатқан қалалық саябаққа көшет отырғызу мәселесін қарастыруға ұсыныс берілді.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амантай Хасенов Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылдың 22 желтоқсанындағы №6С-18/2-17 «2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізілімі және аудан бюджетінің 2017 жыл ішіндегі атқарылымы туралы есепті ақпар ұсынды.

«Ерейменніңә өз ақпараты.