АСТАНА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Мен Тайбай ауылдық округіне қарасты Малтабар ауылының тумасымын. Әке-шешем де осы атақоныста еңбек жолын жалғастырып келеді. Осыдан бір жыл бұрын туған жерімде Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектепті тәмамдадым. Білікті ұстаздарымнан тәлім алдым. Негізінен тіл-әдебиет сабағына әуестігім басым болды. Арман жетегімен жоғарғы оқу орнына түсуді көздеп, құжатымды жинастырып, Астанаға жол тарттым. Ес білгелі әрбір үйдін төріндегі көк жәшік эфирінен жаңалық тарататын аға-әпкелеріме қызыға қарайтынмын. Олардың камера алдыңда өз-өзін ұстау тәртібі, анық та ұғынықты сөйлеу мәнері, шешендік өнері мен үшін үлкен ерлікпен іспеттес еді. Жаңағы аға-апаларға еліктеп өскенім анық. Мектепті тәмамдаған сәттен еш ойланбастан, журналистикаға ден қойдым. Осы салаға ықылас-әуестігім ғұмырлық мамандық таңдауыма кең жол ашты. Бағым жанды. Қыз балаға бірінші кезекте ең керегі армандаған оқуына қол жеткізу ғой. Міне, бүгінде Лев Николавич Гумилев атыңдағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Білім ордасында мамандық игеру үшін зор мүмкіндіктер қарастырылған. Уақыт талабына сай, заманауи көрнекі-техникалық құралдармен жабдықталған аудитория, студия, түрлі бұйымдар студенттердін игілігіне ұсынылған. Білімді жетілдіруге зор мүмкіндік ашып отырған білім ордасында бүгінде алыс елді-мекеннен келіп жатқан студенттер аз емес. Өнірімізге іргесі тиіп тұрған Елордаға басқа облыс-аймақтан білім алуға келген топтастарыма:
– Астана қаласында білім алуға шешім қабылдауына не себеп?,- деген сауал қоямын.
– Елордада студенттер қаласы ретінде келешегімізге мүмкіншілік өте көп қой, тіпті мәдени-спорт мекемелері, заманауи көрікті орындар жетіп артылады. Тіпті 2017 жылы өткен Халықаралық ЭКСПО көрмесінің өзі Елорда мәртебесін бүкіл әлемге паш етті,- деген жауап алам. Иә, туған жерден алысқа сапар шегіп, білімін толықтыруға келген жастың арманы Астанада орындалмақ. Бұл сөзімнің ақиқаттығын барша құрбыларым анық растайды.
Әртүрлі мәдени шаралардың, халықаралық деңгейдегі жиындардың, Астанада жиі өтетіні, оған қоса біздің университет қабырғасында да ғалымдар мен ақын-жазушылармен жүздесу сағатының қызықты да тартымды болатыны жарқын келешегіміздің кепілі, жастар үшін зор мәртебе әрі мақтаныш. Білім жолында елдін дамуына септескісі келетін жастар үшін барлық бағдарлама бойынша жұмыс атқарылады. Оқудан тыс танымдық қызмет атқартын мекеме орындарына жастарды тарту арқылы оларды үлкен өмірге дайындауға әбден болады. Әсіресе замандастарымызды уақыт жаңалығы, бизнес әлемі, жаңа заман лебі қатты қызықтырады. Біздің де келешегіміз осы қағидаттар негізінде қаланатын ақиқат.
Елордамыздың төсінде әрбір күн ізденіс пен қызыққа, есте қаларлық тамаша сәттерге толы студенттік жылдарым өтіп жатыр. Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтын келешекті алыстан болжаған көрегендік саясаты мен салиқалы бағытының нәтижесінде 1998 жылы Астана мәртебесін иеленген кешегі Ақмола өткен 20 жылдың ішінде көркімен көз тартатын, бүкіл әлем тамсанған шаһарға айналды. Зәулім ғимараттар, алыс- жақын шет ел елшіліктері, іскерлік орталықтары, мәдени ойын-сауық мекемелері, мұражайлар-бәрі-бәрі жан сүйсіндіреді. Жайлы да зәулім емдік сауықтыру мекемелері, халыққа қызметін ұсынған білікті ғалым- профессорлар, шипа қолды маман-дәрігерлер еңбек аптасының әрбір күнінде талай жаңнын дертіне дауа тапқаны, сырқатынан айығып, үйіне есен-сау оралып жатқаны жақсылықтын нышаны. Бір кездері Алматы мен Мәскеуден ем іздеген жандар енді іргеміздегі Астананың өзінен кәсіби деңгейде, ойлағандай дәрежеде медициналық деңгейде көмек алғаны-ел үшін ойластырылған игі шаралар.
Өнер ордаларына күнделікті сабақтан қолымыз қалт еткен сәттерде біз де курстастарымызбен бірге барып жүреміз. Өнер шеберлерінің, театр актерларының концерті мен тартымды қойылымы бәрімізге рухани азық береді. Бұл Президентіміздің «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» тапсырмасымен толық үйлесім табатын, жастардың ой-өрісін шыңдайтын, дүниетанымын кеңейтетін игі іс.
Қалада бой көтерген әсем ғимараттың бірі -«Пирамиданың» ішінен бөлек, сырты да бір сымбат әлем. «Бәйтеректің»- өзі өзіндік бір ғанибет. Жастарға арналған сарай, театр мекемелері болашақ жастың игілі үшін жұмыс атқарып жатыр. Орданың бар ғажайып ғимараттарын жекелей алғанда бір-бірлерін көркемдікте асып тұр. Ерке Есілдің сол жағалауында орналасқан айбынды Астананың ауыз толтырып айтар көрікті орындары көп екені бәрімізге аян. Бұл деген Астананың аз уақыт аралығында жеткен жетістіктері деп білеміз.
Жалпы іні-сіңлілеріміздің, ұрпағымыздың келешегі қастерлі Елордамызбен тікелей астасып жатқаны, жастарымыздың осы өнірде өз орның тапқаны, баршаның бірлігі мен достық жарасқаны шынымен жақсылық. Лайым осы мәртебе-беделіміз биіктеп, биыл жиырмаға толған Астанамыз бозбаладай бой түзеп, ашық аспан аясында жасана берсін.

Зарина КЕҢЕСОВА.