МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары, қазіргі таңда ауданымызда электронды денсаулық сақтау жүйесі күшіне еніп келеді. Аудандық емхананың мамандары КМАЖ (Кешенді Медициналық Ақпараттық Жүйе) бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Барлық өзгеріс дәрігерлік көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталады. Біз өңір тұрғындарына Play Mapкет қосымшасы арқылы өздерінің ұялы телефонына Damu Med мобильдік қосымшасын орнатып алуды ұсынамыз. Пациент осы жүйе арқылы дәрігердің қабылдауына жазылады, маманды үйіне шақырады, аурухана қағазын ресімдетеді, зертханалық тексеріс нәтижесін алады. Осылайша, емделушіге енді емханаға келудің қажеті болмайды. Ол үйден шықпай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта қабылдауға тіркеле береді. Қосымшасы тегін. Осы қосымшаның арқасында сізге скринингтік бақылау, флюорографиялық тексеріс жайында хабар аласыз. Диспансерлік тексерістен өтуге шақырыласыз. Бақылау кабинетінде, дәрігерге дейінгі кабинетте бақылаудан өтуге шақыру жібересіз.

Кіреберісті тіркеу үшін қосымшаға Сіз телефоныңыздың нөмірі мен ИИН дерегіңізді енгізіңіз. Жалғастырсын белгісін басыңыз. Жүйе көрсетілген ИИН мәліметінің таңдалған аймаққа бекітілгенін тексереді де, сіздің нөміріңізге СМС-КОД жөнелтетін болады, сіз де қосымшаға кіре аласыз. Егер қосымшадан жаңағы ИИН-ге телефонның басқа нөмірінің тіркеліп қойғанын хабарласа, онда сізге фото құжатты (жеке куәлік әлде төлқұжат) бекітуіңізді ұсынады. Мархабат, өтінімге фото құжатыңызды бекітіңіз. Фотосуретіңізде ИИН анық көрінуі абзал. Осы деректерді жөнелткеннен кейін тіркелімге арналған өтінім сіздің дәрігерлік мекемеңізге келіп түседі. Емхананың бағдарламашылары өтінімді өңдейді, деректердің қатесіз жазылғанын тексереді. Егер бәрі сәйкес келіп тұрса, онда өтініміңіз мақұлданады. Сіздің көрсеткен нөміріңізге «Өтінім мақұлданды» мәтінімен хабарлдама келеді және Сіз енді тіркеле аласыз.

Егер қосымша орнатуда мәселе туындаған болса, онда емхананың екінші қабатындағы 21 нөмірлі кабинетінің бағдарламашыларына келіп жолығыңыз. Операторлар сұрағыңызға жауап береді де, бағдарлама орнатуға жәрдемдеседі.

Қолыңыздағы ұялы телефоныңызға қосымша жүктетіп алыңыз да, күнделікті тіршілік кәсібіңізден қол үзбей-ақ, дәрігерлік қызметті пайдалана беріңіз! Деніңіз сау болсын!

Надежда КИРИЛЛОВА,

емхананың жантанушысы.