БІЛІКТІЛЕР ӘСПЕТТЕЛДІ ОРТАДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні қарсаңында Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде кәсіби мейрамға арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні
Мемлекеттік қызметкерлер күні және Қазақстан полициясы күні

Аудан әкімі Виктор Радченко билікке сенім негізін мемлекеттік қызметкердің қалайтынын, ол заманауи қоғамның ыңғайына икемделуі тиістігін, жалпы аймақтың тиімді дамуы кәсіптік білікке, тәжірибеге, талап-талпынысқа байланысты екенін айтты. Өңірдің ішкі істер бөлімінің, сала ардагерлерінің атына да жылы лебіз арналды. Музыка әуенінің сүйемелдеуімен қоғамдық тәртіп күзетіндегі, азаматтардың тыныштығын қорғауға арналған қиын да жауапты қызметті атқарып жүрген әріптестер әспеттелді.
Ішкі істер бөлімінің қызметтегі сақшылары мен қадірлі ардагерлері Александр Вербицкий, Әйгерім Батталова, Думан Назымбеков облыстың полиция департаменті бастығының Грамотасына ұсынылды. Төлетай Жылқайдаров, Жұмабай Ыбыраев, Бауды Тепсаев, Нұрбек Тоқсанбаев, Ержан Бошанов, Алмаз Төлендинов аудан әкімінің Грамотасын иеленді.
Бірқатар ауыл, ауылдық округ әкімдері, әкімдік, дербес бөлімнің бас мамандары Алмагүл Мұстафина, Зейнегүл Жәкішева, Гүлнәр Смағұлова, Ольга Яворская, Мәрия Сапарғалиева, Гүлден Төлеуова, Роза Жұмақанова адалниетті еңбегі, сала ісін дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік қызметкер күні құрметіне аудан әкімінің Грамотасымен көтермеленді.
Мемлекеттік қызмет ардагерлеріне аудан әкімдігінен гүл дестесі тарту етілді. Ауданның мәдениет ошағының көпке танымал көркемөнерпаздар ұжымы қонақтарға көпшілікке сазды сәлемін арнады.
Раушан БАРЖАҚСЫ
Суретті түсірген автор.