«АРТЕМИДАНЫҢ» ҮЛЕСІ ӨЛШЕУСІЗ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Ауыл шаруашылығы бөлімінің соңғы дерегі бойынша, Тайбай ауылдық округінде 14 шаруа қожалығы шабындыққа шалғы түсірген.
Бүгінгі күні жалпы 2580 тонна шөп даярланған, ортақ табысқа осы өңірдегі Николай Лончинский басқаратын «Артемида» шаруа қожалығының да қосқан үлесі баршылық. Шалғышылар бригадасы шауып-жинаған ірі көпене алыстан көз тартады.

Шалғы мен тырнауышты жүргізетін, шөмеледегі шөпті маяға тасып үйетін тұрақты және маусымдық жұмыста 9 адам жүр. Механизаторлар Александр Келлер, Қуаныш Қалиәкпаров, Ноян Омаров, Қанат Данияров, Артем Исаян, Жанат Әлиасқаров, Иван Чупыра техника тілін жетік меңгерген, олардың трактор жүргізуде, өзге еңбек құралын іске қосуда жинақтаған тәжірибесі мол. МТЗ-80,Т- 25, Т- 40 маркалы трактор, арнаулы шалғы жиынтығы шабындық басында іске қосылған. Қанат Әлжанов пен Хасен Омаров жігіттерге жәрдем көрсетуде. Бізбен әңгімелескен бригаданың жұмысшылары әрқайсысының ауласына бір-бір арба шөп түсіріліп берілгенін айтты. Ауа райының болжамы, шөптің шығымдылық деңгейі мен түсімі ойлағандай болмаса да, еңбек адамына басшының көрсеткен қамқорлық ниеті осындай. Дегенмен олар жоспарлы тапсырманы орындап шығуға, ауылдас пен қаланың тұрғындарына шөп түсіріп беруге ниетті.
Біз елді мекенге түске таман барған едік. Бұл уақытта дала қосында барлық механизаторлар аспаз Ирина Карасованың даярлаған дәміне жиналды. Замандас құрбымыз бұл шаруашылықта маусымдық жұмыс кезінде үшінші жыл іске кіріскен. Қожалық басшысының тұрақты және маусымдық жұмыс бергеніне, меншіктің малын шөппен қамсыздандырғанына, еңбекті ұйымдастырғанына жұмыскерлер қауымы дән риза.
Раушан БАРЖАҚСЫ.