Ол рас, ауылда еңбек еткен жанның ырысы да молаятыны, нәтижесіне қанаттанатыны анық. «Кештік өмірің болса – түстік мал жый» деген қазекемнің қанатты қағидасы пайдалы да игілікті кәсіп көзін меңзейді. Бейсенбай Оразалиновтың «Мадина» шаруа қожалығы да осы бағытқа ден қойып отыр. Бүгінде зайыбы Зәмзәгүлмен бірге ірі қара, қой мен жылқы күтімін қолға алып отыр.
Көліксіз, еңбек құралынсыз ешқандай іс бітпейтіні белгілі ғой. Оны да ескерген фермер азамат екі трактор мен шалғы алдырған. Оны Рафиз Галимов пен Ағлан Шәймерденов жүргізеді, тиісті бабында ұстап, реттеп отырады. Бақташы Арман Бәйтеміров малдың күтімін қадағалайды, жайылымына, түлік амандығына жауап береді. Aры қарай оқу
Ай: Шілде 2018
АЙДЫННЫҢ ДА КӨЗДЕГЕНІ – КӨПТІҢ ҚАМЫ
Бестоғай ауылдық округінде алыстан мұнартқан, заманауи деңгейде бой көтерген үш ферма мен тұрғын үйге жақындап келдік. Тіпті сыртқы келбетіне көзіңіз тоймайды. Барлығы ине-жіптен жаңа шыққан дүниедей жасанып тұр. Шаңырақ иелеріне жолықтық. Жылы амандастық Жақын таныстық. Әңгімелесе келе жаңағы игіліктің бәрі Айдын Сәдуақасов басқаратын «Нұр Агро» жауапкершілігі серіктестігінің шаруашылық алаңы екеніне көз жеткіздік.
Мал қорасы мен жеке тұрғын үй-бәрі-бәрі, дәлірек айтқанда, іргетасынан бастап жаңадан көтерілген. Сонымен мал ұстауға қолайлы жағдай қарастырылған. Бүгінде ауыл фермерінің иелігінде өз қаражатына алдырылған сүт бағытындағы 81 бас сиыр, алды қоздап жатқан романов тұқымды 110 бас саулық күтілуде. Aры қарай оқу
ҚОҚЫС ТОЛЫ ЖАҒАЛАУ
Ерейментау Арқаның ең бір көрікті жері. Оны ән-жырға қоспаған ақын кем де кем шығар.
Алланың берген сыйын бағалау, оған қамқор болу – әрбір саналы, рухы биік азаматтың міндеті деп ойлаймын. Бірақ, сол бір көрікті жерлерді аяқ асты қоқыс қордасына айналдырып жатқанымызды кейде сезбейтін жаман әдетіміз бар.
Жаздың жайдары бір күнінде Сайдалының іргесіндегі Құрбет көліне бала-шағамызбен демалысқа барып, көңіліміздің ортайып қайтқаны бар. Табиғатқа емес, адамдарға реніш білдірдік. Жағада шашылып жатқан бос шөлмектер, қағаз бен су қалталар, қауын-қарбыздың қабықтары – көрген көзге мұң ұялатады.
Жауапсыздық пен салғырттық әрбір келушінің кеткен кездерінен-ақ көрініс береді. Кейбір адамдар қапшықтарын толтырып әкеліп, тойынғаннан кейін бәрін шашып кетеді. Қастарындағы ойнап жүрген балалары мұны көріп жүрді. Ата-анасының ізбасарлары «ұяда не көрсе – ұшқанда соны іледі» емес пе… Aры қарай оқу
ҚЫМЫЗ-КӨПТІҢ ЫРЫСЫ…
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ықылым заманнан бері жылқы мен түйенің адамға берер игілігі өте жоғары бағаланған. “Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған. Жолға шықсаң-көлігің әрі айнымас серігің, ішсең –сусының, жесең-тағамың, кисең-киімін болған қос түлік ата-бабамыздың тіршілік көзі іспеттес. Мереке-қуанышта да, басқа түскен небір ауыр күндерде де бұл түліктер жүйрік сәйгүлік, ыстыққа төзімді аруана адам баласының айырылмас досы болған. Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Құнарлы сусынды дайындау қазақтың ертедегі көшпелі өмірінен бастау алды, дәстүр ретінде әлі де жалғасын табуда. Халық арасында қымызды көңіл-күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп те атайды. Дертке дауа, сауға қуат беретін қымыз өндірісі бүгінде елді мекендерде кәсіп көзіне айналғандай. Аталмыш тақырыпқа арқау болған кейіпкерлерім шипалы сусын баптауға лайықталған өз тәжірибесімен бөлісті. Aры қарай оқу
КӨРІКТІ ОРТА-МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІ
Аудан әкімінің арнаулы қаулысымен айналаны абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру айлығы жарияланған болатын. Белгілі уақыт аралығында бүкіл өңірде осы мақсатта ауқымды жұмыс жүргізілді.
Аудан мен қаланың айтулы тарихи мерекесі қарсаңында төңірегіміздің жанға жайлы әрі таза болғаны бәрімізге ортақ абырой. Күн сайын өзіміз көріп жүргендей, қала әкімдігінің қарамағындағы тазалықшы өкілдер гүл көшетін баптауға, орталық саябақты, бекітілген төңіректі күтіммен ұстауға өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Ал соңғы күндері жауған толассыз жауынның әсерінен үй мен мекеме айналасында түрлі шөп барынша қаулап өсті. Күні кеше аспанды торлаған қалың бұлт бір сәт сейілді, шуақты күн нұры айналаға мол төгілді. Aры қарай оқу
ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА
Өткен аптада Тайбай ауылдық округінің әкімі Талғат Бапанұлы Кәрібжановпен кездесудің сәті түсті. Әңгіме барысында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығының қорытындысы, мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушылары, атқарылған жұмыс пен туындаған проблемалардың шешімі туралы ақпарат алдық.
-Ауылдық округ аумағында 29 мың адам қоныстанған төрт елді мекен бар, оның ішінде еңбекке қабілеттісі, экономикалық белсендісі – 1272 мың адам. Екі орта мектеп, Елтай ауылында негізгі мектеп, екі ауылдық кітапхана жұмыс істеп тұр. Екі фельдшерлік-акушерлік және бір амбулатория тұрғындарға медициналық қызметің ұсынады. Aры қарай оқу
КҮДЕРІ ИШАН МАЗАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛСА…
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдары өткенімізді түгендеуге, барымызды бағалауға, ата-баба ғұмырнамасын келешек ұрпаққа кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен жуырда құрастырылған, бірқатарының бейіт-қорымы нақты анықталған киелі орындар картасы тың мағлұмат қорын байытуға молынан септесті. Міне, жуырда Омбы, Көкшетау өңірінен Ерейменге арнайы ат басын тіреген қонақтар тобы тағы бір ізгі ниетін, игі мақсатын баян етті. Бізге де құрметті де құдайы қонақтарымызбен сапарлас болудың сәті түсті. Құрметті мейманымыздың бірі – Раушан Мұқанова әңгімесінің кіріспесінде Дос есімді нағашысы болғанын, ал әкесі – нағашы атасы Смағұл қажының кезінде қазіргі Өлеңті ауылдық округіне қарасты Бекболат өңірінде медресе ашқанын баян етті. Білім ошағында арнайы жалдаған ұстаз шәкірт-балалардың сауатын алғаш араб тілінде ашқан деседі. Смағұл қажының зайыбы – Мөлдір есімді келіншек атақты Бұқар жырау Қалқаманұлының қарындасы болады екен. Алдында аталған Достың Төлешін аласапыран уақытта байдың тұқымы ретінде көзін құртқан деседі. Біз бұрын-сонды естімеген осындай жайттар шынымен қайран қалдырды. Қазақы ғұрпымызбен ру тергеп, ата таратар болсақ, ишан бабаның арғы тегі Қожадан тарайды екен. Өңірімізде де осы Атаның ұрпақтары, тиісті мәлімет білетін жандар баршылық. Олардың да қызықтырған адамның назарын аудартатын, мәліметке қанықтыратын құнды дүниені ұсынары анық. Aры қарай оқу
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ
«Елдің атын ер шығарар» деген сөзді жалаң түсінуге болмайды. Себебі, қазақта ер мінезді қайсар қыздар көп болған. Еңбегі мен өнерін бағалағанда қазақ атамыз оларды анау-мынау ерлерден әлдеқайда жоғары қойған.
Біз білетін еңбек және тыл ардагері Нағима Латипова сондай аяулы жан еді. Ақмола облыстық партия комитетінде жұмыс істеп жүрген кезімде мені іздеп келіп өзінің жүрекжарды сөзі мен ақылын айтып, болашағыма жақсылық тілеген ел адамдарының бірі еді.
Нағима апай тағдырдың бұралаңы көп, соқтықпалы соқпақты жолдарымен жүрсе де алған бетінен қайтпаған кісі. Мектепті үздік аяқтаған соң, сол кездегі КСРО мемлекетінің астанасы – Москваға өзі сияқты жоғары оқуға арнайы жолдамамен бара жатқан 10 қазақстандық қыз-жігіттермен Челябинскіге жеткенде, Ұлы Отан соғысы басталғаны жайында жаманатты хабар алып, лажсыз елге оралуға мәжбүр болады. Aры қарай оқу
АСЫЛ БЕЙНЕН ЖҮРЕГІМІЗДЕ!
ЕСКЕ АЛУ
Көзден кетсең де,
Көңілден кетпейсің!
Орынбай ақын атамыздың: қашанда тағдыр ажал келген күні кімдерден кімдер жылап айырылмаған, – дегені біздің де басымызға келгендей. 2018 жылдың 20 маусымында отбасымыздың күні тұтылып, айы батқандай ауыр қаза әкеліп, балаларының анасы, немере-шөберелерінің әжесі, біздің апамыз Балшекер Сабырқызынан айырылып, қабырғамыз қайысты, жүрегімізді сыздатты. Қайран асыл анамыз, апайымыз ортамыздан дәл сені алып кетеді деп кім ойлаған? ортамыз ортайып бос қалғандаймыз. Сенің орның әрдайым жетпей тұрады. Апамыздың орның бос тұрғаны жанымызға қатты батады. Амал нешік, Алланың ісіне не шара. Балшекер апамыз марқұм жездеміз Тоқмағамбет Өтеубайұлымен 35 жыл бірге өмір сүріп, «Алтын алқалы» ана, қымбатты әже бола білді. Жеті бала, жеті немере,бір шөбере сүйді. Иә, м арқұм Балшекер апамыз әкесі Сабырға тартқандай еді. Әкеміз Сабыр марқұм атана заты сай кісі еді. Сабыр десе дегендей, сабырлы, салмақты, дара туған адамның асылы деуге болатын. Әкеміз отбасына, ағайын-туыстарға, елге сыйлы адам болатын. Ағайын-туыстар болып кеңескенде бәрі де сол кісінің шешуімен болатын. Төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей кісі еді. Өмірде барлық нәрсенің орның толтыруға болады, тек ананы ғана еш құнды нәрсе толтыра алмайды дейді. Марқұм Балшекер апамыздың адами болмысы, өткен өмір жолы ағайын-туыстар, дос-жарандар үшін үлкен мақтаныш. Кейінгі толқын ұрпақтарға өнегелі мол сабақ. Балшекер апамыз өзінің туған жерінде, әке-шешеміздің қасына 2018 жылдың 20 маусымында топырағы Ерейментаудан бұйырды. Жатқан жерін жарық, топырағын торқа болсын, иманды болсын, жарқын бейнен мәңгілік туыстарының жүрегінде сақталады.
Еске алушылар: Исабаевтардың, Өтеубаевтардың жанұсы
ШОПАНДЫҚ-ТАБЫСТЫ КӘСІП
Ол рас, егер сіз бизнеске ден қойсаңыз, дәл осы саланы тандасаңыз, онда қадамыныздың дұрыстығына анық көз жеткізесіз. Қазіргі таңда, шопандық – пайдасы мол істің бірі. Өйткені, бұл түлік күй талғамайды, бап іздемейді,- деп пайымдайды менің кейіпкерім, Новомарковка ауылының тұрғыны Төре Мұсылманбекұлы Байзолдинов. Жерлесімізді әңгімеге тарттық.

-Сіз осы жолды қалай таңдадыңыз?
-Т.Б. Бәрін ретімен баяндайын. Кезіңде Сәкен Сейфуллин атыңдағы Целиноград ауыл шаруашылық институтын механизация инженері мамандығы бойынша тәмамдадым. Диплом алған бетте туған ауылым Ақмырзаға оралдым. 12 жыл осы салада еңбек еттім. 1990 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген жандар, тіпті мен де кәсіпсіз қалдық. Тіршілік көзін табу үшін азық-түлік дүкенін аштым, Ақмырза – Астана бағытындағы жолаушылар автобусын да іске қостым. «Новомарковка – 2002» ЖСШ директоры Б.Оспанов 2002 жылы маған өзінің орынбасары қызметін ұсынды. Aры қарай оқу