АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...

Есілдің екі жағын нұрға бөлеп,

Астана бой көтерді жаңа түлеп.

Төрінде Сарарқаның әсем қала,

Ел жұрттың арманы ед сені көрмек.

Астана талай шешім қабылдадың,

Жолында игі істің жаңылмадың.

Көрші мен алыс шетте қиналғанға,

Қамқоршы,тірегі боп табылғаның.

Астана арманыма қанат бердің,

Өзіңнен үлгі алып тәлім тердім.

Астана арман қала,ару қала,

Тірегі сен боларсың жер мен көктің.

Жиырма жыл құтты болсын мерейленген,

Өзіңді көрген сайын көргім келген.

Төрінде Азияның барыс қала,

Шашу шашып,абызы бата берген.

Арманы іске асып көрегеннің,

Ордасы ынтымақ пен берекенің.

Шет елде үлгі алар Астанадан,

Паш еткен тату-тәтті ел екенін.

Жайқалған айналасы жасыл әлем,

Өңімде,түсімдеде сені көрем.

Астана,Ақордасы Қазағымның,

Құттықтап мерей тоймен сәлем берем.

Новомарковка ауылы.

Әдебиет Байдолдаұлы.