ҰЛАҒАТ ҰРПАҚТАРҒА ҒҰМЫР ЖОЛЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Жақсы адам қартайса – жазып қойған хаттай»
(Халық даналығы)
Өз заманында халқына азды-көпті еңбегі сіңген, өмірден көкейіне мол ұлағат түйген, көп жасаған әрі көпті көрген абыз қариялардың ғұмыр жолы да, айтар ойы да – ғибрат.

Зекебай Солтанбайұлы
Зекебай Солтанбайұлы

Ажы ауылында жаңағыдай қазыналы қартпен жүздескенімізде айналасы аз уақыттың ішінде бір кітап оқып шыққандай әсерге берілдік. Бүгінгі жолықтырған кейіпкер қонағымыз – көршілес Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданының №2 ауылы атанған Басшілік атамекенінің тумасы Зекебай Солтанбайұлы. Aры қарай оқу

28 МАУСЫМ – БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Жыл сайын елімізде 28 маусымда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Биылғы мереке қарсаңында ауданымызда ерен еңбегімен ерекшеленген сала мамандарын атап өтуді жөн көрдік.

Жақсылық Аманжолұлы Мақанов
Жақсылық Аманжолұлы Мақанов

Жақсылық Аманжолұлы Мақанов – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қарасты аудандық телекоммуникация торабы директорының орынбасары, электр байланысының жетекші инженері. 1992 жылы Атбасар ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде 5 сыныпқа дейін оқып келген, білім жолын Ерейментау қаласының №1орта мектебінде жалғастырған. Кәмелеттік аттестатын алғаннан кейін, Астана қаласы техникалық колледжін байланыс желілерінің құралдарының электршісі мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломды маман 2013 жылдың қаңтарынан бері «Қазақтелеком» АҚ Ерейментау аудандық телекоммуникация торабына электромонтер ретінде жұмыс атқарып келеді. Осы мекемеде халыққа қызмет көрсете жүріп, бастапқы білімін жетілдіруді көздеген жас маман білім жолын сырттай жалғастырған. Қарапайым адал еңбегімен, талпыныс-білігімен, зерделілік, елгезектік қасиетімен бүгінде мақаламыздың кіріспесінде аталған мәртебелі лауазым дәрежесіне көтерілген жан. Aры қарай оқу

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – МӘРТЕБЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...
Мемлекеттік қызметкер күні өз саласында адал еңбек еткен, білімі мен қызметін халық игілігіне арнаған сала өкілдерінің үлкен тобы аудан орталығында көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Хасамхан Хавджалел
Хасамхан Хавджалел

Дәл осы кәсіптік мейрам күні Көкшетаудан заманауи байланыс желілері арқылы тағы бір қуанышты сүйінші хабар жетті. Облыс орталығында өткен әріптестердің салтанатты жиынында облыс әкімі Мәлік Мырзалин мемлекеттік қызметте кәсіби білігімен танылған, туған жерінің қамын көздеген жандардың үлкен тобын шын ниетпен құттықтады.
Елге сіңірген еңбегіне қарай сый-құрмет көрсетті. Осы қатарда біздің ауданнан Олжабай батыр ауылының әкімі, елгезек азамат, келешегінен мол үміт күттіретін білікті маман Хасамхан Хавджалел облыс басшысынан Алғыс хат алып, аудан мерейін үстем етті.
Біз де ауыл азаматының қуанышына ортақтастық ниетпен жерлесіміздің ауыл игілігіне еңбегіне толымды табыс, деніне саулық тіледік.
«Ерейменнің» өз ақпараты.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аудан әкімі Виктор Радченко Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік мейрамы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында дөңгелек үстел жүздесуін өткізді. Оған аудандық мәслихаттың хатшысы, партия ардагері, қала мен аудан газеттерінің бас редакторлары мен тілшілері қатысты.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ

Көшбасшы партия аудандық филиалы төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков шараға қатысушыларды таныстырды да, аудан басшысына сөз берді. Виктор Николаевич Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің саясатын насихаттауда баспасөздің атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Өңір игілігіне арналған жемісті жұмысы үшін алғыс айтты. Ізінше БАҚ редакторларын марапаттау рәсімін жүргізді. Aры қарай оқу

ТӨЛ АСПАП ҰЛЫҚТАЛДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
«Екі шектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра!»,
(Қадыр Мырза Әли)
Домбыра – қылыштан өткір, құрыштан берік арналы аспап. Оңсыз қазақ ауылын, қазақ үйін көзге елестету мүмкін емес. Тарихқа шегінсек, көне түркінің көне аспабы Жошы ханның аңшы баласының айдалада жаралы құлан тепкен өлімін «Ақсақ құлан» күйімен естірткен, сол үшін домбыраның шанағына ыстық қорғасын құйғызуды бұйырған оқиға негіз болады. Міне осы қоңыр үн, құйқылжыған күй әуені адамды кеңдікке, мәрттікке тәрбиелейді. Қазақ осынысымен әсем, ерекше.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге орайласып тұр. Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мақсаты аясында белгіленген мереке қарсанында ауданымыздағы «Балалар музыка мектебінің» мамандарымен жүздесудің сәті түсті. Aры қарай оқу

«ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ: САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОЛЫНДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік мейрамы қарсаңында «Павлодартранстелеком» акционерлік қоғамының Ерейментаудағы филиал басшысы Ирина Федоровна Арбузоваға жолықтық. Жерлесіміз мекеменің жұмысы, ұсынатын қызметі, озық технологиясы, байланыс сапасына жауапты әріптестер жайында ақпарымен бөлісті.

«Транстелеком» АҚ
«Транстелеком» АҚ

Бүгінгі ақпарат ғасыры өз заңын ұсынумен қатар жаңа міндет жүктеп келеді. Республикадағы жетекші телекоммуникация операторының бірі «Транстелеком» АҚ өз тапсырмасын абыроймен еңсеруде. Aры қарай оқу

ӨҢІР ТЫНЫСЫ – БІЗДІҢ НАЗАРЫМЫЗДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Аудандық «Ереймен», «Ерейментау» қоғамдық-саяси газетінің шежіресі 1935 жылдың 5 мамырынан басталады. Басылымның алғашқы саны «Еңбек туы», ізінше екі тілде «Прогресс» атауымен жарық көрді. Бүгінде орыс тілді «Ерейментау», қазақ тілді «Ереймен» атанған. Газет алғашқы күннен бері аудан өмірімен бірге біте қайнасып келеді. Оқырмандарын ел экономикасы еңсерген қиындық, тұтас өңірдің саяси ахуалы жайында хабардар етуде. Нәтижесінде көпшілік қауым ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласының маңдайалды еңбеккерлерін, шағын және орта кәсіп иелерін жақын таныды, мемлекеттік қызметкер мәртебесін ұдайы асқақтатуға ден қойды. Мерзімдік басылым қызметінің жалпы бағыт-бағдары әрдайым және бүгін де мемлекеттін, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, көшбасшы «Нұр Отан» партиясының саяси бағытымен үйлесім тауып келеді. Өзінің рейтингтік мәртебесі жағынан облыста талай жылдан бері биікте тұр.

Редакция ұжымы
Редакция ұжымы

Тілшілеріміздің облыс деңгейіндегі конкурста түрлі аталымда жыл сайынғы қол жеткізген жеңісі, әкімдердің, салалас министрліктің грамотасы сөзімізге анық дәлел. Газет қызметкерлері ауданның тыныс-тіршілігін ұдайы назарда ұстауға тырысады. Өңірдің барлық қызықты жаңалығын, еңбек ұжымдарының озық тәжірибесін, құнды бастамасын оқырманына жеткізуге ден қояды. Бүгінгі таңда, бізде екі газеттің қос тілді сайты жұмыс істеп тұр. Aры қарай оқу

«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018» ФЕТИВАЛІ ӨТТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыздың төңірегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі алаңында, Сұңқарқия тауында алғаш рет Астананың 20 жылдығына арналған «Extreme weekend Astana» бірінші республикалық фестивалі өтті.

«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018»
«EXTREME WEEKEND ASTANA-2018»

Айта кететін жайт, бұл өңірдің бірегей табиғаты – аспалы және жайпақ құз-жартасы, орман алабы, қиылыс өңірі, аса бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесі көркімен көз тартады. Фестивальді ұйымдастырушылар: Ақмола облысының әкімдігі, ҚР спорттық туризм федерациясы мен Астана қаласының спорттық туризм федерациясы, Ерейментау ауданының әкімдігі, «Бұйратау» МҰТП өз жұмысының мақсат-міндетін белгілеп алды. Ол Ақмола облысы мен тұтас Ерейментау ауданының туристік әлеуетін кеңейтуге, аудан аумағындағы бірегей табиғи паркті көрсетуге, жергілікті кәсіпкерлердің бизнес-бастамасын қолдауға, саламатты өмір салтын, қазақстандықтардың мәнді демалысының жаңа үлгісін насихаттауға арналды. Aры қарай оқу

БІЛІКТІЛЕР ӘСПЕТТЕЛДІ ОРТАДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні қарсаңында Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде кәсіби мейрамға арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні
Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні

Аудан әкімі Виктор Радченко билікке сенім негізін мемлекеттік қызметкердің қалайтынын, ол заманауи қоғамның ыңғайына икемделуі тиістігін, жалпы аймақтың тиімді дамуы кәсіптік білікке, тәжірибеге, талап-талпынысқа байланысты екенін айтты. Өңірдің ішкі істер бөлімінің, сала ардагерлерінің атына да жылы лебіз арналды. Музыка әуенінің сүйемелдеуімен қоғамдық тәртіп күзетіндегі, азаматтардың тыныштығын қорғауға арналған қиын да жауапты қызметті атқарып жүрген әріптестер әспеттелді. Aры қарай оқу

ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМ – ОРТАҚ МӘРТЕБЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Маусым айының алғашқы аптасында Тайбай орта мектебі жанындағы «Жұлдыз» жазғы лагері өз жұмысын сәтімен бастап кетті. Демалыс ошағының басты мақсаты: әрбір шәкіртті жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, бос уақытты мәнді де тиімді пайдалануды үйрету, рухани және мәдени білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады.

Жас бүлдіршіндер
Жас бүлдіршіндер

Лагерьдін барлық шаралар жоспары «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына негізделді. Тәрбиеші мамандар, мектептін бастауыш сынып мұғалімдері: С.Д.Мұқашева, Б.Ш.Батталова, Н.В.Мамбур барлық білімі мен іс-тәжірибесін өз өрендерінің дәстүрлі демалыс кезеңін сәтімен, қызықты да мәнді өткеруіне арнай білді. Осы негізде іс-шаралар жоспарын құрды, мектеп жасындағы балалардын толыққанды демалысы мен шығармашылық дамуы басты назарда ұсталды. Тыңығушылармен бірігіп «Елімнің ертеңімін» , «Мемлекеттік рәміздер күні», «Бала еңбегі», «Түрлі-түсті армандар», «Мен чемпион», «Ерте, ерте, ертеде…», «Жасыл экология», « Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Шебер қолдар күні», «Әзіл қоржыны», «Өнерлі өрге жүзер» атты көптеген танымдық-тақырыптық ертеңгілік, мәдени-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Aры қарай оқу