ЖАСТАР ЖӘНЕ САЯСАТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
ЖАЙДАРМАН – ӘЗІЛ МЕН КҮЛКІ ОРТАСЫ

Көктем басталысымен аудандық мәдениет үйінде жылдағы дәстүрге сәйкес ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көңілділер мен тапқырлар клубының ойындары өтеді. Баршамызға мәлім, аталмыш сайыста Малтабар ОМ «ЭКСПОстан», Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ «БМБ», №2 орта мектеп-лицейінің «Чемпиондар», №4 ОМ «Шалақазақтар», Новомарковка ОМ «Жасstar», Торғай ОМ «Торғайstar» командалары өзара бақ сынасты.

Аталмыш ойындар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар – болашаққа жолдама» жалпыға ортақ тақырыпқа байланысты өтеді. Мақсаты – жастарды біріктіру, патриотизмге тәрбиелеу, түрлі ұжымдармен қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу.

Жайдарманның ашылу салтанатынан соң, команда қатысушыларына «Күлкі көктем» сәлемдесуінде 5 минөттік регламентке сәйкес бағдарлама дайындап шығу жүктелді. Осы орайда танымал әндердің үзінділері мен еліміздегі эстрада жұлдыздарының өнерін қысқа да нұсқа көрсетті, олар тақырыпты толығымен аша білді.

Екінші кезеңде жас өрендер «Ерейментау – туған өлкем – Ерейментау – моя Родина» музыкалық үй тапсырмасын сәтті орындап шықты. Қарсыластар тарапына бағытталған өтімді әзілдер, қызықты музыкалық нөмірлер, тарихтан сыр шертетін үздік сюжеттер, өңір мәдениетіне байланысты қойылымдар көрермендердің ықыласына бөленді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Малтабар ОМ, №2 орта мектеп-лицейі, №4 ОМ, Новомарковка ОМ, Торғай ОМ командалары финалдық ойынға жолдама алды. Өкінішке орай, Бөгенбай батыр атындағы ҚОМ ойыннан шығып қалды. Бұл жартылай финалдың нәтижесі, өнерпаздарды алда финал күтіп тұр. Ендеше, жас жеткіншектерге сәттілік тіледік.

Раушан БАРЖАҚСЫ.