МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдаудың жұртшылықпен жұмысқа тигізер септігі мол. Дәл осы кеңседе келіп түскен ауызша-жазбаша өтінішті мұқият зерделеуге, тиісті көмек беруге мүмкіндік зор. Тұрғындардың көшбасшы партияға ақылдасуға жолыққаны көңілімізге қонымды, сенім артқанның бір нышаны. Әрқайсысы әртүрлі сауалдармен жолығып жатады. Біздің міндетіміз – жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының көмегімен мәселені оң шешіп беру. Әрбір арыз-өтінішті ескерусіз қалдырмауға тырысып жатамыз.
2018 жылдың 6 айы ішінде жалпы 120 арыз түсіпті, 61 арыз оң шешімін тапты, 59-ына сәйкестелген түсініктеме берілді.
Төрағаның бірінші орынбасары Медеу Әбжіковтың қабылдауына, алдында аталған қоғамдық қабылдау бөлмесіне бірінші топтағы мүгедек келіп жолықты. Ол кісі аулаға төсейтін арнаулы материал – дресва тауып беруді өтінген. Өйткені ауласы батпақты болуына орай, қоларбасы кіреберіске өте алмай құлай береді. Сұрақ айрықша бақылауға алынды, құзыретті органдарға, қала әкімдігіне жолданды. Ізінше жерлесіміздің үй ауласына төсеуге бір КамАЗ дресва тауып берілді.
«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауына жолыққан зейнеткер Шәйдә Жүсіпова үйін су басудан сақтандыруға жәрдем өтінген. Қабылдау жүргізген филиал төрағасының орынбасары бұл мәселені бақылауға алды, ТКШ бөлімінің бастығы Темірлан Жанайдаров пен «Эко Жәрдем» ЖШС директоры Николай Кравченкомен бірге арыз иесінің үйіне арнайы барды. Су басатың өніріне суағар жабдықтауға лайықты мәселені ойлағандай деңгейде шешіп берді.
Аудандық мәслихаттың депутаттары да тұрғын халық, сайлаушылары арасында белгілі жұмыс жүргізіп отырады.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына №1 Автобаза сайлау округінің депутаты Юрий Адайкинге келіп жолыққан азамат В.В.Поздняков қаланың Заречная, Приречная көшелерін грейдерлеп беруін өтінген. Мәселе оң шешілді. Халқы қалаулысы істің жайын бақылауға алды да, құзырлы ұйымдарға хабар берді. Ізінше техника іске қосылды, қала әкімдігі мен «Эко Жәрдем» ЖШС өзара бірлесіп, жаңағы екі көшенің жолын жөңдеді (грейдерледі, ой-шұңқырын тегістеді).
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына №9 Павловка сайлау округінің депутаты Татьяна Стекольшиковаға келіп жолыққан азамат Саиархан Ерхуат үй ауласынан қоқысын шығаруға көмек өтінген. Депутат бұл мәселені ойлағандай деңгейде тиянақтап шықты.
«Ерейменнің» өз ақпараты