«ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ КЛУБЫ – 2018»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)

Loading...
2018 жылдың 1 тамызынан облыстық «Ең үздік ауыл клубы-2018» конкурсы басталды. Мақсатты шара «Рухани қазына» бағдаршасының «Ауыл клубы-біздің қамқорлығымызда» жобасы аясында өткізілуде.
7 тамыз күні облыстық конкурс эстафетасын Ерейментау ауданы қабыл алды.
Құрамына 4 адам кірген қазылар алқасы Мейрам Смагұлұлы Ыдырысов басқаратын Ақсуат ауылының клубына барды.
Төрешілерді ауылдастар клубтың кіреберісінде күтіп алды. «Әжелер» ансамблінің өнерпаздары мен Смағұловтардың отбасылық дуэті «Сары жез құмған-ай» әнін арнады. Ізінше концерттік бағдарламаны тамашалауға кезек келді.
Мерекелік шараның шымылдығын «Әжелер» ансамблі «Тұсау кесу» рәсімімен түрді. Салт-дәстүрді орындау құрметі қазылар алқасының мүшесі Ж.К.Ахметжароваға бұйырды.
Концерттік бағдарламаға Ақсуат ауылдық клубы өнерпаздары тиісті нақышымен орындаған түрлі жанрдағы нөмір енгізілді. «Сельчанка» вокалдық тобы, «Жұлдыздар» триосы, «Гүлдер» би ұжымы, Смағұловтардың отбасылық ансамблі және жеке дауыстағы әншілер сахнаны өнерімен әрледі.
Қазылар алқасының төрайымы Г.Ж.Киреева конкурстың ұйымдастырылып өткізу ретіне жоғары баға берді.
Мәдениет ошағының меңгерушісі төрешілер назарына тұсаукесер – бейнебаяның ұсынды. Бұл жолы клубта өткізілетін іс-шара, инновациялық жоба, жергілікті тұрғындармен байланыс, шығармашылық үйірмелер мен ұжымдардың жалпы жұмысы қамтылды.
Өнірімізге келген қазылар алқасы келесі үміткер – Аршалы ауданының клубын тамашалауға аттанды.
Лайықты өнер көрсеткен Ақсуат ауылдық клубының әртістеріне шығармашылық табыс, сарқылмас ынта және ең бастысы – жеңіс тіледік. «Ең үздік ауыл клубы-2018» конкурсының қорытындысы жыл соңында белгілі болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі