ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...

Өткен аптада Тайбай ауылдық округінің әкімі Талғат Бапанұлы Кәрібжановпен кездесудің сәті түсті. Әңгіме барысында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығының қорытындысы, мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушылары, атқарылған жұмыс пен туындаған проблемалардың шешімі туралы ақпарат алдық.

-Ауылдық округ аумағында 29 мың адам қоныстанған төрт елді мекен бар, оның ішінде еңбекке қабілеттісі, экономикалық белсендісі – 1272 мың адам. Екі орта мектеп, Елтай ауылында негізгі мектеп, екі ауылдық кітапхана жұмыс істеп тұр. Екі фельдшерлік-акушерлік және бір амбулатория тұрғындарға медициналық қызметің ұсынады.

Ауылдық округ қызметінің бағыты-мал шаруашылығын дамыту және егін шаруашылығы. Жалпы пайдалы жер алаңы – 24697 гектар, егістік жері – 3054 гектар. Статистикалық мәліметтер бойынша, округте ірі қара мал – 3312 бас, ұсақ мал – 5294 бас, жылқы-1324, шошқа-127 бас. Округ аумағында «ВК-Агро», «ЕВ-Альянс» ЖШС, 31 шаруа қожалығы және 10 жеке кәсіпкер өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Көптеген шаруалар қазірдің өзінде шөп шабу науқанына кіріскен. Егістік алаңы – 2490 гектар, оның 370 гектарына арпа егілген. «Елтай» шаруа қожалығының басшысы А.Ш.Біләлова биыл 1 гектарға картоп отырғызды, арамшөбін отады, түбін қопсытты. Дақыл сәтімен гүлдеп келеді. Тұрғындар жергілікті өнімді дәмдік сапасы мен сақталу мерзімінің ұзақтығы үшін жоғары бағалайды.

Сондай-ақ, бізде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мал тұқымын асылданыруды көздейтін 4 АӨК тіркелген. Үлгі ретінде, Япас Кадыс басқаратын «Ырыс-2016» кооперативін атай аламыз. Ол кісінің қарамағында 60 адамы бар 28 отбасы кіріп отыр. Осы уақыт ішінде шағын ұжым «Торғай» серіктестігінен ет бағытындағы Ангус тұқымды 8 бұқа сатып алды. Бүгінгі таңда, кооперативте бұзаулаған 180 мал төлінің 98 пайызы аман сақталды. Өткен жылы Онтүстік Қазақстан облысының өкілдері АӨК-нен 120 бас асыл тұқымды малды тиімді бағамен сатып алған. Осы жерде бір сұрақ туындайды: неге кәсіп иелері Новомарковкадағы бордақылау алаңына мал тапсырмайды? Жауап бір: бағасы қанағаттандырмайды. Соңдай-ақ, кооперативте 2000 бас ұсақ мал бар, бірақ олардың жайылымдық жері жоқ. Олар уақытша ауылдық округтің жерің пайдалануда.

Біздің ауылдың тұрғындары Елбасының 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына белсене үн қосуда. Бірінші бағыт бойынша, 23 адам қысқамерзімдік курстан өтті. Олардың бәрі сұранысқа ие кәсіпті игерді. 5 адам тігінші, 1 адам шаштараз, 3 адам тракторшы, 2 адам ағаш ұстасы, 8 адам қазандық жабдықтарының операторы атанды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2017 жылы 21 адам білім алды, оның ішінде 5 адам мал шаруашылығын дамыту үшін 25 745 000 теңге несие алды. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке қойып, мал шаруашылығын дамытуды Ахметжан Ылғар, Жәней Сәлиқалам, Науен Қайратбек, Баймұрат Нұржанат қолға алды. Елтай ауылының тұрғыны, «Иманбаев» шаруа қожалығының басшысы Сағадат Иманбаев 16 миллион теңге несие алды, алынған қаражатқа ауыл шаруашылығы техникасын толық жабдықпен және 83 бас аналық мал және 3 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Биыл «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша болашақ 10 кәсіпкер сертификат алды, несие алуды жоспарлауда.

Сүтқабылдаушы – танкер иелері кеңінен жарнамаланды. Ауыл тұрғындарының көбі сиырын алыс жайлауға жібермей қолда ұстады. Бастапқыда белгіленген 1 литр сүттің арзан бағасына бәрі келісті. Бүгінде біздің ауылымыздың ұқсатымды мал иесі демалыс күндері түрлі сүт өнімдерін Астанаға жеткізеді. Шамамен 30-35 мың теңге қолма-қол табысқа кенеледі.

Аудан мен қаланың айтулы тарихи мерекесі қарсаңында округ бойынша абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмысын қолға алдық. Жергілікті тауар өндірушілермен бірге барлығы 7 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды, ауыл көшелері тазартылды. Шағын ауыл жолының ой-шұңқыры тегістелді. Малтабар, Елтай, Тайбай ауылдарынының зандастырылмаған қоқыс орны тазаланды. Аталмыш ауылдарда бір жарық шамы іске қосылды. Пирамида пішіндес 167 терек көшеті, қарағай мен бұта отырғыздық. Әлеуметтік жұмыскерлер ауыл көшелеріндегі арамшөпті отаумен айналысуда. Балалар алаңын түрлі әткеншектермен жабдықтауды жалғастырамыз. Спорт алаңын ретке келтірдік, енді жастар кешкілікте волейбол, футбол ойнайтын болады. Ойын алаңына автокөліктің кіру тәртібін бір ізге түсіретін арнайы жол белгілері қойылды. Айлық қорытындысы бойынша, ауыл тұрғындары арасында «Үздік үй», «Ең үздік аула», «Жасыл аула» аталымы негізінде абаттандыру және көгалдандыру ісіне белсене қатысқан ауылдастар: Ырзағали Митанов, Азамат Молдабаев, Валерий Цыбульский, Есентай Тәжікбаев, Андрей Кирсаков, Светлана Янкова марапатталды. Олардың бәріне округ әкімінің атынан Грамота мен бау-бақша құралдары, тырнауыш, су сепкіш сыйлық түрінде табыс етілді. Келесі жылы қатысушылар қатарының әлі де көп болатынына үміттіміз. Жазғы би алаңын ретке келтіре бастадық, ауылдастардың демалыс саябағын құрмақ ниеттеміз. Әрине оған шаруашылық иелері мен жастардың қолдауы қажет. Клуб ғимараты сатып алынды, шатырына жөңдеу жүргізілді, бірақ оның ішіне жөңдеу жүргізіп, штатты жабдықтармен қамтамасыз ету керек.

Шілде айының соңында біздің ауылда дәстүрлі қымызмұрындық мерекесі тойланбақ. Осы мейрамға өңірімізде би байлаған барлық үй иелерін көрші елді мекеннің тұрғындарын шақырамыз.

Ауыл өмірін сәнді де ажарлы ету үшін жерлестерімізбен бірге алда әлі көптеген жоспарлы жұмысты қолға алуымыз қажет, – деп ой қорытты ауылдық округ әкімі Талғат Кәрібжанов.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА

Суретті түсірген автор