АСПАЗЫМЫЗҒА КӨПТЕН-КӨП РАХМЕТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Аспаздың жұмысы, кез келген шығармашыл тұлға тәрізді, өз кәсібін жанындай сүюді, жауапкершілік көзқарасты, өз-өзін тұрақты жетілдіруді талап етеді. Мектеп асханасының іші тап-таза, жанға жайлы әрі салқын. Өз ісінің білікті маманы, бұл ойымызды мектеп қызметкерлері де, ауылдың көптеген тұрғындары да толық растайды, Шара Жандарбекқызы Айтжанова Тайбай орта мектебінде 14 жылдан бері аспаз ретінде жұмыс істеп келеді. Сабақ уақытында жаппай оқу қоры арқылы 50 баланы тамақтандырады. Оған қоса буфеттік дәм мәзірі қарастырылған. Самса, әртүрлі нәрлі ботқа, жеңіл салат, сусын әзірленеді. Әңгімеге араласқан ас үй жұмыскері өзекті мәселесін де ортаға салып өтті. Қыздырғыш шкафтың іске қосылмауының салдарынан тағам ассортиментін түрлендіруге мүмкіндік жоқ. Газ плитасының духовка шкафына бірден молынан дәм әзірлей алмайсыз. Жаз мезгілінде тиісті жөндеу жүргізілетініне үмітті. Шара Жандарбекқызы қазіргі таңда мектеп жанындағы жазғы лагерьге келетін балаларға тамақ даярлайды. Дәмді таңғы ас әлде түскі тамақ ішкен баланың апайына қарата айтатын ризашылық жылы лебізі кәсіп иесін қуаныш сезіміне жетелейді.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА. Суретті түсірген автор.