БИЗНЕС – ЭКОНОМИКА ТЕТІГІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дана Сайлауқызы Жәкудина тілшімізбен әңгімесінде тиянақтылықты адамның ең негізгі қасиетіне балайтынын айтты. Айналада: туыспен де, ұжыммен де, мемлекетпен де, қарым-қатынаста ол басты қағида болуы тиіс. Онысыз жақсы қызметкер, тіпті басшы болуыңыз екіталай, Айтылған ойдың жаны бар. Жерлесімізге, келешегінен үміт күттіретін жас жетекшіге, ең жауапты бөлім сеніп тапсырылған.

Дана Сайлауқызы Жәкудина
Дана Сайлауқызы Жәкудина

Дана 2008 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Көкшетаудың «Көкше» академиясын «Заңгерлік» білігі бойынша бітіріп алды.
Еңбек қызметін 2008 жылы ксіпкерлік бөлімінде бас маман-бухгалтер лауазымынан бастады. Қызмет баспалдағымен біртіндеп жоғарылады – 2016 жылдың желтоқсанынан бері дербес бөлімді басқарып келеді. Тұрмыста. Екі баланың анасы. Сонымен жерлесімізге дағдылы сауалымызбен жолықтық.
-Дана Сайлауқызы, аудан аумағында жұмыс істеп жатқан кәсіпорын саны қанша? 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарына қандай жоба енгізіліп отыр?
– 2018 жылдың 1 маусымына дейінгі дерек бойынша ауданда «811 АРЗ КИ» АҚ (бастығы Е.Кәрімов), «ТМЗ Сервис Казахстан» ЖШС (В. Попов), «Первая ветровая электрическая станция» ЖШС (бас директоры М. Ізбасқанов), «КаzArms» ЖШС (Р.Крафт), «Ерейментауский кирпичный завод» ЖШС (О. Озоренок), «Қызылту» С. Костюченко), «Завод Мега Бетон» ЖШС ( С. Клишин), шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ерейментау Су Арнасы» КМК (Н. Кайыржанов) және дәл осындай «Теплосервис» КМК ( Т. Ахметов) жұмыс істеп тұр.
Аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген аймақты дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған шаралар жоспарына сәйкес келесідей жобалар енгізілген: «Штурм» ЖШС-нің қару-жарақ фабрикасының құрылысы (жоба бастамашысы И. Пивоваров). 24 жұмыс орнын құратын жоспары бар. «Еrymentay Wind power» ЖШС (бас директоры Б.Сатылбалдиев), «АВС Агро» ЖШС (Ет өңделетін қасапхананың жұмысын ұйымдастыруға арналған). Туризм мәселесіне келсек – «Майлан KZ» демалыс аймағын құратын жоба енгізіліп отыр. Осы негізде 500 адамды қабылдауға лайықталған демалыс аймағы салынбақ. Оған жағалау аймағы, ағаш үй, серуен қайығы мен катамаран ұсынатын арнаулы станса, балықшы, шаңғышы, велосипедші үйі кіреді.
«Сайран Бразерс» ЖШС (бастама иесі К. Омаров). Жобаға жол жиегіндегі сервис пен экологиялық туризм кешені енгізілмек. «Коржинколь» ЖШС көл-тауарлы балық шаруашылығын қолға алмақ ниетте (бастама иесі Ордабай Самат). «Шачнева» жеке кәсіпшілігінің жобасы «Астана-Павлодар» тас жолында жол жиегіндегі сеорвис кешенін игілікке беретін болады. Бұл кешенге бір және екі орындық мотель, дәмхана, дүкен, жеңіл және жүк автокөлігінің тұрағы, экологиялық туризмге лайықталған ат қора кіреді. «Диляра» жеке кәсіпшілігінің жобасы (А. Бөкешева) Өлеңті ауылдық округінің аумағында қоныстанған, Жол жиегіндегі кафе жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша ТҚКС, дөңгелек жөндейтін орын салынбақ.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына бірден тоқталғым келеді. 2010 жылдан бері 19 жоба мақұлданды, жалпы 125 адам жұмыс тапты.
2017 жыл ішінде өңірлік үйлестіру кеңесі гранттық қаржыландыру бойынша «ПОШ Карагайлы» жеке кәсіпшілігінің жүннің бастапқы өңделіміне арналған өндіріс желісі, тоқымасыз материал өндірісі қадамын мақұлдады (жетекшісі – Р. Кушеков). Жобада көрпеге, жастыққа, матрасқа лайықты экологиялық таза табиғи толтырғыш әзірленімі қарастырылған. Келешекте 9 адам жұмысқа алынатын, бітеу көрпе тігетін желі іске қосылмақ. Өндіріс орны Торғай ауылдық округіне орналасады. Жобаның жүзеге асырылатын мерзімі – 2017-2019 жыл.
«Lain S» ЖШС-нің жобасы да мақұлданды. Ол В.Земблевскийдің басшылығымен «Бүркіт» ұлттық саятшылық орталығын ашпақ ниетте. Нәтижесінде үш адам жұмысқа алынады.
– Сіздің ойыңызша, кәсіпкер кезігетін негізгі қиындық қандай?
– Егер бастауыш кәсіпкерге келер болсақ, бірінші кезекте, әрине, бизнес құру идеясының өзі заман ағымымен үйлесімділікті талап етеді. Келесі мәселе қаржыға келіп тіреледі. Бүгінгі күні банктердің бәрі бастауыш кәсіпкерлермен біркелкі жұмыс істей бермейді. Сол себепті кепілдік мүліктің жоқтығынан қиындық туындайды. Банктің тағы бір талабы – несие тарихы мен табыстың жоқтығында.
Несие қаржысының есебінен жақсы қадам жасауға әбден болады. Сәйкесінше, мұндай жағдайда қаржыланлыруға қолжетімділік туындайды. Өйткені табысы мол бастама екі әлде үш жылдан кейін баяндылығымен әйгіленеді. Қазақстанда стартап насиесін төмен пайыздық мөлшерлемемен ресімдеткен абзал.
– Сіз өзіңіздің іскерлік мансабыңызда қандай қиындыққа кезіктіңіз, оны қалай еңсердіңіз? Кәсіпкерлерге пайда беретін тәжірибеңіз, ұсынысыңыз қандай?
– Ең негізгісі – алға мақсат қоя білу, оған ұмтыла білу. Өмірдің сүрлеу – соқпағы да әрқилы, сол себепті бәрі біркелкі табысты бола бермейді. Қиындықсыз өмір де қызық болмас еді. Кедергіні еңсере білсеңіз, жақсылығын екі есе артық сезінесіз, оған көңіліңіз толады. Бара-бара мәртебеңіз, тәжірибеңіз еселенеді, іске ысыласыз, төселіп аласыз.
–Кәсіпкерлерге білікті бизнес-бапкерлердің, кеңесшілердің көмегі, бизнесте нәтижеге жылдам жетуге лайықталған жеке жұмысы қажет пе?
– Өз басым бұл көмек өте қажет деп санаймын. Келіссөз, шешендік өнер бейімділік, түрлі жаттығу ісі өсіп-жетілуге молынан сеп болады. Бұл дегеніңіз – тұлғалық өсу. Өйткені бизнестің өзі – тұтынушы мен сатушының, өзге серіктестердің арасындағы коммуникация құрылымы. Жалпы жетілуің, бизнесіңнің әрі қарай дамуы қалай жұмыс істеуіңе байланысты. Сондықтан осының бәрі ойда ұсталуы тиіс қағида деген ойдамын.
– Өз әріптестеріңізге, шағын бизнес саласы басшыларына нендей тілек қосар едіңіз?
– Ұжымымызда білікті үш жас маман баршылық. Олар: Бауыржан Тасболатов, Гүлжан Рыспаева, Дархан Әубәкіров. Бәріміз ынтымақтаса жұмыс істейміз. Ешқашанда уақытпен санаспаймыз. Өзара көмекке даяр тұрамыз. Әріптестеріме сәттілік, мансап өсімін тілегім келеді. Өзімнің алғашқы тәлімгеріме, кәсіпкерлік бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрлан Зияйденұлы Мұқатовқа арнайы алғысымды айтамын.
Шағын бизнес өкілдері орта, ірі кәсіп дәрежесіне дейін өсе берсін. Қиындық кезіксе де, өз орнын тауып, қолға алған ісін еш мойымай, жалғастыра берсін. Бастапқы кезең, алғашқы бір-екі жыл оңайға түспейтіні рас. Дегенмен оны еңсере білген, алға ұмтылған абзал. Осы бір өтпелі кезеңнің баршаңыз үшін қысқа әрі жеңіл болуын тілеймін.
Әңгімелескен ЛЮДМИЛА МАРКОВА
Суретті түсірген автор.