ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ, АЛДА ӘЛІ АУҚЫМДЫ ІС БАР

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)

Loading...
Еңбек аптасының алғашқы күні аудан әкімі Виктор Радченконың Новомарковка, Ақмырза, Торғай ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесу өтті. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Елена Олексиенко, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Рауан Төлендинов бірге келді.
Шаршы топқа өнір тұрғындары мен түрлі сала өкілдері жиналды. Ұсыныс бойынша бірден екі әкімнің есебін тыңдап алуға, ізінше сұрақ беруге, пікір қосуға ұйғарым жасалды.
«Округтің 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі әлеуметтік- экономикалық даму нәтижелері туралы» ақпар тыңдалғаннан кейін көпшілікті толғандыратын сауал қойылды.
Новомарковка ауылы. Жергілікті әкім Григорий Самойленко мал шаруашылығынын дамуы, тұқым жаңартылымы, ауыл шаруашылығы кооперативінің ұйымдастырылымы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәлімет ұсынды. Түрлі шараларға демеушілік көмегін ұсынған жерлестерге алғысын айтты.
Негізгі деректерге қоса медициналық сақтандыру жүйесінің енгізіліміне назар аударылды. Басым бағдарламаларға ден қоюға, өз кәсібін дамытатын несие ресімдетуге, кәсіпкерлер палатасы арқылы мамандық игеруге үндеу жолданды.
Ауылдастардың айрықша белсенділігі қайран қалдырды. Түрлі сипатта сауал қоюшылар қатары аз болған жоқ. Халық көбінесе елді мекенді көріктендіруге, жер салығына, үлеске қатысты келісім-шарт бекітіліміне, мал бағылымы мен жоғалуына, ауыз судың сапасына, учаскелік уәкілдің жоқтығына, православие моласына қатынасатын жолдын жөңделіміне қатысты мәселеге толғанды. Клубтың жоқтығы да сұрақ беруге себеп болды. Күздің алғашқы белгілеріне байланысты көмір мен тамызық ағаштың бағасына да назар аударылды. Әрбір сұрақ бойынша тиісті анықтама берілді.
Ақмырза ауылы. Округ әкімі Баттал Ыбыраев ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жандар туралы дерек ұсынды. Егін себетін ең ірі шаруашылықтың бірі – «Серноводск» ЖШС, иелігіндегі егістік алаңы 8000 гектардан асады. «НС-Кенеткель» ЖШС мал өсіреді. Өзге шаруашылықтар етті мал өсіріліміне ден қоюда.
Үш адам «Бастау Бизнес» бағдары бойынша дәріс тыңдаған. Қазіргі таңда, несие құжаттары толық жинақталды, сертификат иегерлерінің біріне өз кәсібін ашуға 6 пайыздық сыйақымен несие берілісі күтілуде.
Округ аумағында су желісінің іске қосылғанына 30 жылдан асыпты. Ақмырза халқын сапалы сумен қамсыздандыру бағдарламасын орындау шеңберінде 2017 жылы су құбырын қайта тартуға жобалық-сметалық құжатамасы жасалыпты. 2018-2019 жылдары бұл жүйені реттеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінісі мәселесі шешілуде.
Автокөлік жолынын жағдайы ел тіршілігіне лайықты, ең маңызды инфрақұрылымнын бірі. Бұл мәселенін шешіміне қатысты шара қолға алынуда. Жол ауданның балансына қойылған, оған «Эко Жәрдем» ЖШС қызмет көрсетеді. Округ тұрғындары жылда айналаны көріктендіруге, тазартуға лайықталған ауқымды жұмыс жүргізеді.
Ауыл әкімі есеп барысында, Новомарковка-Ақмырза жолынын ағымдық жөнделіміне үн қосқан «Темірбек» шаруа қожалығынын басшысы Аман Сәбитовке, мекемелерге, округ тұрғындарына алғыс айтты.
Екінші топтағы мүгедек Римма Либрих Ерейментауға дейінгі бағыттық автобустың жоқтығына толғанды. Орта мектептің іс қағазын жүргізушісі Сәуле Садықова оқу орнының бірінші, екінші қабатынан тамшы ағатынын әңгімеге негіз етті. Ауыл әкімдігінің көлік жүргізушісі Амангелді Шөженов үлес бөлінісіне қатысты мәселе көтерді.
Торғай ауылы. Округ әкімі Марат Әубәкіров өз есебінде мемлекеттік бағдарламанын жүзеге асырылым ретінде тоқталды; алдыңғы кездесуде ел тарапынан айтылған ұсыныс, ескертуді жүзеге асыру негізінде орындалған жұмыс жайын баян етті. Бұған қоса елді мекендегі өндірістің, бизнестің, қоғамдық қызмет көрсетілімінің дамуына назар аударды. Аграрлық сала, әлеуметтік қорғалым, ауыз сумен жабдықтау, ауылдық аумақтың дамуы, айналанын көріктендірілуі, көгалдандырылуы әңгіме өзегіне айналды.
Округте қылмысты тыюға елеулі көңіл бөлінеді. Нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алуға лайықталған жұмыс жүруде. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар мәжбүрлі емге жіберіледі. Округ әкімі сөз түйінінде екінші жартыжылдыққа межеленген міндеттерге ден қойды.
Баяндама тәмамдалғанда көпшілік тарапынан сұрақ берілді. Негізгі мазмұны үйге ауыз су құбырын енгізуге, автобус қатынасына, электр қуатының берілісіне, жұмыспен қамтуға арналды.
Кездесуге жиналған қауым ауыл мен аудан әкімінің жұмысына бірауыздан құптарлық баға берді. Аудан басшысы Виктор Радченко ауылдастарға өңір өміріне белсене араласқандары үшін алғыс айтты. Бәріне денсаулық, амандық, жақсылық тіледі.
Людмила МАРКОВА.
Суретті түсірген автор