«ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КЛУБ – 2018»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Ерейментау ауданының 90 жылдығы мерекесі аясында жыл сайынғы дәстүрлі «Үздік ауылдық клуб-2018» аудандық байқауы Малтабар ауыл клубында өтті.
Мәдени мекеме жетекшісі Әлия Өмірбаева бұл жолы да елді мекеннің өнерпаз өрендерін бір арнаға біріктіре білді. «Өнер көзі – халықта» деген қағиданың дұрыстығын төрешілер алқасына анық көрсетіп берді. Ежелден ән мен биге, актерлікке бейім іні-сіңлілеріміз мықты дайындығымен көпшілікке танылды. Әртістердің басым бөлігі – жергілікті орта мектептің оқушылары.

Мәдениет қызметкерінің аясына ұйымшылдықпен топтасқан, қастерлі өнер жібін үзбей жалғаған шәкірттер келешегінен зор үміт күттіретінің өзіндік талғам-талабымен, қабілет-бейімімен баршаға танытты. Бағдарламаға жалпы енгізілген сегіз нөмірдін ішінен ешкімді бөліп-жармай, бәрін де даралауымыздың жөні баршылық. Атап айтқанда, «Балауса», «Балапандар» би топтары өздері тандаған биін тиісті музыка ырғағымен сәтті орындады және жеке дауыстағы әншілеріміз: Гүлім Әміржанова, Толғанай Советова, Даяна Біләлова, Айжан Досымова, Арайлым Шәймерденова, Диана Досымова өзіндік табиғи дарынымен, әсем дауысымен, ырғақты мәнерімен келешегінен мол үміт күттіретінің аңғартты. Телеарна актері Ерболат Төлеген сомдайтын «Шімән апамыздың» образын дәлме-дәл келтірген, баршаны күлкіге қарық қылған «Тамаша» тобы да сахнаның сәнін келтірді. Өнерпаздардың өнеріне лайықты баға берген – Үмбетей жырау атындағы аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері.

«Ерейменнің» өз ақпараты