АСЫЛ БЕЙНЕН ЖҮРЕГІМІЗДЕ!

ЕСКЕ АЛУ
Көзден кетсең де,
Көңілден кетпейсің!
Орынбай ақын атамыздың: қашанда тағдыр ажал келген күні кімдерден кімдер жылап айырылмаған, – дегені біздің де басымызға келгендей. 2018 жылдың 20 маусымында отбасымыздың күні тұтылып, айы батқандай ауыр қаза әкеліп, балаларының анасы, немере-шөберелерінің әжесі, біздің апамыз Балшекер Сабырқызынан айырылып, қабырғамыз қайысты, жүрегімізді сыздатты. Қайран асыл анамыз, апайымыз ортамыздан дәл сені алып кетеді деп кім ойлаған? ортамыз ортайып бос қалғандаймыз. Сенің орның әрдайым жетпей тұрады. Апамыздың орның бос тұрғаны жанымызға қатты батады. Амал нешік, Алланың ісіне не шара. Балшекер апамыз марқұм жездеміз Тоқмағамбет Өтеубайұлымен 35 жыл бірге өмір сүріп, «Алтын алқалы» ана, қымбатты әже бола білді. Жеті бала, жеті немере,бір шөбере сүйді. Иә, м арқұм Балшекер апамыз әкесі Сабырға тартқандай еді. Әкеміз Сабыр марқұм атана заты сай кісі еді. Сабыр десе дегендей, сабырлы, салмақты, дара туған адамның асылы деуге болатын. Әкеміз отбасына, ағайын-туыстарға, елге сыйлы адам болатын. Ағайын-туыстар болып кеңескенде бәрі де сол кісінің шешуімен болатын. Төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей кісі еді. Өмірде барлық нәрсенің орның толтыруға болады, тек ананы ғана еш құнды нәрсе толтыра алмайды дейді. Марқұм Балшекер апамыздың адами болмысы, өткен өмір жолы ағайын-туыстар, дос-жарандар үшін үлкен мақтаныш. Кейінгі толқын ұрпақтарға өнегелі мол сабақ. Балшекер апамыз өзінің туған жерінде, әке-шешеміздің қасына 2018 жылдың 20 маусымында топырағы Ерейментаудан бұйырды. Жатқан жерін жарық, топырағын торқа болсын, иманды болсын, жарқын бейнен мәңгілік туыстарының жүрегінде сақталады.
Еске алушылар: Исабаевтардың, Өтеубаевтардың жанұсы