«ЖАДЫРАҒАН ЖАЙДАРЫ ЖАЗ – ЕРЕЙМЕНДЕ»

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары «Туған жердің тарихы» әдеби саябағын ұйымдастырды. Ерейментау ауданының 90 жылдығына арналған шараға өңіріміздің 5-70 жас аралығындағы тұрғындары қатысты. Түрлі жас аралығы толық қамтылуы үшін саябақ бірнеше бөлікке бөлінді. Жас оқырмандарға арнайы кітап көрмесі әзірленді.

Балалар кітапханасының қызметкерлері әртүрлі сайыс ұйымдастырды, флешмоб биледі. Аудандық және жасөспірімдер кітапханасындағы әріптестеріміз ересек буын оқырмандарын шақырды. «Туған жер-туған ел», «Мағжанның мұрасы мәңгілік» және «Жаңа кітаптар әлемі» кітап көрмесі көпшіліктің назарын өзіне аудартты. «Туған жер-туған ел» бөлімінде ауданға қатысты көптеген мәлімет берілді. Өңіріміздің тарихы мен мәдениеті, жергілікті ақын-жазушыларымыз туралы ой қозғалды. Continue reading “«ЖАДЫРАҒАН ЖАЙДАРЫ ЖАЗ – ЕРЕЙМЕНДЕ»”

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданымыз спорт майталмандары жағынан ұдайы көш бастап келеді. Бапкерлер мен шәкірттердің нәтижесі де толымды. «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ту еткен спортшылар қатарының көбейгеніне көңіл толады. Осылайша саламатты өмір салтына ден қойған әр жастағы жерлестеріміз ұдайы жарыс пен ойын алаңынан табылады. Түрлі белестерді бағындырған, боз кілемде жауырыны жерге тимеген палуандарымыз, жарыс жүлдегерлері – өңір мақтанышы.
БЖСМ директоры, күрестен КСРО спорт шебері Сәрсенбек Темірғалиұлы Өтепов өз мекемесін 11 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт аралығында өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі айтарлықтай. Мерекелік сұхбатымызда аталмыш салаға алғашқы әуестігі жайында ой бөлісуін өтіндік.
-Бала күнімде, өз теңдестерім тәрізді футбол, хоккей ойнадым. Әйтсе де, күреске әуестігім басым түсті. Орта мектептен кейін Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетіне түстім. Дипломмен туған жеріме оралдым, спорт мектебіне бапкер болып орналастым. 2007 жылдан бері директормын. Жұмыс бабында бұрынғы басшы, ҚР еңбегі сіңген бапкер Александр Дукартпен, самбодан ҚР еңбегі сіңген бапкер Қайыркен Жақыппен, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Виктор Рябухамен, шаңғы жарысынан еңбегі сіңген бапкер Валентина Палиймен әріптес болдым. Қазір олардың бәрі зейнеттік демалыста. Aры қарай оқу

«БАҚЫТЫҢДЫ БАЛАҢНАН ІЗДЕ…..»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ата-ана бала өмірінің мәнді де алаңсыз өтуіне себепші болатын басты дәңекер. Жас баланы саналы тәрбие, сапалы білім алуына үйдегі әке-ана мен мектептегі ұстаз бірлесіп үлес қосады. Иә, бұл бүгінгі саламатты ұрпақ тәрбиесіндегі басты қағида. Дәл осындай тақырып аясында Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектептің «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Бақытыңды балаңнан ізде….» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Шаршы топқа аудан бойынша жиналған ата-аналар шақырылды. Шара аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжановтың кіріспе сөзімен басталды. Ол өз сөзінде бүгінгі жас ұрпақты болашағына сенімді және бәсекеге қабілетті адам етіп тәрбелеп өсіру қажеттігін басты назарда ұстады. Ізінше, аталмыш білім ордасының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Лариса Викторовна көңілді сергіту сәтін өткізді. Маман ата-аналардан жаңа оқу жылы қарсаңында туындайтын сауалдар легін сұрады, ата-аналардың пікірімен санасты. Aры қарай оқу

«ОЮ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Бүгін Еркіншілік мәдениет үйінде ауыл кітапханасымен бірлескен, қазақтың ең үздік ою-өрнегін безендіруге арналған қызықты да тартымды байқау ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушыларды ою-өрнектің жаңа түрімен таныстыруға, баланың қағаздан түрлі әдістермен ою қиып алу білігін пысықтауға, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге ден қойылды.
Шаршы топқа «Ақ жаулықты әжелер» ансамблінің өнерпаздары, халық шығармашылығы ұжымының өкілдері, ниет білдірген көрермендер қатысты. Қолөнер шеберлері мен қонақтар өздерінің ісмерлік қолөнер бұйымдарын ала келген. Тұскиіз, тойқалта, қоржын, сүлгі, қағаздан жасалған тәтті сақтайтын әдемі киіз үйдің макеті көздің жауын алады. Бүкіл бұйым айшықты да тартымды, бірегей ою-өрнекпен кескінделген. Хұмарберген Өнергүл металл мен қыш бұйымға, ағашқа, матаға кескінделген ұлттық оюдың тарихына тоқталды. Ойын үлгісіне негізделген «Ою-өрнек туралы жұмбақты, мақал-мәтелді кім көбірек біледі?» викторинасы ла тартымдылығымен ерекшеленді. С.Алданыш қазақ халқының өнері қамтылған ақпараттық тұсаукесер жүргізді. Жеңімпаздар дипломмен, естелік сыйлықпен көтермеленді. Үздік қол еңбегі қолданбалы өнер көрмесіне ұсынуға іріктеліп алынды. Aры қарай оқу

ЕЛ ІРГЕСІ ТЕ БІРЛІКПЕН НЫҒАЯР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)
Loading...
Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің тапсырмасына сәйкес осы еңбек аптасында барлық деңгейдегі әкімдер үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық алдында есеп берді.
Бекітілген кесте аясында, сәрсенбі күні, есепті кездесу Сілеті ауылында өтті. Ауыл әкімі Сәуле Сұлтанова мен аудан әкімі Виктор Радченко өткен кезең ішінде атқарылған жұмыс жайын, алғы күнге межеленген міндет ыңғайын баян етті.
Бір кездері аудан орталығы мәртебесін иеленген ірі елді мекенде қазіргі таңда 855 адам тұрады. Олардың 93-і зейнеткер санатында. Еңбекке қабілетті 429 азаматтың 404-і қоғамдық-пайдалы іске ден қойған. Шағын және орта кәсіппен айналысатын 15 адамның иелігінде төрт дүкен мен бір наубайхана баршылық. Бірнеше адам «Бастау-Бизнес» бағдары негізінде курста оқыған. Екі шаруа қожалығы, төрт серіктестік мал өсіруге ықылас танытып отыр. Елді мекенде, атауы Халықтың психологиялық денсаулық орталығы болып өзгертілген, облыстық наркологиялық аурухана қалыпты жұмыс істеп тұр. Лицензияланған дәріханасымен дәрігерлік амбулатория, мәдениет, білім мекемесі баршылық. Биыл орта мектепті бітірген үш түлегіміз өздері таңдаған жоғарғы оқу орнына түсті, тағы екеуі колледжде оқымақ ниетте, бұл да ұстаздарымыздың игі жетістігінің бірі. Ауылдастар ауыл мен ауданның мәдени-спорттық өміріне белсене араласады. Aры қарай оқу

«СЕРНОВОДСК» ЖШС-НІҢ ҚАДАМЫ НЫҚ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Висит Вискаевич Кекаев бас директоры болып бекітілген бұл серіктестік Ақмырза ауылдық округінде егіншілік пен мал шаруашылығын кәсіп етуде.
Елді мекенге таңертең келдік. Аталмыш округ әкімдігінің қызмет көлігімен бұрынғы Тимофеевка совхозының кулинария ғимаратына аялдадық. Бүгінде ол «Серноводск» ЖШС-нің асханасы ретінде бейімделген. Осы сәтте аспаз келіншектер Валентина Кладько мен Екатерина Нагаева шалғышыларға даярлаған түскі тағамын арнаулы термосқа жеке-жеке бөліп, құйып жатты. Ас мәзіріне бірінші, екінші тағам, шәй енгізілген. Қосымша нан мен ас үй жабдығы салыныпты.
Әріптес аспаздар өз кәсібіне сәуірде кіріскен. Осы уақыттан бері күн сайын шөпшілерге түскі тамағынан бөлек, түстік асқа самса, шәй дайындап береді. Көктемгі егіс уағында, іссапармен келушілерді қосқанда жалпы 30 жұмысшы олардың қолынан дәм татты. Ал қазіргі жұмыскер саны – 13 адам. Екі мезгіл әзірленетін тағам шаруашы лықтың есебінен бәріне тегін беріледі. Шикізат пен азық-түлікті серіктестік жеткізіп беріп отырады. Дайын тамақты дала қосына қызмет көрсететін көлік тасымалдайды. Ас үйде газ плитасынан басқа қажетті дүниенің бәрі баршылық. Әйелдердің жауапкершілік, жанашырлық ниеті арқылы азық-түлік бастапқы қалпында сақталады, ыдыс-аяқтың күтімі санитарлық тазалық талап деңгейімен толық үйлесіп тұр. Тек жалғыз ғана өзекті мәселе – сыйымдылығы белгілі шамадағы су жылытатын аристонның жоқтығында. Ол іске қосылса – аспаздардың жұмысы жеңілдер еді.
«Ас адамның арқауы» қағидасын ұстанған, мәзірді түрлендіруді, тағам құнарын нығайтуды, баршаға әл беруді көздеген аспаздардың еңбегіне диқан қауым разы деген ойдамыз.
Шаруашылықтың атқарушы директоры Заурбек Халидовтың бастамасы мен құптауымен шабындық алқабын аралап көрудің, механизаторлардың жұмыс ырғағымен танысудың сәті түсті. Aры қарай оқу

БҰЛ – ДАҒЫ ӨТКЕН КҮННІҢ БІР БЕЛГІСІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мен кешегі Звенигородка, қазіргі Тайбай ауылдық округіне қарасты Малтабар ауылының тумасымын. Балалық-жастық шағым, алғашқы еңбек жолым осы елді мекенде өтті.
Ес білген сәттен өмірдің талай сынағын: жетімдікті де, ауырлықты да, қайғыны да, бастан кешірдім. 8 жасымда әкем Махмет өмірден өтті. Тірегім әрі сүйенішім – жалғыз ағам Шорман 30 жасында дүние салды. Сырлас апам Орынтай мен қамқор жездем Барауқан Жолдасұлы да қазір өмірде жоқ.
Әрине Алланың жазғанына көну керек. Дегенмен, қимас жандарымды есіме алсам, әлі де қимастықтан жүрегім шерге, жанарым жасқа толады.
Дегенмен, достарым мен құрбы-құрдастарымның арқасында бәріне де қайсарлықпен төтеп бердім. Жыласам сүйеу болған, құласам демеу болған осы дос-жолдастар еді. Қазақта: «әкең өлсе өлсін, әкеңді көрген өлмесін», деген мақал бар ғой. Амал не, замандастарым да, әкемді көргендер де қазір жоқ. Жалғыз бауырым Шорманның үзеңгілестері де бақилық болды. Ес біліп, етек жапқан кездегі, туғандай болған жанашыр-ақылшыл ағалар: Солтан Оспанов, Іслям Жүнісов, Қайролла Өмірбаев, Төлеу Досымов, Қисамиден Мұқашев, Хамит Шәріпов,Орынбасар Дауылбаев, Қадыр Ахметов, Темір Айнагелдин, Жәмбек Шәпин, Науқан Сейтқазин, Ботпай Бекбаев өлшеусіз көп кеңес беріп еді. Aры қарай оқу

ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ, АЛДА ӘЛІ АУҚЫМДЫ ІС БАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Еңбек аптасының алғашқы күні аудан әкімі Виктор Радченконың Новомарковка, Ақмырза, Торғай ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесу өтті. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Елена Олексиенко, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Рауан Төлендинов бірге келді.
Шаршы топқа өнір тұрғындары мен түрлі сала өкілдері жиналды. Ұсыныс бойынша бірден екі әкімнің есебін тыңдап алуға, ізінше сұрақ беруге, пікір қосуға ұйғарым жасалды.
«Округтің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі әлеуметтік- экономикалық даму нәтижелері туралы» ақпар тыңдалғаннан кейін көпшілікті толғандыратын сауал қойылды.
Новомарковка ауылы. Жергілікті әкім Григорий Самойленко мал шаруашылығынын дамуы, тұқым жаңартылымы, ауыл шаруашылығы кооперативінің ұйымдастырылымы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәлімет ұсынды. Түрлі шараларға демеушілік көмегін ұсынған жерлестерге алғысын айтты. Aры қарай оқу

КИЕЛІ ЖЕРЛЕР МЕКЕНІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында бүгінде халық жадында ұмыт қалып жатқан дүниелер қайта танылуда. Осыған байланысты қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын еліміздің қасиетті орындарын анықтау қолға алынды. Ақмола облысы мәдениет басқармасы тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының міндетін атқарушы Тілектес Көпешұлы Нұрсейітов пен мекеменің бас инспекторы Серік Базарбекұлы Ысқақов іс сапармен өңірімізге келді.
Ресми тұлғалар аудан орталығында орналасқан Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайында жиын өткізді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайлау Жылқыбаев жиналған қауымға мейман қонақтарды таныстырды. Ізінше мамандар облыс бойынша анықталған ескерткіш пен киелі жерлер туралы мағлұмат ұсынды. Олар Зеренді, Қорғалжын, Бурабай және Ерейментау аудандарындағы қасиетті нысындарға жеке-жеке тоқталды, әрқайсының тарихи маңыздылығын атап өтті. Белгілі аймақтар жайлы тың ақпаратқа ұстаздар қауымы мен кітапхана жетекшілері қанық болды. Бұл қатардан өңіріміздің құрметті азаматтары да табылды. Aры қарай оқу

ЗАҢНАМА ТӘРТІБІ ЕСКЕРІЛУІ ШАРТ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Республикасының «Өсімдік карантині туралы» Заңына, «Республика аумағын карантинді заттардан, бөгде бұйымдардан қорғау туралы» ережеге сәйкес, өсімдік карантині саласында мемлекеттік бақылауға алынатын зат тізбегі белгіленген. Олар: ауыл шаруашылығы, орман және декоративті дақылдарының тұқымы мен екпе материалы, өсімдік пен оның сабақ-бұтағы, жемісі, сондай-ақ індет таратуы ықтимал өсімдік тектес кез келген өзге өнім. Карантинді өнім ұдайы қосымша бақылауда болады. Үлгісі таңдалады да, зертханалық сараптамадан өткізіледі. Іріктелім негізінде тексеріледі. Карантинді құжаттары қаралады. Өсімдік карантиніне арналған шаралардың орындалым реті бақыланады. Осы істің бәрі Қазақстан Республикасының аумағына залалды заттың әкелінуін тыюды, байқалып қалған таралу ошағын ауыздықтауды, жоюды, өсімдік және азық-түлік қорын қорғауды көздейді. Негізгі кәсібі карантинді өнім өндірісімен, даярлығымен, ұқсатылымымен, сақталымымен, тасымалымен, өткізілімімен орайласқан жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнама талабын ескеруге, орындауға міндетті. Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторлардың талабы негізінде тексеруге жататын бұйымның бар-жоғы туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Егістікке қоса дайын өнім сақталатын аумақта, қоймада жүйелі тексеріс жүргізілуі, қолдағы өнім тексеріс пен сараптамаға ұсынылуы шарт. Aры қарай оқу