НАУБАЙШЫНЫҢ ДА ӨЗ ОРНЫ БАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Бүкіл еліміз Елорда тарихындағы айтулы оқиғаны атап өтуде. Дегенмен арамызда тиісті кәсіп-мамандығы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, денсаулығын сақтаумен орайласатын, сапалы азық-түлік алуға мүмкіндік беретін жандар баршылық.
Шындығында ол солай. Күнде дүкеннен дәмі тіл үйіреетін, жаңа піскен ыстық нан алған сәтімізде оған наубайшының өлшеусіз еңбегі сіңгенін аңғармаймыз, тіпті ойымызға да алмаймыз.

Татьяна Липатова
Татьяна Липатова

Тұтынушыны ас атасы – нанмен қамтамасыз ететін наубайхана конвейері жыл он екі ай бойы жұмысын үзіліссіз жалғастыра береді. Күншалған ауылындағы «Ақдін-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің осындай өндіріс орны да жаңағы санатқа кіреді Аға наубайшы Светлана Павлова көмекшісі Светлана Манаковамен бірге күнде таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін округтің тұрғындарына нан пісіріп береді.

Татьяна Липатова өз тәжірибесі мен білігін игі іске шебер пайдаланып келеді, конвейер мәртебесі мен беделін жоғары ұстауға қолдан келгеннің бәрін жасауда. Апталық жұмыс алты күнге есептелген. Жексенбі – демалыс. Жұмыс режимі нәзік жандылардың көңіліне қонымды. Цехта электр қамыр илегіш, духовкалы пеш іске қосылған. Жұмыс күні ішінде орта есеппен тиісті технологиясымен үйлесетін, салмағы 700 грамдық 200 бөлке нан, ниет білдіргендерге сатуға арналған 100 тоқаш нан пісіріп береді. Өз ісінің тәжірибелі мамандары шикізат жұмсалым технологиясын, қамыр өлшем нормасын, стандартқа сай салмақ үйлесімділігін қатаң сақтайды. Үш секциялы пеште бір мезгілде 70 бөлке нан пісіп шығады. Шикізат пен ұнды «Ақдін-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкеліп береді. Жұмысшылардың жалақысы да осы шаруашылықтан уақтылы төленеді. Ауыз су орталықтан беріледі. Қыста ғимарат өз пешімен жылытылады.
Жаңа піскен нан тікелей наубайхананың өзінен орталық қоныс тұрғындарына сатылады. Бағасы 75 теңгелік бөлкені жұрт лезде үлестіріп әкетеді. «Қалқаман» ЖШС-нің жұмыскерлеріне нан жалақының есебінен шектеусіз шамада таратылады. Оған қоса отбасылық мереке кезінде тоқаш нан пісіруге ауылдастардан тапсырыс түсіп тұрады.
УАЗ маркалы көлік жүргізушісі Антон Скрипкарь кесте бойынша Шәкей мен Қараталға аптасына екі рет, Ынтымақ ауылына бір рет нан апарып береді. Бұл қызметке ауылдастар да риза.
Біз аңғарғандай, кезінде бұрынғы «Легинский» кеңшарының иелігінде болған наубайхана ғимараты түпкілікті жөндеуді керек етежі. Негізгі иелерінің бұл тапсырманы да сәтімен еңсеретініне үміттіміз.
Нұрлыбек МҰРАТБЕУҰЛЫ.
Суретте: наубайшы Татьяна Липатова жұмыс ауысымында.
Суретті түсірген автор.