ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Аудан әкімі Виктор Радченко Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік мейрамы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында дөңгелек үстел жүздесуін өткізді. Оған аудандық мәслихаттың хатшысы, партия ардагері, қала мен аудан газеттерінің бас редакторлары мен тілшілері қатысты.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҮЗДЕСУІ

Көшбасшы партия аудандық филиалы төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков шараға қатысушыларды таныстырды да, аудан басшысына сөз берді. Виктор Николаевич Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің саясатын насихаттауда баспасөздің атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Өңір игілігіне арналған жемісті жұмысы үшін алғыс айтты. Ізінше БАҚ редакторларын марапаттау рәсімін жүргізді.
Аудандық «Ерейментау», «Ереймен» қоғамдық-саяси газетінің, апталық «Мир Рекламы», «Ривер» басылымының редакторлары Раушан Нұрғазинова, Дастан Ербатыров, Диана Сырымбетова құрметтелді. Оған қоса басылым тілшілері Нұрлыбек Төрегелдин, Людмила Маркова, Жанар Алпыспаева, Анар Қызыкенова аудан әкімі мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының атынан Алғыс хатты иеленді. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов, партия ардагері Сара Дүйсембаева жылы лебізін арнады. Жыл сайынғы құрметі мен құттықтауы үшін аудан әкіміне, ішкі саясат бөліміне, көшбасшы партия мүшелеріне жауап сөзі мен газеттің қалыптасу тарихы, жаңа кәсіп игеріліміндегі алғашқы қадамы туралы естелігін Нұрлыбек Төрегелдин мен Диана Сырымбетова ортаға салды. Асқар Өсіпов жетекшілік ететін Балалар музыка мектебінің домбырашылар тобы тартымды концертін назарымызға ұсынды. Ол жаңа мереке – Домбыра күнінің айшықты беташарына айналды.
***
Бұл күні аудандық соттың жиналыс залында сот төрағасы Мақсат Ақышев ұжымның көз алдында аудандық «Ерейментау», «Ереймен» газетінің редакторы Раушан Нұрғазинованы құрметтеді. Шаршы топта сот жүйесінің мәртебесін көтеруді көздеген бірлескен жұмысы және халық арасындағы кең ауқымды түсіндірме жұмысы үшін ризашылық ниетпен Алғыс хат табыс етті.

Раушан БАРЖАҚСЫ.
Суретті түсірген автор