МЕКТЕП – БІЛІМ ОРДАСЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Кезекті жаңа оқу жылының басталуына да айға толар-толмас уақыт қалды. Білім ордаларының жөнделімі мен жалпы күтімі, қазандық жабдығының техникалық жағдайы мен қысқа дайындығы мектеп әкімшілігіне, әсіресе директордың шаруашылық ісі бойынша орынбасарларына елеулі жауапкершілік жүктейді.
Еркінщілік орта мектебінде бұл мәселе тиісті деңгейде шешімін тапқан. Оған жаңағы аталған лауазым иесі Тұрымбет Қайсаұлы Қайыровтың іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жан-жақты септесті. Оқу жылы мен от жағу кезеңі аяқталысымен оқу кабинеттері ағымдық жөндеуден өткізілді.

Дәл осы сәтте от жағушы жігіттер Имашхан Мәуіт, Мәлгаждар Ренат, Аманбай Серікбай өз иелігіндегі су жылытатын екі қазандықты, бүкіл насос жүйесін, арматураларын өз күшімен тазартты, электр жабдықтарын тексерістен өткізді, ретке келтірді. Еден жуушы нәзік жанды өкілдері іші-сыртын сырлап-әктеп берді.

Күлі де шығарылған. Келесі қыста жағатын көмірін жылда тиісті шамада бюджет қаржысына аудандық оқу бөлімі жеткізіп береді.
Назарымызды аудартқан тағы бір жайт: мектеп ауласына жаңадан жеке әжетхана салынған екен. Іші-сырты толық әктелген, тиісті санитарлық талап деңгейімен толық үйлестірілген жинақы да таза орын көркімен өз тартады. Мектептің ішіндегі жылы әжетхана бастауыш буынға арналған. Оқушы баланың жалпы санын ойға алсақ – жаңағы тазалық ғимаратының орта буын мен жоғарғы сыныптың игілігіне лайықталғаны аңғарылды. Бір жағынан ересектердің ауыл баласына жасаған қамқорлығының бір үлгісі.
Тұрымбет Қайыров ауыл мектебінде үш жылдан бері қызметте. Қарамағындағы он сегіз еден жуушымен, үш күзетшіменг, жұмысшы Оралды Қажыгелдімен, электрші Виктор Лайрихпен, шаруашылық меңгерушісі Құмар Ерболатпен бірлесе ғимараттың күтіміне, мұғалімдердің нәтижелі жұмысына, балалардың алаңсыз сабақ оқуына лайықты жағдай жасаап келеді. Коммуникация желілері іркіліссіз, қалыпты жұмыс істейтін, жанға жайлы кең де жарық бөлмеде бәрінің де қолға алған ісі сәтңмен өрге басатыны анық. Осы мүмкіндік жаңағы адамдардың шебер қолымен, тынымсыз еңбегімен, жанашырлық пейілімен жүзеге асырылып келеді.
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ
Суретте: мектептің жылу қазандығы; жаңадан іске қосылған әжетхана.
Суретті түсірген автор.