МЕКТЕПКЕ ЖАҢА АВТОБУС ӘПЕРІЛДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Аптаның алғашқы күні №2 орта мектеп-лицейдің директоры Ерғали Жақинге оқу орнының балансына 23 орындық су жаңа мектеп автобусы ұсынылды.
Көлікте балаларды алаңсыз тасымалдауға лайықты барлық жағдай қарастырылған. Әрбір баланың қауіпсіздік белдігі, портфелін салып қоятын арнаулы қорапшасы, қосалқы екі есігі, арнаулы жылжымалы баспалдағы баршылық. Автобус 14 миллион теңгеге алдырылыпты. Аудан әкімі Виктор Радченко білім бөлімінің басшысы Совет Нұрғазиннің бірге еріп жүруімен салонды аралап көрді, орындығына отырды, жаңа машинаның бүкіл жайлы жағдайына көңілі толды. Аудан басшысы шағын ауылдардан орталық қонысқа бала таситын автомашиналардың біртіндеп алмастырылатынын атап айтты. Құптарлық үлгі ретінде тиісті іс-шаруасы реттелгеннен кейін, Күншалған орта мектебінің оқушыларына арналған тағы бір жаңа автокөліктің алдырылатынын айтып өтті.
Жиылған барша қауым мектеп автобусына: «Сәт сапар!» тілеп жатты.
Раушан БАРЖАҚ СЫ.
Суретті түсірген автор.