СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
СЕКСЕННІҢ БИІГІНЕН…

(Қызыкен Қабдыуәлиқызына)

Аспаннан күн күлімдеп нұрын шашқан,

Бүгін той сегіз онның белін басқан.

Балалар аса үлкен той жасады,

Құттықтап туыс- туған шашу шашқан.

Көзіне кешегідей елестейді,

Сексен жас қилы ғажап белестері.

Балалық , бойжеткеннен, әже болған,

Жастарға үлгі болар кеңестері.

Шапайда туып өскен түлегісіз,

Сол жерде сабақ оқып түледіңіз.

Он жылдық білім алған Бестөбеде,

Ал бүгін балалардың тірегі сіз.

Қысқалау әке қолы келте етіп.

Жұмысқа араласқан ертелетіп,

Соғыстың зардабы бар, тың игерген,

Үйіне кеш оралды, ерте кетіп,

Жақсы деп басшы қауым берген баға,

Әуелде еңбек еткен дәріхана.

Жалғады бүлдіршінге тәлім беріп,

Бір сағым жетелеген алға ғана.

Дәм тартып Қамаңменен отау құрдың,

Жоқ екен өкініші міне мұның.

Өсірдің асыл ұрпақ елге сыйлы,

Әрбірі елестетер алтың құнын.

Қаманның жұмыс бабы жетелеген,

Бар десе шегініс жоқ кете берген.

Әр жерде салиқалы еңбек етіп,

Ұзақ жыл жас буынға дәріс берген.

Жақсымен жанұя боп жанасатын,

Түсініп әрбір істің парасатын.

Апайда бір қасиет басым еді,

Алалап қарамайтын адам затын.

Келіндер, күйеу жігіт, ұл мен қызың,

Тілейтін саулығынды күн -түн ұзын.

Сіз үшін бәріндағы жасар анық,

Жаруаға дайын тұрар таудың құзын.

Жылуың қауым жұртқа тегіс жетер,

Үнемі ақыл айтып сабыр етер.

Шөбере немереден сүйген жансыз,

Аймалап мауқын басып еркелетер.

Асыл жан елге тірек абыз ана,

Сексеннің биігінен артқа қара.

Нарықтың заңдылығын жете білген,

Балалар көш бастады жеке дара.

Тимеген ешбір жанға тіл жарасы,

Ұрпағың өнегелі ел баласы.

Мерей той бүгін менен бітпек емес,

Тойыңыз құтты болсын отанасы.

Ойласақ өмір жолы еңісті өр,

Өзіңе қасиетті бұйырған төр.

Жайқалған мәуе ағаштай ұрпағың бар,

Апайжан ұзақ жаса қызығын көр.

Әдебиет БАЙДОЛДАҰЛЫ,

Новомарковка ауылы.