РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯДАН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Осы аптада қаламыздың «Жігер» стадионы аймағында «Ағаш тарту ет» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға бүкіл еңбек ұжымдарына қоса, зейнеткерлер де үн қосты.

Жұртшылық өкілдері бір күннің ішінде келешек ұрпаққа құнды мұра – жасыл желек қалдырды. Атап айтқанда жалпы 1200 түп бөз бен шие көшеті отырғызылды. Оны «Зеленстрой» мекемесінен жеке кәсіпкер Юрий Адайкин жеткізіп берді.

Ағашты егумен қатар, оның күтімі де назарда ұсталуы шарт. Сондықтан қалалықтар жас өскіннің біртіндеп, біркелкі жетілуі үшін, келешекте тұтас саябақ алаңына айналуы үшін әлі де еңбектенуі орынды. Екпе ағаштың толыққанды тамыр жайып өсуіне қаншама уақыт қажеттігі айтпаса да белгілі. Бұл кезең аралығында әлі бірнеше ұрпақ алмасады. «Бір тал кессең-он тал ек» қағидасы адам баласының табиғатқа жаңашырлығын меңзейді. Сонымен бірге әрбір жанның көзі тірісінде үй салуы, ағаш егуі, ұрпақ өрбітуі шарт ретінде қарастырылған. Бұл қағиданың тәрбиелік мәні де ерекше. Үлкеннен тәлім алған келешек жас буынның табиғатты аялайтыны, қолда барды бағалайтыны айдан анық. Аталмыш акцияның бір күнмен шектелмейтініне, келешекте сәтті жалғасын табатынына үміттіміз. Көздейтін мақсатымыз Ереймен өңірін жасыл желекке бөлеуге, ерікті іске жастарды тартуға арналмақ.

 Людмила МАРКОВА.

 Суретті түсірген автор.