ШӘКІРТПІЗ БІЗ СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Loading...
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебіне жиналдық. Бүгін қара шаңырақта дәстүрлі Үмбетей жырау оқулары – аудандық байқау ұйымдастырылмақ. Салалас білім мекемелеріне алдын-ала жолданған, тиісті аталымы мен бағдарламасы қоса көрсетілген, тиісті ереже негізінде межелі уақытта қонақтарымыз – он төрт мектептің дарын иелері бізбен бірге өнер әлемінде бақ сынауды көздеді.

Суретте: жеңімпаз-жүлдегер шәкірттер.
Суретте: жеңімпаз-жүлдегер шәкірттер.

«Жақсы жырды жаттасақ…» жарысына қатысқан он екі оқушы Үмбетей Тілеуұлының өлеңдерін тиісті мәнерімен, интонация ырғағымен оқып берді. Aры қарай оқу

АДАЛ ЕҢБЕК МӘРТЕБЕНІ ЕСЕЛЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бас кезінде, ел егемендігі жарияланған тұста, Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударған қандастарымыздың үлкен тобы Ерейменге де ат басын бұрған еді.
Сол өткен кезең іщінде атамекенге түпкілікті ту тіккен, жергілікті халықпен етене араласқан, дәм-тұзы сәтімен жарасқан ағайындардың ұрпақтары бүгінде білім-қабілетін аудан игілігіне арнап келеді. Көш көлігін бастап келген алдыңғы буын үлкендердің негізінен келешек ұрпағының қамын ойлағаны, ендігі ғұмырында олардың түтінін қазақ елінде түтетуді мақсатқа айналдырғаны анық. «Елге ел қосылса – құт» демекші, ол кісілердің көбі тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еңбек жолын Қазақстан өңірінде әртүрлі салада сәтімен жалғастырды, енді білімді де зерделі, өнерлі де білікті ұрпақтары ата-ананың сенімін абыроймен ақтап келеді.

 Бекторжы Солтанұлы.
Суретте: Бекторжы Солтанұлы.

Мемлекеттік мерекелерде, әсіресе іссапармен ауылға бара қалсақ – омырауы алыс шет ел марапатымен көмкерілген ағаларға жиі жолығамыз. Aры қарай оқу

«ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Жуырда Бурабай ауданының Discovery Borovoe сауықтыру орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы шеңберінде балалар-жасөспірімдер қозғалысы белсенділеріне арналған «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық форумы өтті.

«Ұланымыз ұлы елдің»
Облыстық форумы

Ақмола облысының 23 өңірінен балалар-жасөспірімдер қозғалысының белсенділері, балалар ұйымының көшбасшылары облыстық ауқымды шараға қатысты. Ақмола облысының білім басқармасы, облыстық шығармашыл-дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығы, облыстың «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған форумның мақсаты зияткерлік және шығармашылық әлеуетті, көшбасшылық құзыреттілікті дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, ұйымның қызметін көпшілікке әйгілі етуге арналды. Өзге де бағыт-міндетті ойға алды. Aры қарай оқу

ТАРИХ ПЕН ШЕЖІРЕ ОРДАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Музей – қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде жинақталған материалдық-рухани құндылығымызды сақтауға, әспеттеуге арналған қастерлі орда.

Фотосурет көрмесі
Фотосурет көрмесі

Аса бағалы көркемсурет, тұрмыстық бұйым, мүсін, темір ақша, кітап, тарихи ескерткіштер жиынтығы – елдің санғасырлық мұрасы. Олардың құндылығы да жыл санап арта бермек, байлық қоры -бүкіл адамзат баласына тиесілі қазына.

Кез келген елдің әрбір елді мекенінде дерлік жергілікті өлкетану музейі болатыны заңдылық. Ол жерде жаңағы өңірдің тарихы мен даму кезеңімен орайласқан бағалы жәдігерлер сақталады. Aры қарай оқу

«ЕСТЕ ҰСТАЙМЫЗ, БІЛЕМІЗ, ЕҢСЕРЕМІЗ!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы негізінде жылда мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде СПИД дертінен дүние салғандарды Еске түсіру күні өтеді. Аталмыш шара ағзасына дерт жұқтырғандарды қолдау нышаны, жұқпа салдарынан зардап шеккендерді еске алудың, халықтың ақпараттылық деңгейін арттыруға шақырудың белгісі болып табылады. Биыл ол 20 мамырмен орайлас келіп отыр.

СПИД
«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ЖИЫНЫНАН

18 мамырда Жастардың ресурстық орталығы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жиналыс залында аудандық орталық аурухана өкілдерімен бірге «дөңгелек үстел» жүздесуін өткізді. Aры қарай оқу

МАЙДАНГЕР- БОЗДАҚТАРҒА ТАҒЗЫМ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

9 Мамыр Жеңіс мейрамы құрметіне Бозтал ауылында боздақтар мен ардагерлердің естелік тақтасының тұсаукесер салтанатына арнадым.

Жалмаған талай жасампаздардың ғұмырын,

Атың да жаман, затың да жаман,

Сұрапыл-сұмырай соғыс-ай!

73 жыл өтсе де –ызғарың жатыр көңілде.

Тірі келгені – мүгедек,

Өлгендері аз емес.

Ең қиямет өкініш,

Хабарсызы қаншама?! Aры қарай оқу

КӨП РАХМЕТ, АҒАЙЫН!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Биыл жазда тағы да Еркіншілік ауылына жолым түсіп, қайтарда жазғы мол жаңбырдан жер кебе қоймаса да, Астанаға дала жолымен «Думат бұлақ» арқылы жүрдім. Ондағы ойым – бұлақ басындағы қайыңдардың халін көре кету. Былтыр тамыз айында «Ереймен» газетінде басылған «Қайнайды қаның, ашиды жаның» атты мақалама жұрт құлақ асты ма екен – анығын білу еді. Өткенде жанашырлық танытқан ағаштарымның жайын көріп, лас шүберектерден арылғанына, жайқалып тұрғанына қуанып қалдым, адамдардың менің ойыма түсіністік, табиғатқа жанашырлық ниет танытқандарына риза болдым.

Боқтықтармен шандылған қайыңның 2015 жылғы көрінісі.
Боқтықтармен шандылған қайыңның 2015 жылғы көрінісі.

Әйтседе, бір әттең-айы, жіптермен маталып, шандылған, көбірек шүберек байланып теперішті молынан көрген үлкенірек қайыңның діңі солып, қурай бастағанын байқадым, тек жанай өскен бір бұтағында ғана тіршілік бар екен. Келесі жылы бұл бұтақ қураса, бұл қайыңның тіршілікпен қоштасары анық… Aры қарай оқу

ИГІ ІС ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Құрметті «Астана қайырымдылық клубының» волонтер өкілдері!

Біз, Ерейментау қаласының Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектебінің әкімшілігі, ұстаздары мен ата-аналар қауымы, Сіздің елгезек әріптестеріңізге шынайы ризашылық алғысымызды арнаймыз. Үкіметтік емес ұйым ұжымы біздің мектеп жасындағы өрендерімізге киім-кешек, ойыншық, азық-түлік тағамын, шаруашылық бұйымын алдыруға жүйелі түрде қол ұшын беріп келеді. Ұжым еңбеккерлерінің кең пейілі, қайырымдылық ниетін көздген қажырлы жұмысы, адамгершілік қасиеті шексіз рахмет айтуға әбден лайық.

Волонтер
«Астана қайырымдылық клубының» волонтер өкілдері

Aры қарай оқу

СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Сілеті ауылы әкімдігінің маманы Бауыржан АБДРИМОВ редакциямызға келесідей мазмұнда жағымды жаңалығын ұсынды.
-«Жеңіс мейрамына орай Сілеті ауылы мектебінің спорт залында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорт ойыны соғыс және еңбек ардагері Қайырбек Бекжановты еске түсіру құрметіне арналды. Жылда жоспарланатын дәстүрлі жарыс биыл бесінші мәрте өткізіліп отыр. Негізгі тұрақты демеушісі – марқұмның өз әулеті, балалары мен немерелері. Aры қарай оқу

САҚТЫҚ АМАЛЫ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Оқу жылы да тәмамдалып келеді. Енді санаулы күндерден кейін бастауыш топтың балалары жазғы демалысқа шығады, аулаға шығып ойнауға болатын бос уақыты көбейеді. Ал олардың түрлі қауіп-қатерден амандығын қадағалау ата-ананың, барша ересектердің ортақ міндеті болмақ. Ойын баласының үй жануарына, әсіресе ит пен мысыққа үйір болатыны белгілі жайт. Иттің құтыру індетіне шалдығатынын, бұл дерттің кішкентайлардың ағзасын зақымдайтынын, күтінбесе – соңы орны толмас өкінішке ұрындыратынын біле бермейміз. Негізінен ит мұндай кінәратты қоқыс алаңында жабайы аңмен жанасқанда жұқтырады.
Ақмола облыстық прокуратурасының осы негізде өңірлерге арнайы хат жолдағаны, салалас мекеме мамандарына істің мән-жайын бақылауда ұстауды тапсырғаны бізге белгілі болды. Aры қарай оқу