БІРЛІК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР, БИІККЕ ӨРЛЕТЕР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
14 шілде күні өңірімізде дәстүрлі ХІХ «Ақ бидай» аудандық жазғы спартакиадасы өтті. Биылғы дәстүрлі дүбірлі додаға Еркіншілік, Торғай, Тайбай, Өлеңті, Күншалған, Қойтас, Олжабай батыр, Новомарковка, Бозтал, Сілеті ауылдық округтері мен Ерейментау қаласының спортшылары қатысты.
Ойыншыларымыз таңғы сағат 10-да қаладағы «Жігер» стадионына жиылды. Төрешілер, команда өкілдері мен қатысушылар сапқа тұрғызылды.
Спорттық шараның ашылу салтанатында Ерейментау ауданының әкімі Виктор Николаевич Радченко баршасына құттықтау лебізін арнады. «Жігер» стадионының жөңделетіні, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің ұсынысы негізінде келешекте аудан орталығында физкультуралық-сауықтыру кешенінің салынатыны туралы жағымды жаңалықты жария етті.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды, жарыс шымылдығы түрілді. Спорт мерекесінің алауы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар ескерткішінің мәңгілік оты арқылы тұтанды. Алау жағу құрметі №1 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, аудандық, облыстық жеңіл атлетика және президенттік көпсайыс ойыншысы Гүлжан Имановаға, волейбол бапкері, аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі ойыншы Құрман Ахметке, футбол бапкері, аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі ойыншы Қанат Бахриденовке бұйырды. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмагүл Әлжанова кездесудің мақсатына тоқталды, командаларға сәттілік тіледі. Ізінше өңіріміздің бірегей әншілері Гүлнар Жүнісова, Мереке Алдасүгіров, Алдияр Алдасүгіров баршасына сазды сәлем арнады.
Жалпы спартакиада тиісті тәртіп деңгейіне сай қызықты да тартымды өтті, жерлестеріміз білігі мен шеберлігін, бәсекеге қабілеттілігін байқатты.
Ақтық қорытындыда қала мен ауыл спортшылары келесідей жетістігімен танылды. Түрлі ойын аланыңда мәртебелі жүлделі үш орын иегерлерінің есімі белгілі болды.
Жеңіл атлетика: Жүгіру 400 метр (нәзік жандылар) 1 орын –Рыскүл Олжабек (Еркіншілік), 2 орын – Гүлназ Маханова (Қойтас), 3 орын – Назгүл Сәкенова (Тайбай); Ядро лақтыру (нәзік жандылар): 1 орын – Ақбота Түлебек (Тайбай), 2 орын –Торғын Сапарова (Қойтас), 3 орын – Әсемгүл Ерлан (Еркіншілік); Ядро лақтыру (ер азаматтар): 1 орын – Айырыпжан Нұрбек (Өлеңті), 2 орын– Айдос Жұмабеков (Қойтас), 3 орын– Мухамед Сағымбаев (Ерейментау); Ұзындыққа секіру (нәзік жандылар): 1 орын –Ольга Пырх (Ерейментау), 2 орын –Айбота Тоулюбек (Тайбай), 3 орын – Рыскүл Олжабек (Еркіншілік); Ұзындыққа секіру (ер азаматтар): 1 орын –Ернұр Жұмабеков (Койтас), 2 орын –Белсеніс Жетпісбай (Еркіншілік), 3 орын – Асхат Блялов (Ерейментау); 3000 метрге жүгіру(ер азаматтар):
1 орын – Айбек Отан (Еркіншілік), 2 орын–Уәлихан Дүсен, 3 орын – Аслан Хасен; 100 метрге жүгіру (нәзік жандылар): 1 орын – Ольга Пырх (Ерейментау), 2 орын – Айжарқын Алиева, 3орын – Назгүл Сәкенова; 100 метрге жүгіру (ер азаматтар): 1 орын – Ернұр Жұмабеков (Қойтас), 2 орын – Отан Айбек (Еркіншілік), 3 орын – Эльчубаев Райымбек; 800 метрге жүгіру (ер азаматтар): 1 орын – Жетпісбай Белсеніс (Еркіншілік), 2 орын – Мухамед Сағымбаев, 3 орын – Асхат Женіс; 4 х 100 эстафета: 1орын – Ерейментау, 2 орын – Еркіншілік, 3 орын – Тайбай; Дойбы (ер азаматтар): 1 орын – Әдебиет Байдолда (Новомарковка), 2 орын – Мұрат Уваисов (Акмырза), 3 орын – Бахытбол Бөкенбек (Еркіншілік); Дойбы (нәзік жандылар): 1 орын– Мәншүк Кендебай (Еркіншілік), 2 орын – Гүлнәр Мәжім (Еркіншілік), 3 орын – Айсұлу Тәжікбаева (Тайбай); Шахмат (нәзік жандылар): 1 орын – Ғалия Бекен (Еркіншілік), 2 орын– Лаура Совет (Тайбай), 3 орын – Раушания Жилина (Новомарковка); Шахмат ( ер азаматтар): 1 орын – Александр Котляренко (Ерейментау), 2 орын – Павел Сидоренко (Ерейментау), 3 орын –Жарқынбек Корепш (Еркіншілік); Үстел теннисі (ер азаматтар): 1 орын – Аян Амангелді, 2 орын – Сүлеймен Онашыбай, 3 орын – Барлыбай Өркен; Үстел теннисі (нәзік жандылар):
1 орын – Зарина Аманжолова, 2 орын – Аида Тұрсынбаева, 3 орын – Сандуғаш Аманжол; Стритбол: 1 орын – Тигрлар (Ерейментау), 2 орын – Спарта (Ерейментау), 3 орын – Еркіншілік.
Жалпыкомандалық есеп бойынша: I орын – Еркіншілік (229 ұпай), II орын – Тайбай (156 ұпай), III орын – Ерейментау қаласы (131ұпай), IV орын – Өлеңті (83 ұпай), V орын – Новомарковка (77 ұпай), VI орын – Қойтас (66 ұпай), VII орын – Бозтал (61 ұпай), VIII орын – Олжабай батыр (56 ұпай), IX орын – Селеті (39 ұпай), X орын – Торғай (29 ұпай), IX орын – Күншалған (22 ұпай).
Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының тиісті дәрежелі медалін иеленді, командаларға Мақтау қағазы ұсынылды. Достық пен бірлікті ту еткен, ортақ мақсатты көздеген округ спортшылары бұл жолы да жақсы ойын үлгісін көрсетті, шаршы алаңда білік-қабілетін байқатты. Бұл Елбасының ұсынысы аясында қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға арналған тапсырмасының өңірімізде сәтімен енсеріліп жатқанын анғартатын игі қадам. Округтердің әкімдері мен спорт әдіскерлерінің көпшілікті біріктірген, ойыншылар қатарын толықтырған еңбегі бағалауға әбден лайық. Баршасына толымды табыс, бірлік пен достық, ынтымақтастық пен сәттілік тіледік. Жеңісті күндерде жүздескенше.

Зарина КЕҢЕСОВА
Суретті түсірген автор