ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
1 тамызда бүкіл Ақмола облысы көлемінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Игі істің мақсаты тұрмысы әлсіз, көпбалалы отбасылардың оқушы балаларын, жетімдерді, ата-ананың қамқорлығынан қалыс қалғандарды сүйемелдеуге, барлығына мектепке баруына жағдай жасауға арналған. Осы кезенде баласы мектепке бармайтын отбасыларды анықтауды көздейтін рейд, үй-үйді аралайтын тексеріс жүргізіледі.
Ауданымызда өңір әкімі Виктор Радченконың өзі дәстүрлі игі істі бастап берді. Өз қаражатына алты балалы Наталья мен Юрий Черныхтың отбасының ұлына керек-жарағын, қағаз-қаламын әперді. Бұл жанұяда алтаудың төртеуі оқуға барады.
Аудан әкімінің кабинетінде 1 сынып оқушысы Кириллге киім-кешек, аяқ киім, рюкзак тарту етті, сәт сапар, үздік оқу, ата-анасының күткен үмітіне сай болуын тіледі. Наталья Черных өз кезегінде аудан басшысына шын ниетпен алғыс жолдады.
Виктор Радченко игі бастаманың жалғасын табатынына, балалары мектепке бара алмайтын отбасыларға елеулі жәрдем көрсетілетініне үміт білдірді. Баршасына, әсіресе, жеке кәсіп иелеріне, қайырымды жандарға осы науқанға үн қосуға, жағдайы қиын ата-ана мен балаға қолдау көрсетуге үндеу арнады. «Мектепке жол» қозғалысының әлі де сәтімен өз жалғасын табатыны анық.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі