НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС – КӨҢІЛ-КҮЙ КЕПІЛІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 3,00 из 5)

Loading...
Аудан әкімдігінің салалас бөлім бастықтарымен жұмыс бабымен жиі жолығамыз. ТКШ, жолаушылар көлігі, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Матайұлы Мәшкеновпен кәсіптік мереке – Құрылысшы күні қарсаңында жүздесудің сәті түсті. Соңғы жылдар ішінде қол жеткен жетістік, байқалған өзекті мәселе жайында әңгімелестік.

Ербол Матайұлы Мәшкенов
Ербол Матайұлы Мәшкенов

-Бұл мейрам ежелден сала мамандарына қоса баршаға ортақ. Оны кәсіп иелері де, жалпы қауым да, атап өтеді. Өйткені құрылысшылардың кәсіби мерекесі іске қосылған, тұсауы кесілген жаңа ғимаратымен, халыққа баспана сыйлаған оңтайлы сәтімен орайласады.
Биыл 60 пәтерлі жаңа үй игілікке берілді. Жайлы тұрмысқа лайықты барлық инфрақұрылымы да қоса жабдықталуда, жол мен инженерлік желі жөнделуде, №3 орта мектеп күрделі жөнделді, №2 орта мектеп-лицейде, Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде осындай іс қолға алынды.
Қазіргі таңда қаламызда жүзу бассейнімен дене тәрбиесі-сауықтыру кешенін салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Өткен жылдың 31 тамызында Жантай батыр мен Атан батыр көшелерінің қиылысында «Астрахан селосында дене тәрбиесі- сауықтыру кешені ғимаратының құрылысы» жұмыс жобасын белгілеуге арналған жалпы алаңы 1,2 гектар жер учаскесі бөлінген. Жер актісі алынды.
2018 жылы облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен осы құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Жоба әзірленді, 2018 жылдың 3 шілдесіндегі №ЖС-0042/18 кешенді ведомстводан тыс құптарлық қорытынды алынды. Ғимараттың жалпы сметалық құны 430 миллион 911 мың теңге, құрылыстың нормативтік ұзақтығы -11 ай. Ғимаратта тамбур, вестибюль, тіркейтін бөлім/касса, электр қалқанша бөлмесі, 4 әжетхана, жылу торабы, күзет бөлмесі, киім ілетін бөлім, екі дәліз, жүзу залы, химиялық талдама зертханасы, нұсқаушылар/ кезекші медбике бөлмесі, бассейннің түгендеу бөлмесі, тамбур, 4 киім киіп-шешетін 4 бөлме, 4 душ бөлмесі, 2 әжетхана, 2 шлюз, қабылдау бөлмесі, директордың кабинеті, жуып-тазалағыш жабдық бөлмесі, шаруашылық меңгерушісінің бөлмесі, медрпункт бапкерлдер бөлмесі, қызметкерлер бөлмесі, демалыс бөлмесі, ойын алаңы, 3 түгендеу техбөлмесі қарастырылған. Құрылысты 2018 жылдың қыркүйегінде бастауға, 2019 жылдың тамызында тәмамдауға жоспар белгіленген.
«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылымы аясында Автомобилистер көшесінің бойында (Әлжанов-Әл-Фараби тұйығы аралығы) тиісті жоспарға сәйкес коттедж қалашығының құрылысы белгіленген.
Бөлініп берілген жер телімінің жалпы саны – 28. Ол жерге бір үй салынған. 8 учаскенің иесі баршылық, 28-і бос тұр. Жеке тұрғын үй бірыңғай сәулет стилінде салынатын болады.
Бүгінгі таңда қалада «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына үн қосуға ниет білдірген 19 отбасы баршылық. Осы бағдарламаны іспен пысықтау негізінде 2018 жылы облыс бюджетінен Ерейментау қаласында тағы да 60 пәтерлі бір және 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы көзделген жобалық-сметалық құжаттама әзірленіміне қаражат бөлінді.
«Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалымына келсек – Ерейментау қаласының №5 қазандығы мен жылу желілерін қайта құрылымдайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірлетуге 2017 жылы облыс бюджетінен 28 миллион теңге бөлінді. 2017 жылдың 4 шілдесіндегі №12-0347/17 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Ерейментау қаласының №5 қазандығы мен жылу желілерін қайта құрылымдауға арналған инвестициялық жоба» бағдарламасы бойынша 2019 жылы қаржы бөлінісіне ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы арқылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім түсірілді.
Халықты сапалы ауыз сумен қамсыздандыру мақсатында биыл ауан бюджетінен Еңбек ауылына сумен жабдықтайтын желі салғызуға, Бестоғай ауылының сумен жабдықтайтын желісін қайта тартқызуға лайықты жобалық-сметалық құжаттама даярланымына қаржы бөлінді.
Ұзақ жылдан бері ауылдық округтердің су желісін күрделі жөндеп жүрген, қайта тартып берген «ЕрейменТАУ-2005» (директоры Темірболат Оразақов) серіктестігін атап өткіміз келеді. «Мухамет-НС-2007» (басшысы Шахзада Асқаров) ЖШС-нің де өңірімізде атқарған еңбегі аз емес. Заготзерно аймағында №4 орта мектеп салып берді, 60 пәтерлі үйге инженерлік желілерді қосты, архив ғимаратының қасбетін жаңартты. Бүгінгі күні аудандық мәдениет үйінің күрделі жөнделімін қолға алды.
Ерейменге еңбегі сіңген құрылысшы, 382-ші құрылыс-монтаж пойызының бұрынғы басшысы Владимир Рыков пен оның жұмыскерлеріне ұзақ жылғы еңбегі үшін айтар алғысымыз ерекше.
Барлық құрылысшыларға берік төзім мен келер күнге нық сенім, толымды табыс, денге саулық, баянды бақ, ұзақ ғұмыр тілегіміз келеді.
Людмила МАРКОВА. Суретті түсірген автор.