ТАЯҒЫ ҚҰТТЫ БОЛҒАН СЕЙІТ АҒА

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Кешегі Одақ тұсында, кеңес дәуірінде өңірімізде қажырлы еңбек еткен жігіттер бүгінде ауылдың үлкені санатында, рулы елге сөзі өтетін қария дәрежесінде. Бозтал ауылының тұрғыны Сейіт Қырықбаев ағамызды да осы санатқа қосуымыздың жөні баршылық.
Балдәурен балалық шағы жеңіл тимеген бозбала, бұғанасы қатпай жатып, қол еңбегіне араласты. Тың игеру кезеңі қарқын алғанда жұмысқа кіріскенін ескерсеңіз, ауылдасымыз ол кезде небары 13-ақ жаста екен. Ленинский кеңшарының орталық қонысы – Күншалған ауылында жазда механизатор, қыста шопанның көмекшісі болыпты.
1961 жылы жаңа ашылған «Өлеңті» кеңшарында аға шопан ретінде жеке отарға иелік етті. Міне осы кезеңде өріс сәні – ақтылы қой өсіруді түпкілікті қолға алды. «Мал өсірсең – қой өсір, берері оның көл-көсір» демекші, байырғы ата кәсіпке ден қоя жүріп, малдың күтімі мен бабын, өсімі мен күйін жіті назарда ұстады. Ол уақытта аупарткомнан әрбір шопанға 100 саулықтан төл алуға, әр қойдан килограмм өлшемімен тиісті шамада жүн қырқуға, совхоз бойынша мемлекетке ет өткізуге социалистік міндеттеме, арнаулы жоспар белгіленетін. Совхоздың экономикасы мен әлеуеті, тұтас ауданның да облысқа оң қырынан танылуы дәл осы тапсырманың орындалым деңгейімен орайласатын. Игі іске жастай төселген, жыл санап тәжірибесін шыңдаған шопан жылда осы меже биігінен көрініп жүрді. Сейіт ағамыздың көктемгі сақман, жазғы қырықтық науқанында іске ұқыптылығымен, қарамағындағы малға қырағылығымен ауылдас әріптестеріне үлгі көрсеткені ел аузында, көзкөрген аудан басшыларының жадында. Әсіресе жаппай қой қоздату науқаны кезінде шопанға көмекші ретінде совхоз басшылығының нұсқауымен фермаға қосымша жұмысшы жіберілетін. Aры қарай оқу

МЕРЕЙТОЙҒА БІЗ ДЕ ЖЕТТІК АЯҢДАП

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Ауданның бүкіл спортшылар қауымы тамыздың соңында Спорт күнін атап өтті. Мереке құрметіне дүбірлі жарыс, әртүрлі турнир ұйымдастырылды. Оқырман қауым бұл күндері тілшілеріміз арқылы аудан спортының тарихынан мол мағлұмат алуда. Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Алмагүл Мейрамқызы Әлжановаға жолыққанымызда, әуесқой спортшыларымыздың айтулы дата қарсаңындағы жетістігі туралы мәлімет алдық.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде спортпен айналысуға арналған 107 алаң мен ғимарат баршылық. Атап айтқанда 1500 орындық 1 стадион, тир ататын 5 бөлме, 22 спорт залы, олардың 17 – сі мектепте, 2-уі колледжде, 2 -уі ауылдық округте іске қосылған. 68 жазық алаң, 46 спорт алаңы, оның 1-уі жасанды төсемді спорт алаңы, 21 футбол алаңы, 4 ашық хоккей корты, 7 жапсарлас бейімделген спорт залы ел игілігінде.
Штаттағы дене тәрбиесі қызметкерлерінің жалпы саны – 80 адам, олардың ішінде 51 маманның дене тәрбиесі саласынан жоғары білімі баршылық. Дене тәрбиесі мен спорт ұжымдарында 7452 адам жаттығады. Аудан бойынша 465 спорт секциясының жұмысы қамтамасыз етілген.
Дене тәрбиесі және спорт бөлімі биыл пневматикалық винтовка алдырды.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығы ішінде белгілі нәтижеге қол жетті. 18-19 мамырда Бурабай ауданында «Акмола Барысы» турнирі өтті. Ербол Нурланұлы шаршы алаңда үшінші орынды иеленді. 25 мамырда Кокшетауда футзалдан Ақмола облысының кубогы өткізілді. Жарысқа қосылған Ерейментау ауданының командасы құрметті бірінші орынды олжалады. 30 наурызда Сандықтау ауданында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған «Белый марафон» бәсекесінде спортшы жерлесіміз Гүлжан Иманова бірінші тұғырға көтерілді. 25-28 шілдедегі Президенттік көпсайыста жалпыкомандалық 7 орынға шықтық. Жекелей есепте Ольга Пырхқа 2 орын, Павел Дроботқа 3 орын бұйырды. Aры қарай оқу

САЙЛАУШЫ СЕНІМІ – ДЕПУТАТ ҰСТАНЫМЫ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Тарих үшін 90 жыл дегеніңіз – тек қас-қағым сәттік кезең ғана. Ал ауданның тарихи жолына үңілер болсақ – ол аз мерзім емес.
Аудан аумағы, экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму жолы өзгерді. Мерейтой аталып өтетін шақта біз елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестерімізге ілтипат білдіреміз. Ауданның негізін қалаған аға буынды алғыс сезімімен еске түсіреміз. Бұл – еңбегімен ел іргесін бекіткен жандардың, тағдырын ауданмен тоғыстырған барша қауымның, бүгіні мен болашағын көздейтін, оны жақсартуға ден қойған жұртшылықтың атаулы мейрамы.
Біздің негізгі күш-әлеуетіміз – туған жерін жанындай сүйетін, қажырлы да іскер жандар. Арасында еңбегі сіңген ұстаздар, дәрігерлер, әлеуетті кәсіпкерлер, энергетика, сауда, әлеуметтік және мәдени сала мамандары баршылық. Тұтас өңіріміздің әл-ауқаты мен өркендегені түптеп келгенде жаңағы адамдардың еңбегі. Барлық сайланымдағы мәслихат депутаттарының кәсіптік біліктілігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде де ауданның дамуына барынша ден қойылды.
Мәслихаттың аудан өміріндегі рөлі мен орны жайында айта келе, оның тіршілік қызметіне қатысты маңызды мәселенің бәрі міндетті түрде ауданның өкілетті билік органы арқылы реттелетініне нық сенім білдіре аламыз. Aры қарай оқу

АЛТЫН БЕСІК, ҚҰТТЫ МЕКЕН ЕРЕЙМЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Құрметті жерлестер, барша қауым!
Бүгін Ерейментау ауданына – 90 жыл! Бұл кемел кезең. Адамның ғұмыры жылмен, ауданның тарихы даму кезеңімен өлшенеді. Өткен кезең халыққа жеңіл тиген жоқ. Алдыңғы буын соғысты, да соғыстан кейінгі ауыртпалықты да, тың эпопеясын да, Одақ ыдыраған кезеңді де бастан өткерді. Жылдар бойы жинақталған тарих пен өмір тәжірибесін салмақтай отырып, өткен кезеңнің қарама-қайшылығын, жаңсақтық пен олқылықты бағалау жеңілірек. Дегенмен ақиқат пен әділдік тұрғысында назар салар болсақ – толымды табыс, биік меже, айтарлықтай жетістік байқалып жатты.
Өз тарихымызды бағалағанымыз орынды. Өйткені біз сырттай бақылаушы емеспіз, ажырамас бір бөлшегіміз. Ортақ үйіміздің ғұмырбаяны дәл осы оқиғалардан, ізгі амалдан қалыптасқан. Aры қарай оқу

ЖҮРЕКТЕРГЕ БІЛІМ НҰРЫН МОЛ СЕПКЕН

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Мерекелік газетімізді баспаға даярлаған сәтімізде, экономиканың түрлі саласында көпшілікке әйгіленген, баршаға сыйлы жандарды әңгімеге тартуды ұйғардық. Ағарту жүйесінде ұзақ жыл еңбек еткен, уақыт қиындығын баршамен бірлесе сәтімен еңсерген жерлесіміз Ғалия Сәлменқызы Сырымбетова өз естелігімен бөлісті. Ол кісі – «ҚР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалінің, «Ерейментау ауданының құрметті азаматы» атағының иегері.
-Мен бұл ауданға, Ерейментау қаласына, Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітіргеннен кейін 1970 жылы келдім. Еңбек жолымды осы қаланың №1 орта мектебінде қатардағы математика мұғалімі болып бастадым. Алғашқы күннен маған елгезек мамандармен: Балташ Сыздықұлы Дүйсеновпен, Елена Николаевна Османовамен әріптес болу бақыты бұйырыпты. Ол кісілер нағыз дарын иелері еді. Aры қарай оқу

АЛАСАРМАС БЕЛЕСІ СЫЙ-ҚҰРМЕТТІҢ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Күншалған ауылының байырғы тұрғыны Иван Яковлевич Богучарский, егде жасқа жетсе де, аға буын өкілі ретінде, әлі күнге дейін туған өңір өміріне белсене араласып келеді. Көпті көрген қос ана – Жаңыл Сағиқызы Нұралина мен Александра Федоровна Кулакованың ғұмырнамасы да елді мекеннің тарихымен тығыз байланысып жатыр. Кейіпкерлеріміздің жүріп өткен жолына үңілсеңіз – өмір үшін күрес ізін, жарқын болашаққа сенім нұрын, отбасы мен Отан игілігіне сіңірген игі еңбек лебін аңғарасыз.
Иван Яковлевич Богучарский 1925 жылдың 17 ақпанында туған. 1943 жылы бесінші армияның әскери трибуналы 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне үкім кескен. Уақыт жеңіл тиген жоқ, қанды соғыс қызып жатқан шақ. Сондықтан кез келген жаңсақ қадам үшін әскери кезең заңына сәйкес, әлде мерзімді жаза арқалатады, әлде ату жазасына іліктіріп жүре береді. Лагерьден кейін мерзімді жазаны Қарағанды облысында өтедім. 1952 жылы Ақмола облыстық милиция басқармасына жіберілдім. Aры қарай оқу

ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ҮЙДІ ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалар қарапайым тілмен әзірленбеген деседі. Ал олардың бір-бірін қалай жылдам алмастыратынын ескерсек – ізінше тағы да көптеген сауал туындап жатады. Біз жағдайды түзетуді, тұрғын үй бағдарламасына қатысты барлық қағидаларға мұқият зер салуды ұйғардық. Осы негізде сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Көшербайұлы Бәтеновты әңгімеге тарттық.
-Н.Б. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында бұл тақырып аясында оқырмандарға анықтама берген едім. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жобаланған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының кейбір жаңалығына тоқталғым келеді. Ол алдында қабылданған мемлекеттік және салалас құжаттарды: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын және 2020 жылға дейінгі өңірлердің даму бағдарламасын сүйемелдеудің жаңа тетігін бір арнаға тоғыстырады. Aры қарай оқу

ӨЛШЕУСІЗ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТТІ

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...
Күншалған ауылдық округінің бастамасымен «Мектепке жол» республикалық акциясына қатынасуға, бізде де жылдағыдай, белсенділік байқалды. Мектеп пен ауыл әкімдігі бірлесе отырып, шағын ауқатты отбасылардың балаларын қатарынан қалдырмаудың, қамкөңілсіз қалмай мектепке зор қуанышпен жіберудің қамын ойластырды. Қорытындылай келсе, 4 балаға демеушілік көмекпен мектепке жіберу ұйғарылды. Әр мекеме: Күншалған ауылдық округінің аппараты, әкім Айланыш Тілекберді және Күншалған орта мектебінің мұғалімдер ұжымы, басшысы Ораз Сетаев бір оқушыдан 2 балаға жәрдем көрсетсе, «Ақдім» ЖШС басшысы Бауыржан Аралтаев және «Нұр-Әли» ЖШС директоры Бекім Әкімов бір оқушыдан 2 балаға қуаныш сыйлады.
Жыл сайын өтетін республикалық акцияға аталмыш демеушілер ықыласпен көмек қолын созады. Осындай жомарт жандардың арқасында 1 қыркүйекте шәкірттеріміз толығымен оқуға баруға даяр болып мектеп есігін ашты. Демеушілерімізге алғысымызды айта келе, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
ГҮЛМИРА САҒЫНБАЕВА
Күншалған орта мектебінің
іс меңгерушісі

«ОТБАСЫ – ӨМІР АЯСЫ»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Облыс орталығы – Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында жас отбасылар арасында мақаламыздың тақырыбымен аттас конкурстың мәрелік кезеңі өтті. Игі шара Отбасы күнімен орайластырылды.

Ақмола облыстық Жастардың ресурстық орталығы үстіміздегі жылдың тамызы-қыркүйегі кезеңінде облыстық конкурс ұйымдастырды. Негізгі мақсаты рухани-өнегелілік құндылық қалыптастыруға, отбасылық құндылықты насихаттауға, жастардың әлеуметтік белсенділігін жандандыруға, мәдениетаралық ізгі амалға жағдай жасауға арналды. Aры қарай оқу

«БАТАЛЫ ҚҰЛ АРЫМАС…»

1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

Бата – ата-бабамыздан бүкіл ұрпақ-зәузатына мирас болған ең қастерлі құндылығымыз, халық ауыз әдебиетінің баға жеткісіз жанрларының бірі. Айтар ойы терең, ниеті түзу, мағынасы кең, сөзі нәрлі осы бір шағын шумақтың баршаға тигізер шарапаты мол. Бәрі-бәрі: алысқа шығатын жолаушы да, ел қорғайтын батыр да, ұзатылатын бойжеткен де, қай заманда болсын, ауыл ақасақалынан арнайы бата алған. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, қысқа сөзге сыйғызылған оң сапар, игі жақсылық, амандық-сәттілік тілегі әрбір жан иесіне ғұмырлық азық болған. Атышулы отыз жетінің зобалаңында жазықсыз қуғындалған белгілі қаламгер Ахмет Байтұрсыновтың батаны алғыстың нышаны ретінде бағалағанын бертін әдебиеттен, тарихтан естіп білдік. Шариғат жүзінде де бата-тілекте келтірілген әрбір жақсы сөзді періште: «Әмин» деп, құптап тұратынын аталарымыз да, имамдар да тілге тиек етіп келеді. Осылайша жамандықтан сақтандыруды, тек жақсылыққа бет бұруды меңзейді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған, Халықаралық отбасы күніне арналған «Ақ бата» сайысы ел ағаларының, көпті көрген үлкендердің назарын өзіне аудартты. Aры қарай оқу