«KAZPOST» ЖЫЛ СЫЙЛЫҒЫН ҰСЫНДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бүгінде «Қазпошта» АҚ – Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Ол халыққа барлық елде пошталық және қаржылық қызметін ұсынады. Ағымдағы жылдың қазан айында компания 25 жылдығын атап өтеді.

Осы арнаулы мереке қарсаныңда сенбі күні акционерлік қоғамның бастамасы мен демеушілігімен «Қазпошта» АҚ-ның аудандық филалында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шармен безендірілген корпоративтік түске енген ғимарат, жағымды әуен, жеміс-жидектер мен тәтті дәмге лық толы фуршет үлгісіндегі кең дастархан қонақтарды қарсы алды.

Іс-шараның шымылдығын кіріспе сөзбен «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» филиалы директорының орынбасары Әсел Жамбылқызы Сыздықова ашты. Ол барша жиналған қауымға республика бойынша пошта қызметі жайлы, сондай-ақ, салтанатты шара барысында ұсынылатын сый-сыяпат жөнінде айтып өтті. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың арасында жалпы 7 сертификат үлестірілді. Осы санатта ұтыс құны 200 мың теңгелік 1 сертификат, 100 мың теңгелік 1 сертификат және 50 мың теңгелік 5 сертификат, соңдай-ақ, заттай сыйлықтар сарапқа салынды.

Алдымен Бас жүлде ойнатылды. Бұл жолы Ақмырза ауылының тұрғыны Александр Тлепоухов бақытты билет иесі атанды, «Технодом» дүкенінен тұрмыстық техника сатып алуға лайықталған құны 200 мың теңгелік сертификат олжалады. Ізінше бағасы 50 мың теңгелік сертификат пен заттай сыйлыққа (электр шәйнек пен блендер) өзге жерлестеріміз қол жеткізді. «Қазпошта» АҚ серіктестігі – «Хоум Кредит» Банкінің атынан қосымша кружка және кружка қоятын тұғыр ойнатылды.

Мерекелік шараны Дархан Қабдешев тамаша әуенмен сүйемелдеді.

Ерейментау аудандық пошта байланысы торабының бастығы Алена Владимировна Зорина барша жиналғандарға керемет көңіл-күй үшін шынайы алғыс білдірді, елімізге бейбітшілік пен гүлденуді тіледі.

Анара АМАНТАЙ