КӨШБАСШЫ ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Еңбек аптасының басында Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің әдет-ғұрып бөлмесінде «Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының кезектен тыс XXVII партия конференциясы өтті.

Политсовет мүшелері
Политсовет мүшелері

Төралқада: «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Ерейментау ауданының әкімі Виктор Радченко, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Медеу Әбжіков.
Көшбасшы партия аудандық филиалының Саяси кеңесінің бюро мүшесі Сара Дүйсембаева конференцияның жұмысын жүргізді. Күн тәртібіне келесідей екі мәселе ұсынылды: «Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы; Аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы. Регламент бойынша конференцияның жұмысшы органдары сайланды. Делегаттардың сапалық және сандық құрамына арналған мандат комиссиясы хабарланғаннан кейін конференция делегаттарының өкілеттігін бекітуге ұсыныс енгізілді.
«Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының төрағасы лауазымына үміткер ұсынуға Ғалым Бекмағамбетовке сөз берілді. Ол партия көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін партияның жетекшілік рөлі жайында айтты. Партиялық жобалардың жүзеге асырылымына, қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттерге, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» Жолдауы шеңберіндегі негізгі басымдықтарға тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдары шеңберіндегі түрлі жобалардың жүзеге асырылымында көшбасшылар қатарына енген, Ақмола облысы партия ұйымының жемісті жұмысы туралы тұжырымды деректерге елеулі назар аударылды. Партия мүшелерінің өнегелілік негізі мен ұстанымының беріктігі әңгімеге негіз болды. «Нұр Отан» партиясы Ерейментау аудандық филиалының құптарлық жұмысы жайында жеке дара айтылды, бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша біздің ауданның партия ұйымы облыста төртінші орынды иеленген. Партияластарға және арнайы Сара Дүйсембаеваға тапсырылған іске жауапкершілік ниеті үшін алғыс айтылды. Орталық аппаратпен келісім бойынша және облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің ұсынысы негізінде Виктор Радченко көшбасшы партия аудандық филиалының төрағасы, Медеу Әбжіков оның орынбасары лауазымына ұсынылды. Оларға партия ұйымының барлық әлеуетін пайдалануға, жұмыста табысқа жетуге тілектестік білдірді.
Виктор Радченко жауап сөзінде жүктелген сенім үшін алғыс айтты да, толық күшпен жұмыс істейтінін айтып сендірді.
Осы сәтте Саяси кеңестің Бюро отырысы да өтті. Дәлелді себептерден, басқа жұмысқа ауысуына және қоныс орнын ауыстыруына байланысты Ермек Нұғыманов пен Марат Айтпаев Саяси кеңестің құрамынан шығарылды. Сондықтан оған Виктор Радченко мен Медеу Әбжіковтың енгізілуі себебінен құрамды өзгертуге ұсыныс енгізілді,
Партия конференциясы партия белсенділерін марапаттауға арналған жағымды рәсіммен тәмамдалды. Белсенді әріптестігі және Елбасының саясатын жүзеге асыруға жан-жақты үн қосқаны үшін Темірболат Оразақов, Әнуарбек Айтпаев, Торғын Әлиева Алғыс хатты иеленді. Марапаттау рәсімін «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жүргізді.
Ізінше робот техникасының дамытылуын қаржыландыруға және ауданның төтенше жағдайлар қызметін құтқарғыш құралдармен қамсыздандыруға арналған мәселелер жария етілді.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Суретті түсірген автор.