«АСТАНАМДЫ МАҚТАН ЕТЕМІН!»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде дәл осындай тақырыппен дөңгелек үстел жиыны өтті. Бастама иесі – филиал төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ

Шаршы топқа мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, азаматттық қоғам өкілдері, аудандық мәслихаттың депуттатары, жастар, партия ардагерлері, журналистер жиналды.

Медеу Ерболұлы жиын беташарын Елбасы сөзінің кіріспесінен бастады. Әңгіме негізі Елорданың мерейтойын абыроймен өткеруге арналады. Астананың 20 жылдығына арналған жиын өткізілімі, мерекелік шара аясында партияның жаңа мүшелерін қабылдау бағдарламасын жария етті.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов Елорданың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі тарихына кең ауқымды шолу жүргізді, заманауи мегаполистін даму кезеңдері жайында баяндады. Негізгі сәулетшісі әрі бастама иесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болғаның әңгімеге негіз етті. Заманауи Астана Еуразия кеністігінің орталығына айналып отыр. Халықаралық деңгейдегі мәртебе-беделі ерекше биік. Халықаралық сипаттағы түрлі шаралардың еліміздің Бас қаласында өтетіні абыройымызды еселей түседі. Ізінше барша қауымды алдағы мейраммен құттықтады. Әңгімені сабақтаған ішкі саясат бөлімінің басшысы Кәмила Ахмедиярова, Ерейментау ауданының құрметті азаматы, музейдің ғылыми қызметкері Манап ӘдірешевАстанамыздың қалыптасу кезеңіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті.

Партия ардагері Сара Дүйсембаева партияластарды Астана күнімен құттықтады. Елбасының бағдарламасын жүзеге асыруға белсене үн қосып жүрген үздік бастауыш партия ұйымдарын, партия мүшелерін атап өтті. Аудандық аурухананың, сот қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге: М. Заманбекке, А. Мақпозоваға, Д.Дүйсенбеноваға, Е.Хуанышқа, Д. Қоқымбаевқа, Г.Жүсіповаға партия билетін тапсыру рәсімін жүргізді.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі депутат Юрий Адайкин партияға өткен жастарды өміріндегі бүгінгі мәртебелі де жауапты сәтпен құттықтады.

Партия мүшелері А.Өсіпов, М. Жетпісов, Д.Қабдешев Қазақстан сазгерлерінің күй-әуендерімен сазды сәлем арнады. Жас ақын Бахтияр Жепенов Елордамыздың мерейтойы құрметіне төл арнау шығармасын ұсынды.

Бүгінгі Астана – іскер жастар қаласы, халықаралық бейбіт келіссөз орталығы, түрлі ұлт пен діни сенім өкілдерінін татулығы жарасқан қастерлі орда, кең мүмкіндік пен қалыпты дамуды көздейтін ірі қала, деп ой қорытты Медеу Әбжіков.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА

Суретті түсірген автор