ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ ЖҮРУДЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Абай Әлжановтың төрағалығымен өткен жиынға қала әкімі, мектеп директорлары қатысты.

Көктем мезгілі басталысымен қаланы көркейтуге ерекше мән беріледі. Әрбір тұрғын ауланы таза ұстау және оны күл-қоқыстан тазарту арқылы айналаға ерекше сән берілетінін жақсы біледі. Бүгінде аудан бойынша абаттандыру, көгалдандыру негізінде көктемгі тазалық айлығы науқаны жүруде. Осыған орай арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Әр аптаның бейсенбісінде сенбіліктер өткізіліп, көшелерді тазалау, жасыл желек отырғызу жүйелі жүргізілмек. Айналаны күл-қоқыстан арылту, үй-маңын тазалау, сылау-сырлау қолға алынбақ. Барлық мектептер көгалдандыруға қажетті заттармен қамтылған.

Қала әкімі Төлеутай Мұхамеджанов өз сөзінде абаттандыру жұмысына белсене қатысқан Су арнасы, «Эко Жәрдем» мен Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ұжымдарын ерекше атап өтті.

Жиын соңында мекемелердің аталмыш мәселеге аса жауапкершілікпен қарауы және жұмыстың уақтылы орындалуы талап етілді.

Өз тілшіміз.