МЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛҒЫМ КЕЛЕДІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 2,00 из 5)
Loading...

Австрия қазақтарының тұрмысы және қазақ қызына үйленгісі келетін себебі туралы.

Ertugrul Colpan, 29 жаста, туған қаласы – Вена, Австрия, мамандығы- биоинженер.

Vienna Kazakh футбол командасы
Vienna Kazakh футбол командасы

Менің атам Қытайда Баркөл аймағында тұрды, бүгінде ол жерде негізінен ұйғырлар мекендейді. Ленин билікке келген сәтте ашаршылық басталды, сондықтан олар Қытайдан Қазақстанға қоныс ауыстырды, ол жақтан Пәкістанға, кейін Түркияға ауды. Өйткені тілі мен дінінің қысымшылыққа кезіккенін қаламады.

Менің әкем әуелі Алтай атты түрік деревнясында тұрды, онда Түркияға көшкен қазақтар мекендеді. Кейін Стамбұлға көшті. Осыдан кейін 1980 жылы Венаға келді, бұл кезде 22 жаста болатын. Әкем Австрияға жұмысшы ретінде келген еді. Ол уақытта жұмысшыға сұраныс туындап жатты. Сол себепті мен Венада тудым.

Мен электроинженер мамандығына оқыдым. Ізінше банкоматқа техникалық қызмет көрсететін салада жұмыс істей бастадым. Ол жерде екі жарым жыл қызмет атқардым да, қазақ достарыммен бірге Қазақстанға оқуға баруды ұйғардым. Мемлекет ол уақытта бір жыл бойы тегін оқуға мүмкіндік берген еді. Біз Қазақстанға бардық, өйткені қазақ тілін үйреніп алғымыз келді. Біз қазақ болсақ та, қазақ тілін білмедік, өйткені Австрия тұрғынымыз. Адам бөгде елде тұрған сәтте өз тілін, дінін, біртіндеп өзін де жоғалтады. Мен балаларымның түпкі тегін ұмытуынан сескендім. Қазақстанға барған себебіміз де ана тілімізді үйренумен орайласқан еді.

Мен Қазақстанға алған рет жастардың құрылтайына келдім. Бұл қызық болды. Кейін осында дайындыққа келдім. Біз қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс тілі сабағын оқыдық. Б      ұл керемет еді. Мен қазақпын әрі өз елімде тұрдым. Осыдан кейін досым тараздық бойжеткенге үйленді де, мен жұмыс істеуге Венаға кетіп қалдым.

Маған қазақтың салт-дәстүрі ұнайды. Тіпті шет елде тұрсақ та, біз, қазақтар, бірімізді-біріміз іздейміз, жиі жиналамыз. Достарымның арасында қазақ көп, тіпті өзіміздің футбол командамыз да бар. Мен үшін Венада қысымшылық көрмегенім, нағыз қазақ болып қалғаным маңызды. Анам бауырсақ, шелпек пісіреді, жиі қазақша ет асып жейміз, шашу шашамыз. Венадағы үйлену тойында отбасымызда беташар салты қалыптасқан. Мен домбыра тартамын, оны Қазақстанда үйреніп алдым. Маған біздің музыкамыз ұнайды.

Австрияда жылқының еті оңайлықпен қолға түспейді. Туыстарымыз оны Қазақстаннан әкеледі. Біз олардан шұбат, қымыз әлде шұжық ала келуін сұраймыз. Дегенмен кейде олар әуежайда қиындыққа кезігеді.

Мен Қазақстанға оралғым келеді. Алайда қашан келетінімді әлі білмеймін. Мен қазақ қызына үйленгенді жөн көремін. Өйткені қазақтың бойжеткендері көрікті, бауырмал әрі жақсы тәрбие алған. Ата-аналарым да қазақтан келін түсіргенімді қалар еді.

Қазақ бола тұра, мен әлемге қазақ ретінде қараймын, әйтседе маған австрия-неміс менталитетінің әсері тиген. Қазақтар неміске қарағанда жалқауырақ, өйткені неміс – тәртіпті халық. Сонда да мен қазақтарды жақсы көремін, менің бойымда қандастарыма жылы сезім орныққан.

***

Ereument Cetinkaya, туған қаласы –Вена, Австрия, мейрамхана менеджері.

Менің атам мен әжем 1955 жылы Қазақстаннан Түркияға көшіпті. Анам Анкарада туды да, Стамбұлда, этникалық қазақтар тұратын Гюнешли деревнясында өсті. Ал әкем 1988 жылы Австрияға қоныс аударды. Ата-анам Австрияда 30 жылдан бері тұрады, ал мен Венада тудым.

Мен гастрономия саласында еңбек етемін, өйткені маған адамдармен араласқан ұнайды. Мектеп бітіргенде алты тілді меңгердім. Сондықтан Венаның туристік орталығында жұмыс істеген жеңіл тиді. Венаның бақуатты ауданында мейрамханада, барда әуелі даяшылық, ізінше жетекші әрі менеджер ретінде қызмет атқардым. Оған қоса спортқа, саяхатқа, киноға құмармын.

Австрияда қазақ мәдениетінің қауымдастығы (K.K.V.O) баршылық, біз өзге қазақ отбасыларымен де байланыста жүреміз. Мәдениет қауымдастығы, Наурыз әлде Рамазан секілді, қазақ отбасыларына арналған шара ұйымдастырып тұрады.

Бізде 1.fc Vienna Kazakh футбол командасы да баршылық. 2016 жылдан бері ресми лигада ойнап келеміз. Командамыз қазақ жастары мен қазақ студенттерінен құралған. Бұл біз үшін футбол командасынан гөрі маңыздырақ. Сірә, бірге көңіл көтеретін жастар тобына көбірек ұқсайтын тәріздіміз. Ұтқанымыз, ұтылғанымыз маңызды емес, қаракөз жас бауырларымыздың есірткіден әлде қылмыстан аулақ болғаны маңызды. Клубымызды да өзімізден қаржыландырамыз, оны лайық деп таптық. Бізде Facebookта 1. Fc Vienna Kazakhstan 1991 және Instagramда 1 fcviennakazakh1991қауымдастығы баршылық..

Мен қазақтың ұлттық тағамдарын татып көрдім, оны үйде даярлаймыз. Анам – әлемдегі ең үздік аспаз. Сәбіз бен ет қосылған мәнтіні, палауды ұнатамын. Аздап қазақша сөйлеймін. Қазақ тілін жақсы түсінсем де, әңгімелесуім қиын. Мектепте ағылшын, неміс, испан, латын, француз, түрік тілі болды. Дегенмен жақында қазақ тілін де үйренетініме үміттімін.

Маған Қазақстан ұнады: ол ұлан-байтақ ел екен. Қазақстанда алғаш рет бір апта бұрын болдым. Біз Петропавлда өткен футбол турниріне қатыстық. Мен ұлан-байтақ елде түп-тамырыма жақын болғым келеді. Маған Астана да ұнады, ол – заманауи қала.

Қазақстанның халқы мейірбан, ұдайы көмекке даяр тұрады. Мен оған өте қайран қалдым. Тамызда Қазақстанға екі аптаға оралуды ұйғардым. Енді Алматыға барғым келеді.

Alp Sara, туған қаласы –Вена, Австрия, математика мен дене тәрбиесі сабағының мұғалімі.

Анам қазақстандық болса да, Түркияда туған, өйткені олардың ата-анасы әскери босқын болған екен. Әкем түркиялық, қос жұп Стамбұлда кездескен, ізінше мен туған қала – Венаға аттанған. Үйде екі әпкем мен інім баршылық.

Мен Венада туып-өстім, қазір орта мектепте математика мұғалімімін. Спортпен көп айналысамын, футбол ойнаймын. Австрияның жартылай кәсіби командасының да ойыншысымын.

Мен Қазақстанның жер көлемі бойвнша әлемде тоғызыншы орынды иеленетінін, тек халқының саны 18-ақ миллион екенін білемін. Қазақтардың көшпенді халық болғанын, атпен сапарлағанын да білемін. Отбасым қазақтың дәстүрін ұстанса да, Қазақстандағы бүкіл дәстүр жайында хабарым аз. Оны көбірек білгім келеді.

Анам қазақ және түрік тағамын әзірлейді. Қазақстанда болғанымда жылқы етінен, қымыздан дәм татырды.

Мен қазақтың бірнеше сөзін ғана білемін, дегенмен егер уақытым көбірек болса, онда үйренер едім деп ойлаймын.

Отбасымызда түрікше сөйлесеміз. Сондықтан мен қазақша білмеймін. Австрияда баршаға анағұрлым танымал ағылшын, испан, француз тілін оқып-үйренеміз.

Қазақстанға барғанымызда, маған Астана ұнады. Жергілікті халық кішіпейіл, елгезек. Мен осы қалаға тағы келетініме үміттімін.

(Интернет ақпараты негізінде аударған Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ)