ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМ – ОРТАҚ МӘРТЕБЕ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Маусым айының алғашқы аптасында Тайбай орта мектебі жанындағы «Жұлдыз» жазғы лагері өз жұмысын сәтімен бастап кетті. Демалыс ошағының басты мақсаты: әрбір шәкіртті жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, бос уақытты мәнді де тиімді пайдалануды үйрету, рухани және мәдени білім деңгейін жетілдіру, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады.

Жас бүлдіршіндер
Жас бүлдіршіндер

Лагерьдін барлық шаралар жоспары «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына негізделді. Тәрбиеші мамандар, мектептін бастауыш сынып мұғалімдері: С.Д.Мұқашева, Б.Ш.Батталова, Н.В.Мамбур барлық білімі мен іс-тәжірибесін өз өрендерінің дәстүрлі демалыс кезеңін сәтімен, қызықты да мәнді өткеруіне арнай білді. Осы негізде іс-шаралар жоспарын құрды, мектеп жасындағы балалардын толыққанды демалысы мен шығармашылық дамуы басты назарда ұсталды. Тыңығушылармен бірігіп «Елімнің ертеңімін» , «Мемлекеттік рәміздер күні», «Бала еңбегі», «Түрлі-түсті армандар», «Мен чемпион», «Ерте, ерте, ертеде…», «Жасыл экология», « Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Шебер қолдар күні», «Әзіл қоржыны», «Өнерлі өрге жүзер» атты көптеген танымдық-тақырыптық ертеңгілік, мәдени-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шәкірттердін каникул кезіңдегі бос уақытының әсерлі де мәнді, қызықты да көңілді өтуіне жағдай жасайтын мектеп ұжымына ата-аналардың ризашылығы шексіз. Өйткені ұзақ күн заманауи ұялы телефон мен айфонға байланған,құлаққап киіп алған ұл-қыз айналадағы жаңалыққа еш қызықпайды. Ал мән-мағынасы түсініксіз, өң-жүзі қорқынышты алыс шет елдік мультфильмнің балаға берер пайдасы қандай? Сондықтан таза ауадағы серуен мен ойынның, түрлі жарыстың дүниетанымды кеңейтуге, ұйымшылдық пен бірлікті нығайтуға септігі мол болады. Жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп ұжымына жазғы демалысты жақсы өткізіп, күш жинап, жайдарлы көңіл-күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз!
(Ақпарат электронды поштамен алынды)