«ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ: САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОЛЫНДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік мейрамы қарсаңында «Павлодартранстелеком» акционерлік қоғамының Ерейментаудағы филиал басшысы Ирина Федоровна Арбузоваға жолықтық. Жерлесіміз мекеменің жұмысы, ұсынатын қызметі, озық технологиясы, байланыс сапасына жауапты әріптестер жайында ақпарымен бөлісті.

«Транстелеком» АҚ
«Транстелеком» АҚ

Бүгінгі ақпарат ғасыры өз заңын ұсынумен қатар жаңа міндет жүктеп келеді. Республикадағы жетекші телекоммуникация операторының бірі «Транстелеком» АҚ өз тапсырмасын абыроймен еңсеруде.
Магистральді талшықты-оптикалық тармақталған байланыс желісі және темір жолдың бойында орналасқан телефон байланыс желісі оператордың ұзақ жылғы еңбек нәтижесі болып табылады.
«Транстелеком» компаниясының бүгінгі атауы «ЭКСПО-2017» өткізілімі мен «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылымы секілді, Халықаралық шеңбердегі оқиғалармен тұрақты байланыста. Мекемеде өткен жылдың соңында ребрендинг жүргізілді, компанияның өзінің заманауи жаңа логотипі пайда болды. Орталықтандыру мақсатында Бірыңғай байланыс орталығы құрылды, ол тәулік бойы жұмыс атқарады. Клиенттердің барлық өтінімі мен сауалы бір жерге тоғысады да, жедел өңделеді.
Компания өз қызмет төлемінің қолайлы жүйесіне де қам жасады. Оны «Қазпошта» мен «Қазақстанның халық банкінің» барлық бөлімшелерінде, сауда орындары мен вокзалдарда орналасқан QIWI терминалы, «Интернет банкинг» жүйесі арқылы төлей алады.
«Транстелекомда» бүгінгі таңда, телекоммуникациялық компаниядан озық IT компаниясына ауысым ісі жүргізілуде. «Ерейментау-Айсары» учаскесіне қызмет көрсететін компаниямыздың филиалында өз ісіне жетік, адал ниетпен, жауапкершілікпен қарайтын, бүкіл теміржол бойында тәулік бойы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін жандар жұмыс істейді. Олар – телеграф (Ц) АТС, жергілікті желі, сату қызметі, ЛКБ (ТОБС). Ұжымымыздың негізін құрайтын білікті мамандарды ризашылықпен атап өткім келеді. Олар: Г.П.Кривошеева, Л.Г.Умнова, Ю.Н.Самойлов, И.С.Кучерюк, К.Ф.Федосеева, Қ.Р.Бөкешев, С.И.Рыженко, М.К.Жүсіпов, Н.В.Габа, А.О.Әбішпаев, Б.Мирхамидов, Б.А.Бекқожин, С.К.Бітіков, А.П.Арбузов, Г.А. Кучерюк және басқалары. Компаниямыздың дамуына еңбегімен сүбелі үлес қосқан зейнеткерлеріміз, сала ардагерлері ізетке лайық. Олар: Т.В.Арбузова, Г.В.Ворожцова, В.П.Долженко, Л.И.Зинич, А.Е.Иванов, Н.В.Петкау, Г.С.Шакиров, Л.П.Михайлов, Т.С. Егоров, Л.И.Янков, Н.Ғ. Қасымов.
Кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында барлық еңбеккерлерді төл мейрамымен құттықтағым келеді. Кәсіпорнымыздың әлеуетін нығайтуды, мәртебесін еселеуді көздеген қажырлы еңбегі үшін алғысымды жолдаймын. Сіздерге және туыс-жақындарыңызға ізгі-тілегім шексіз, баянды бақ пен денсаулық, сүйікті компаниямызды өркендетуде толымды табыс тілеймін! Меркелеріңізбен, қымбатты әріптестер!
Дайындаған Раужан БАРЖАҚСЫ
Суретті түсірген Ержан ТҰРҒЫНБАЕВ