ПАРТИЯ ТҰРМЫСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
СҰРАҢЫЗ – ЖАУАП БЕРЕМІЗ

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында «Заңгер кеңес береді» республикалық акциясы өтті. Ақмола облысы әділет департаментінің Ерейментау аудандық әділет басқармасының бастығы Данагүл Мұқышева, нотариус Эльмира Өмірбай азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша қабылдады.

Атылмыш акцияның негізгі мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсетуге, азаматтық сана-сезімі мен жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге арналған.

Қабылдауға екі адам келіп жолықты. Серік Қанафин «Серкан» жеке кәсіпшілігінен (созылмалы ішкі төбе орнатылым кәсібі) Әуезов көшесіндегі «Бұйратау» мен «Мал Аман» мекемесінің кеңсесі төңірегіндегі иесіз ғимараттарды (гараждарды) жекешелендіру мәселесімен жолықты.

«Ерейментау»-«Ереймен» газеті редакциясының атынан қабылдауға келген осы жолдардың авторы қаланың Әл-Фараби көшесі, 12 «А» үй мекен-жайындағы ғимараттың кімнің меншігіне жататынын сұрады.

Жүздесу барысында бәріне білікті құқықтық көмек көрсетілді, тиісті кеңес берілді, заңнама нормалары түсіндірілді.

Мамандар сендіргендей, мұндай кездесу жоспар бойынша жүйелілілік сипатын иеленбек.

Бұл жолғы шара партияның аудандық филиалы төрағасының біріншщі орынбасары Медеу Әбжіковтың жетекшілігімен өтті.

Людмила МАРКОВА. Суретті түсірген автор.