ТЕСТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Өткен аптаның демалысы күні түлектер сыныбына қоса мұғалімдер мен ата-аналарды айрықша қобалжытқан кезең болды. Бұл күні 11 сыныптың барлық оқушылары қорытынды аттестациядан өтті, орта білім туралы құжатын алды. Сонымен әрмен қарай республиканың жоғары оқу орындарында білім алуға ниеттенген ауданның он жеті орта мектебінің 142 оқушысы ҰБТ сынағына кірді.
«Алтын белгі» иегері атанған жеті оқушының бесеуі берілген тапсырманы абыроймен орындап шықты. Олар: Қабидолла Маржан, Әбдірахманов Айдосбек, Наузбаева Аделия, Әбдірахманова Аяжан, Хұрметбек Құдайберген. Гүлназ Еркебаева түлектердің ішінен аудан бойынша ең жоғары – жалпы 126 балл жинады.
11 оқушы ерекше үлгідегі аттестаттан үміткер болатын. Тестіге қатысқан 10 баланың арасында Алқиса Құралай, Төреханова Айдана, Мағұрыпова Дариға, Мухтархан Шолпан 100 және бұдан да көп баллға қол жеткізді. Сырымбетова Әлішер, Ақышева Нұрай, Силам Әйгерім, Ерболат Елдос, Нұрмағанбетова Жаңылшын, Матрохина Дана, Еламанов Диас, Бекдорж Бүркітбай, Қалиева Диана барынша жоғары көрсеткіш байқатты.
Орта мектептер бойынша 2017-2018 оқу жылы ішіндегі ҰБТ тапсырылымының жалпы қорытындысы шығарылды. Алғашқы төрт мектеп: Перуаш Кәрімов атындағы орта мектеп (97 балл), №2 орта мектеп-лицей (94,8 балл), Олжабай батыр атындағы орта мектеп (92 балл), Сілеті орта мектебі (82 балл) үздік нәтиже байқатты. Көрсеткіш кестесін Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектеп (62,2 балл), №4 орта мектеп (62 балл), Торғай (56 балл), Ақмырза орта мектебі (39 балл) тәмамдады.
Аудан бойынша орташа балл деңгейі -75,7 пайыз, былтырғы жылдың қол жеткен межесінен жоғарырақ.
Раушан БАРЖАҚСЫ