ЖҰМЫС ЫРҒАҒЫ БӘСЕҢДЕМЕСІН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Әкімдіктің кезекті мәжілісі жағымды хабармен басталды. Аудан әкімі Виктор Радченко көпшіліктің көз алдында аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Нұртас Мандаевқа мерейлі жасқа толуына орай жылы лебіз арнады да, Құттықтау хатын табыс етті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Махметов те осындай ілтипат білдірді.
Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Алла Гречко ауданның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесіне тоқталды. Әңгіме сандық көрсеткіштермен толықтырылды. Өнеркәсіп өндірісі мен бизнестің, тұрғын үй құрылысының, салық түсімінің, негізгі капиталға қосылған инвестицияның жалпы жағдайы сипатталды.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесі, аудандық бюджеттің атқарылым реті тақырып жалғасына айналды. Сонымен, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің жұмысына жан-жақты талдау мен шолу жүргізілді. Игерілмеген қаржы, бюджет түзетілімі, дебиторлық борыш -бәрі-бәрі жекелеген басшылар мен есеп-қисап қызметкерлерін ойлантатын мәселелер. Дербес бөлімдер жіті назар аударарлық, уақтылы тиімді амал жасайтын жайттың бірі: тауар мен қызметті дер кезінде сатып алу шарт. Бұл іс нысаналы мақсатқа бөлінген қаржының сапалы игеріліміне өз ықпалын тигізеді. Қаржы есебінің сапалы әрі толық тапсырылымы сала мамандарының біліктілігі мен тиянақтылығын талап етеді. Жоғарғы буын салалас органдарға дәл жаңағыдай есеп құжаттары өткізілімінің де түпкі мәні осында. Мекеме бастықтары мен бухгалтерлері бірінші кезекте осы мәселені назарда ұстағаны жөн.
Мал шаруашылығы – аграрлық саланың жетекші буынының бірі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі шаруашылық ауласындағы малдың жалпы саны, азаюының негізгі себебі, өнеркәсіп жүйесінде көрсеткіштің әлсірегені тақырып жалғасына айналды. Осы негізде бірқатар бөлім бастықтарының түсініктеме сипатындағы жауабы тындалды.
Барлық айтылғандар негізінде үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша істі бір арнаға түсіруге міндет қойылды. Ол атқарылған жұмыс талдамасын, олқылық реттелімін негіздейтін мақсат. Алғы міндеттер белгіленген тиісті қаулы жобасы да қабылданды.
ӘКІМ КҮНІ
Өңір басшысы Виктор Радченконың төрағалығымен өткен «Әкім күні» мәжілісі жалпы істің жағдайын зерделеуге, тиісті бағыты бойынша алғы міндеттерді белгілеуге арналды.
Мал ұрлығымен орайласқан ахуал әрбір жанды өз мүлкіне ұқыпты қарауға жетелейді. Әңгіме негізінен ұсыныс сипатында өрбіді. Мал басының сақталымы шараларының мәнісі бақташымен келісім-шарт бекітуге негізделеді. Жиындарда халықпен әңгімелесудің, ауыл маңында учаскелік полиция уәкілдерімен бірге түнгі кезекшілікті күшейтудің маңызын түсіндірудің тиімділігі мол. Мал паспортының, сырғасының жоқтығынан кейде жоғалғанды іздеу қиынға соғады. Сондықтан мал иелерінің өздері бұл мәселені ойда ұстаулары шарт. Растайтын тиісті құжатсыз ет тасымалдауға жол берілмейді. Жылдам қатынастағы автобанға жақын қоныстанған елді мекендердегі мал басының амандығы үй иелерінің өздеріне байланысты. Ауыл әкімдері де өз округінің халқына істің мән-жайын түсіндіргендері абзал.
Бүгінгі алмағайып заманда директивалы құжаттардың мәнісінің дұрыс насихатталуы, заманауи идеологияның ескерілімі көпшілікті дұрыс ақпараттандыруға негізделеді. Істің байыбына үнілудің, тақырып аясында тұрғындармен жақын әңгімелесудің пайдасы мол болмақ. Бұл орайда округ әкімдерінің, депутаттардың, қоғамдық кеңестің салиқалы сөзі, тұжырымды көмегі қажет. Екінші жартыжылдыққа лайықты жоспар әзірленімі атқарылған жұмыс туралы есеп тапсырылымы, көрнекі жарнама ресімделімі, мемлекеттік рәміздеріміздің түнгі жарық шамымен дұрыс орнатылымы ортақ парызымыз болуы тиіс. Конституция күніне, Аудан күніне тыңғылықты дайындық ортақ іске ауылдардан қосылған сүбелі үлестің бірі. Бүкіл іс Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарын жүзеге асыруға, аға буынды құрметтеуге бағытталмақ.
Мекемелерде тиісті мерзімінен асыра сақталған, ғылыми техникалық тұрғыда өнделімді керек ететін құжаттардың мемлекеттік архивке уақтылы тапсырылымы қолдағы іс қағаздарына, бүкіл құжаттамаларға ұқыптылықты, ыждағаттылықты талап етеді. Осының бәрі толық әрі тұтас сақталу үшін аудандық архивке жинақталуы тиіс.
Әлеуметтік аударым борышының өтелімі барлық жиылған қауымды ойлантатын мәселе болды. Есеп құжаттарының дұрыс толтырылымы, бухгалтерлердің білімін жетілдіру ыңғайы, тренингі, семинар өткізілімі жағдайды қалыпқа түсіруге септеспек.
Ауданымыздың барлық деңгейдегі әкімдерінің биылғы жылдың қаңтар-ақпан айындағы есепті кездесулерінде халық тарапынан жолданған ұсыныстың, сол негіздегі шаралар жоспарының орындалымы жергілікті атқару билігінің мәртебесіне оң ықпал етеді. Аудан әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау бөлімі ұсынған ақпарат барлық деңгейдегі әкімдердің бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша кездесуін өткізуге арналды. Жоспар-кестеге сәйкес ауыл әкімдерінің бұл жолғы жүздесуі 6-13 тамыз аралығында, аудан әкімі қатысатын кездесу 13-20 тамызға белгіленген. Апта сайын жұма күндері аманаттың орындалғаны туралы ақпар беруге шарт қойылды.
Егде адамдардың малына қысқы азығын түсіріп беру, аудан мен қаланың алдағы мерейлі датасын абыроймен өткеру, елге еңбегі сіңген ағаларды, әсіресе, бұрынғы Одақ орденінің иегерлерін құрметтеу реті де кеңінен қамтылды. Округтерде орман мен дала өртінің алдын алуға ертерек қамдануға, келесі жылдың бюджет жобасын ойластыруға ұсыныс енгізілді.
Нұрлыбек ТӨРЕГЕЛДІ