БАҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРҚЫРАСЫН, БЕЙБАРЫС!

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бүкіл республика көлемінде 10-16 жастағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің «Burabau Summer Fest» фестиваліне қатысушылардың іріктелім өнер бәсекесі өтті.

Бейбарыс Айтмұғамбетов
Бейбарыс Айтмұғамбетов

Игі шара Астананың 20 жылдығымен орайластырылды. Жолы болған өнерпаздар екі апта бойы Бурабай баурайында тынықты, репетиция жүргізді, орындаушылық шеберлігін шыңдады. Ерейментау ауданынан бағы жанған, мәртебелі өнер фестиваліне қатысқан № 1 орта мектептін оқушысы, балалар музыка мектебінің ұстазы Айнұр Рүстемованың шәкірті – Бейбарыс Айтмұғамбетов.

Балалар конкурс шарты бойынша негізгі үш аталым: вокал, аспап және би өнері негізінде өз қабілетін танытуы тиіс болды. Кішкентай өнерпаздардың ең үздігі, бірінші орынды иеленген жас орындаушы жуырда Астанада өткен Гала-концертке қатысты да, Лос-Анджелеске жолдама алды. Біздің жерлес жас әншіміз 3 орын тұғырына көтерілді, диплом мен естелік сыйды иеленді.

Жас өнерпаз жұлдызымызды қол жеткізген мәртебелі табысымен құттықтаймыз, ұдайы өнер айдынында бағы жанып, шығармашылық жолдағы беделі биіктей берсін!

Раушан НҰРҒАЗИНОВА