ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ – МӘРТЕБЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)

Loading...
Мемлекеттік қызметкер күні өз саласында адал еңбек еткен, білімі мен қызметін халық игілігіне арнаған сала өкілдерінің үлкен тобы аудан орталығында көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Хасамхан Хавджалел
Хасамхан Хавджалел

Дәл осы кәсіптік мейрам күні Көкшетаудан заманауи байланыс желілері арқылы тағы бір қуанышты сүйінші хабар жетті. Облыс орталығында өткен әріптестердің салтанатты жиынында облыс әкімі Мәлік Мырзалин мемлекеттік қызметте кәсіби білігімен танылған, туған жерінің қамын көздеген жандардың үлкен тобын шын ниетпен құттықтады.
Елге сіңірген еңбегіне қарай сый-құрмет көрсетті. Осы қатарда біздің ауданнан Олжабай батыр ауылының әкімі, елгезек азамат, келешегінен мол үміт күттіретін білікті маман Хасамхан Хавджалел облыс басшысынан Алғыс хат алып, аудан мерейін үстем етті.
Біз де ауыл азаматының қуанышына ортақтастық ниетпен жерлесіміздің ауыл игілігіне еңбегіне толымды табыс, деніне саулық тіледік.
«Ерейменнің» өз ақпараты.