ВЕЛОШЕРУ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

1998 жылдың 6 шілдесі Елбасының Жарлығымен Астана күні болып белгіленді.  Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» медалі жоғары дәрежелік лауазымы беру ұйғарылды. Тәуелсіздіктің ақ таңына Астана атанған Бас қаламыздың күн санап дамуы әлем елдеріне мемлекетіміздің біртұтастығын, мызғымас тұрақтылығын айшықтай түсуде. Биыл жиырмасыншы белесін бағындырған, мерейтойдың шуағына малынған Елордамыздың мерекесі ел көлемінде кеңінен атап өтілмек.

Велосипедшілер тобы
Велосипедшілер тобы

Шілденің 4-і күні  өңіріміздің мектеп оқушылары мереке қарсаңында  велошеруге шықты.

Ұл-қыздар таңғы сағат 10-да қаламыздың мәдени спорт кешені алдыңдағы алаңға жиылды. Меркелік велошеруге қатысуға ниеттенген  іні-сіңлілеріміздің  бәрі біркелкі киім киген, темір тұлпарына түрлі-түсті шар іліп, бір қатарға сап түзеді.

Балалардың Елорда мерейтойымен орайласқан шараға  қатысуға ықылас білдіргендері көз қуантады. Бұл туған жерге сүйіспеншілдіктін, патриоттық сезім мен егемен Отан астанасына мақтаныштың жарқын үлгісі. Әрқайсысы өздерін іштей тәуелсіз елінің келешегі, алдыңғы буынның ізбасары ретінде сезінетінің қуанышты жүзінен айтқызбай-ақ аңғартып тұрды.

Велосипедшілер тобы белгіленген уақытта жол полициясы қызметкерлері көлігінің жетегімен жолға шықты. Олар қаламыздың Абай Құнанбаев, Абылайхан көшелері, әрмен қарай Орталық алаң бойымен мерекелік велошеру жүргізді. Велосипед те спорттың бір түрі десек, бүгінгі шараның өскелең жасты саламаттылыққа жетелейтіні, түрлі зиянды әдеттен, жат қылықтан сақтануға, ағзаны шыңықтыруға негіз болатыны анық. Жеткіншектердің ықшам да, ыңғайлы бұл көлікке ықыласы бір жағынан тамаша серуен боса, екінші жағынан – өзара жақын бауырластықты, достықты нығайтудың бір белгісі.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы – Зарина Хабибулина басқаратын  «Жастар ресурстық орталығы»  коммуналды мемлекеттік мекемесі.

Бүгін көркімен бүкіл дүние жүзін тамсандырған, күннен-күнге жаңарып жасанған  Астана – Батыс пен Шығысты жақындататын, әралуан мәдениет пен өркениетті, бірлік пен бейбітшілік, барша әлем елдерімен тату көршілік идеясын қалыптастыратын символ. Бұл жолда елімізде мәңгі тыныштық пен бейбітшілік орнап, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы әрі қарай өркендеп-өсе берсін!

Зарина КЕҢЕСОВА

Суретті түсірген Ержан ТҰРҒЫНБАЙ