ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙҒА ҚАНЫҚТЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Рәшит Әкімов пен Дәурен Әділбеков жуырда Ерейментауға келді.
Өңір тұрмысына қаңығуды көздеген халық қалаулылары жолшыбай Новомарковка ауылына бұрылды. Қонақтарды аудан әкімі Виктор Радченко күтіп алды. Меймандарымыз тірек елді мекенінде «Жаңа Береке» шаруа қожалығының төңірегіне аялдады. Шаруашылықтың атқарушы директоры Жандос Хасенов, технолог Қалижан Биқожаев, «Новомарковка» ЖСШ-нің директоры Әділхан Сейітжанов бастаған қызметкерлер тобы шағын ет комбинатының жұмыс ырғағымен таныстыруды көздеді.
Жалпы 3000 бас ірі қара бордақылауға есептелген жаңа кешеннің Айгүл Рамазанова басқаратын қасапханасының іс-тірлігіне қызығушылықпен назар аударды. Сенаторлар игілікке қосылған шет елдік өндірістік желінің заманауи технологиямен мал ұшасын жіліктеу әдістемесіне, өндірістік қуатына, жалпы жұмыс орнының санына, халыққа қызмет көрсету ыңғайына, жұмысшылардың еңбек жағдайына молынан қанықты. Көзбен көрген істің жайына ризашылық ниетпен лайықты баға берді.
Елбасының 5 институционалды реформасынан туындайтын тапсырма шеңберіндегі аграрлық саланы несиелеу тәртібіне ден қойды, аудан басшысы «7-20-25» бағдары негізінде қолға алынған іс, республикалық мәндегі автобанға қатысты мәселе түйінінің келешектегі шешімі, ауыз сумен қамсыздандыру реті жайында қысқаша баяндады.
Сонымен, тиісті кесте бойынша қос депутат аудан орталығына қарай бағыт алды.
***
ҚР Парламент Сенаты депутаттарының жұмыс сапары Ерейментау қаласында жалғасты. Халық қалаулыларын өнеркәсіп саласының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Алик Манадыров, ТКШ бөлімінің басшысы Темірлан Жанайдаров, қаланың әкімі Төлеутай Мұхамеджанов, «Теплосервис» КМК директорының міндетін атқарушысы Иван Мартынов күтіп алды. Депутаттар жылу берілісі желісінің қысқа дайындық барысына назар аударды.
Бүгінде Әл-Фараби тұйығы мен Абылайхан көшесінің қиылысындағы жылу трассасы ағымдық жөңдеуден өтті. Ысырмалы шүмегі тексерілетін арматуралар да, сонымен бірге кварталішілік жылу трассасы ретке келтірілуде.
Жылу трассасы мен № 5 қазандықты жөңдеуге облыс бюджетінен қосымша демеуқаржы бөлінген. Осы уақытқа дейін ПВВ-500, ПВВ-1000 су жылытқышы тексерілді, қақтан тазартылды; ДО-1 үгіткіші, ДН-5 түтін сорғышы, ВДН-10 үрлемелі вентиляторы бөлшектелді, қайта жиналып орнатылды. 80 метр көмір жеткізгіш лента ауыстырылды, ВБПУ -10 тазартқыш жүйесі тексерілді, қалпына келтірілді; КЕ -6,5, КВТС-10 қазандығының су жылытқышы (бойлері) тазартылды, көмір әперетін кіші лента айырбасталуда. №2 қазандық толық даяр болып қалды. Мемлекеттік сатып алуға арналған конкурс мәресіне жетті.
№2 орта мектеп-лицейге (директоры Ерғали Жақин) аялдаған сенаторлар оқу орнының күрделі жөңделім қарқынына, жаңа оқу жылына әзірлігіне көңіл қойды. Мердігерші мекеме – шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Астана» РМК «Инжиниринг» ЖШС. Аудандық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Совет Нұрғазин жүзеге асырылған және алда атқарылатын жобалар жайында әңгімеледі. Жұмыс жоспар негізінде жүріп жатыр, 20 тамызға дейіңгі мерзімде тәмам болмақ. Сыртқы төбе жабуы, жылу жүйесі, электр жабдықтары толық реттелді, терезе ауыстырылды. Жұмыскерлер үйдің ішін әрлеп, төңірегін көріктендіруде.
Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ
Людмила МАРКОВА